3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында AҚТҚ инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету шараларын күшейту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: тиiмдi профилактикалық шараларды, бiрiншi кезекте АҚТҚ-ны жұқтыру қаупi бар адамдар арасында жүзеге асыру; бiрiншi кезекте тергеу қамауындағы адамдарды АҚТҚ инфекциясының алдын алу мәселелерi жөнiндегi ақпаратпен қамтамасыз ету, тергеу изоляторларын медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
P/c N | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Бағдарлама. лардың (кiшi бағ. дарламалар. дың) атауы | Бағдарламаны (кiшi бағдарлама. ны) iске асыру жөнiндегi іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 013 Тергеу изо. 5 атаулы буклет. Жыл Қазақстан ляторында тердi, 1 атаулы бойы Республи. ЖҚТБ iнде. плакаттарды касының тiне қарсы әзiрлеу. 210 Әдiлет әрекет бiрлiк былғары министрлігі, жасау (жасанды былғары) Қазақстан қолғаптарды, 20 Республикасы бiрлiк қорғаныш Әдiлет мини. экрандарын, 15000 стрлiгінiң бiрлiк медициналық Қылмыстық- қолғаптарды сатып атқару жүйесi алу. комитетi, Негiзгi жабдық. тергеу тарды: 1 бiрлiк изоляторлары құрғақтай қуыру шкафын, 5 бiрлiк автоклавтарды сатып алу. |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тергеу изоляторларында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына қарсы әрекет жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 10 сәуірдегі N 402 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына
189-3-қосымша
221 - Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Алматы қаласында 1800 орындық
тергеу изоляторын салу" деген
014 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 40 400 мың теңге (қырық миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қылмыстың жасалуына сезіктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: заңнамада белгiленген қылмыстың жасалуына күдiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың жағдайларын қамтамасыз ету үшiн материалдық-техникалық базасын құру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Алматы қаласында тергеу изоляторын салу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
P/c N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Бағдарлама- лардың (кiшi бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кiшi бағдарлама- ны) iске асыру жөнiндегi іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 014 Алматы Заңнамада белгi- Жыл Қазақстан қаласында ленген тәртiппен бойы Республи- 1800 жобалау-сметалық касының орындық құжаттамаға Әдiлет тергеу (ТЭО-ға мемлекет- министрлiгi, изоляторын тiк сараптаманың Қазақстан салу 2000 жылғы Республикасы 18 сәуiрдегi Әдiлет мини- N 5-24/2000 стрлiгiнiң қорытындысы) Қылмыстық- сәйкес Алматы атқару жүйесi қаласында тергеу комитетi, изоляторын салу оның аумақтық жөнiндегi органдары құрылыс-монтаждау жұмыстары |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы қаласындағы тергеу изоляторын пайдалануға енгiзу.