Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды және
қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 648 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар мынадай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi берушi болып белгiленсiн:
1) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң әлемдiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық pecуpcтарға бiрiгуi мақсатында олардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
2) Республика Үкiметiнiң веб-порталдарын және мемлекеттiк органдардың веб-сайттарын құру мен техникалық сүйемелдеу;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына бiрiктiрiлетiн мемлекеттiк органдардың бағдарламалық-ақпараттық құралдарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету, ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерi мен дерекқорларын құру мен сүйемелдеу;
4) мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi қалыптастыру, дамыту, сүйемелдеу кезiнде жобаларды ұйымдық-техникалық қолдау және басқару;
5) бiрыңғай коммуникациялық ортаны және мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимыл жүйесiн құру мен техникалық қолдау;
6) Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және ақпараттық жүйелер депозитарийiн құру, сүйемелдеу және олардың жай-күйiнiң мониторингi;
7) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына бiрiктiрiлетiн ақпараттық жобаларға техникалық талдау жүргiзу;
8) мемлекеттiк органдар үшiн типтiк бағдарламалық қамтамасыз етудi құру және сүйемелдеу;
9) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде консалтингтiк қызметтер және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
10) Мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру саласындағы қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде жұмыстар жүргiзу.
2. "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмділiгi орталығы" акционерлiк қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар радиожиiлiк спекторы мониторингi мен радиоэлектрондық құралдар жүйесiн инженерлiк-техникалық сүйемелдеу қызметтерiн көрсету - республикалық радиожиiлiлiк тағайындаулардың дерекқорларын есепке алу және электромагниттiк үйлесiмдiлiктiң есептеулерi мен пеленгация және радиомониторингтiң бiрыңғай республикалық желiсi деректердi электронды түрде берудiң бөлiнген желiсiнiң жобасын әзiрлеу және енгiзу жөнiндегi берушi болып белгіленсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | | Д. Ахметов
|