Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 қаңтардағы N 16 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 тамыздағы N 824 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 42-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов
|