Байланыс операторларының қалааралық қосылымдар мен өзара
байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң өзара трафигiне
секундалық тарифтеудi енгiзу туралы Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының
2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-ө, Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы
N 233-НҚ бірлескен бұйрығы
Осы редакция ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 22.09.04 ж. N 203-б, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 24.09.04 ж. N 390-НҚ Бірлескен бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 4.5 тармағына сәйкес бұйырамын:
1. 2004 жылғы 1 қазаннан барлық байланыс операторлары қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң трафигiн секундалық тарифтеуге көшсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi тарификация өлшемдерiнiң өзгеруiн ескере отырып, тарифтердiң бекiтiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. 2004 жылдың 1 қазанына дейiн байланыс операторлары аппараттық және бағдарламалық құралдарға таратылатын барлық сертификаттау рәсiмдерiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi Агенттiгiнiң Байланыс саласындағы мемлекеттiк саясат және қаржылық реттеу департаментi (А.А.Сейтiмбеков) осы бұйрықты белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Төрағасының Бiрiншi орынбасары Ж.Д.Ертiлесоваға және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігінің
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау
жөніндегі агенттігінің