Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Өскемен
қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларға спорт резервiн сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгінiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне бекiтуге ұсынуды қамтамасыз етсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тізбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 519-4-жолмен толықтырылсын:
"519-4 "Олимпиадалық даярлау
орталығы" қазыналық кәсiпорны Өскемен қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 25-жолмен толықтырылсын:
"25. Өскемен қаласында "Олимпиадалық даярлау орталығы" қазыналық кәсiпорны".
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов
|