5) барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң орындауы үшiн мiндеттi банк қызметi, банк және өзге де операцияларды, ақша төлемдерi мен аударымдарын есепке алу, автоматтандыру жүйелерi, валюта операцияларын жүзеге асыру мәселелерi және Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде айқындалған өкiлеттiктер шегiнде өзге де мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалайды;
6) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; касса операциялары; аударым операциялары; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң банк шоттары тапсырмалары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейф операциялары; ломбард операциялары; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау және жiберу; шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (қою) мен растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
7) банктерде операциялар жасауға сенiмхат беру тәртiбiн және нысанын белгiлейдi;
8) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жүйесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бухгалтерлiк есеп стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;
9) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, сондай-ақ олармен аффилиирленген тұлғалардың қаржы және өзге де есептерiнiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн белгiлейдi;
10) егер Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерiн және аударымдарын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асыратын банк шоттары бойынша төлем жасау кезектiлiгiн белгiлеуге құқылы;
11) банктердiң мiндеттемелерi бойынша төлем жасамауы тәуекелдерiн азайту, сондай-ақ банк салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн банктер беретiн кредиттердiң көлемдерiн реттеу мақсатында банктердiң қаражатын резервтейдi;
12) банктердiң операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi.
17. Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға жағдай жасайтын және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және оның қызметiне қатысады;
2) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансын және өз балансын жасайды және тұрақты түрде жариялайды;
3) елдiң есептiк төлем балансын жасайды және төлем балансының көрсеткiштерiне қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағалауды әзiрлеуге қатысады, мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ беймемлекеттiк сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады және елдiң жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады;
4) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
5) статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша статистикалық есептiлiк тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмiн белгiлейдi;
6) Қазақстан Республикасында банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жүйесi үшiн кадрлар даярлауды жүзеге асыруға қатысады;
7) өз функцияларын iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан), сондай-ақ Қазақстан Республикасында өз қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк компаниялардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен қажеттi ақпарат алуға құқылы;
8) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
9) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын, ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
10) бiрiншi сыныпты эмитенттердiң сауда көзiнен түскен, өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын вексельдерiн қайта есепке алады;
11) депозиттер қабылдайды, ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
12) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
13) сыртқы борышты басқарудың мемлекеттiк саясатына сәйкес банктер үшiн сыртқы заемдарды тарту көлемiне шектеулер енгiзедi;
14) банктердi, заңды және жеке тұлғаларды шарт жасау жағдайында қажеттi талдау, баспа және ақпарат материалдарымен қамтамасыз етедi, банк iсiн ұйымдастыруға консультациялық және iс жүзiнде көмек бередi және басқа да қызметтер көрсетедi;
15) ақылы негiзде банк операцияларын жүргiзедi және басқа да қызметтер көрсетедi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiнде қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қаржы министрлiгiне көрсетiлетiн банк және өзге де қызмет көрсету үшiн ақы алмайды;
16) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп санайтын депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
17) туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
18) чектер жазады және вексельдер бередi;
19) елтаңбалық қағаз шығаруға байланысты қызметке лицензиялар бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
20) егер бұған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тiкелей тыйым салынбаса, өз мiндеттерiне сәйкес өз атынан басқа да банк операцияларын, сондай-ақ мәмiлелердi жүзеге асырады;
21) оларды қарау Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес қарайды;
22) Қазақстан Ұлттық Банкiнің жүйесi үшін қызметкерлердi дайындау мен бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға қатысады;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтерi
18. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтері жарғылық және резервтiк капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, арнайы провизиялардан (резервтерден), сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) тұрады.
19. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылындағы таза кiрiсi осы қаржы жылына жататын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылған жұмсалмаған кiрiстің құралған сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банк активтерi бойынша құралған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған таза кiрiсi қажет болған кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және резервтiк капиталдарды түзуге жiберiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн, алынған таза кiрiстiң қалған бөлiгi келесi қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады.
Алынған пайда жарғылық және резервтiк капиталдарды түзу үшін жеткiлiксiз болған жағдайда құралған айырма Қазақстан Ұлттық Банкiнiң келесi қаржы жылдарындағы таза кiрiсi есебiнен өтеледi.
20. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және алынған таза кiрiстен шегерiмдер арқылы кемiнде 20 миллиард қазақстандық теңге мөлшерiнде түзiледi.
Қазақстанның Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындаған тәртiппен иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын дербес жүзеге асырады.
Резервтік капитал жарғылық капитал мөлшерiнде құралады, таза кiрiс есебiнен толықтырылады және Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртiппен жүргiзiлетiн операциялар бойынша шығасыны өтеу мен шығындардың орнын толтыруға ғана арналады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi шығыстары есебiнен кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және басқа да активтердi қоса алғанда, оның iшiнде аяқталмаған құрылыс көлемi, күмәндi және үмiтсiз талаптар, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң монетарлық емес қызметi бойынша басқа да талаптар және әлеуметтiк сипаттағы төлемдер бойынша арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен - банк активтерi бойынша жалпы провизиялар (резервтер) түзiледi.
Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан жұмсалмаған кiрiстi есепке алуға арналған. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi қазақстандық теңгенiң iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жасалған және пайдаланылады әрi мыналардан тұрады:
1) тазартылған алтын;
2) Қазақстан Республикасында сақталатын валюта құндылықтары;
3) шетел валютасындағы жай және аударым вексельдерi;
4) шетел үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздар;
5) осындай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда шетел валютасымен деноминацияланған басқа да сыртқы активтер.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын мақсаттарға пайдаланылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және оларды орналастыруды айқындайды.
4. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi
21. Қазақстанның Ұлттық Банкi тiкелей бағыну схемасы бар орталықтандырылған біртұтас құрылымды бiлдiредi.
Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымына департаменттерден және басқа бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппарат бөлiмшелерiнiң, өз филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының қызметтерiне аудиттi және тексерудi жүзеге асырады.
22. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бес лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiр өкiлi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң екi өкiлi кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнен және Қазақстанның Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
23. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының құзыретiне мыналар кiредi:
1) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын әзiрлеу;
2) банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есептiң, ақша төлемi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюта операцияларын жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырудың жекелеген мәселелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда қызметтiң өзге де түрлерiне қатысты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
3) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын, сондай-ақ дизайнын айқындау;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнама актiсiнде көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзу үшiн банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға лицензиялар беру туралы, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешiм қабылдау;
6) елтаңбалық қағаз шығаруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы шешiм қабылдау;
7) банктерде операциялар жасауға сенiмхат берудiң тәртiбiн және нысанын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау;
8) алтын-валюта активтерiн басқарудың негiзгi принциптерiн айқындау;
9) Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын айқындау тәртiбiн бекiту;
10) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есебiн қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
11) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi сату режимiн енгiзу және күшiн жою туралы шешiмдер қабылдау;
12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту;
13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық және резервтiк капиталдарын түзу, оның негiзгi құрал-жабдықтарын және өзге де мүлкiн, бюджетiн (шығыстар сметасын) пайдалану тәртiбi туралы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкi департаменттерiнiң директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерінің және ұйымдарының басшыларын бекiту;
14) Қазақстанның Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек шарттарын, ақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесi мен мөлшерлерiн айқындау және бекiту;
15) "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесiн қаржыландырудың жалпы сомасын аталған Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша бекiту;
16) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiмдер қабылдау;
17) Қазақстанның Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директораттың) құрамын бекiту;
18) олардың қызметiн реттеу мен қадағалау қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органға және Қазақстанның Ұлттық Банкiне жүктелген ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарларын, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есеп стандарттарын және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жүйесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiту;
19) банктер болып табылмайтын заңды тұлғаларға Қазақстанның Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын айқындау;
20) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптарды бекiту;
21) Қазақстанның Ұлттық Банкi берген заемдар бойынша банктердiң және басқа ұйымдардың Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы берешегiн қайта құрылымдау шарттарын айқындау;
22) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкi туралы ереженi қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
23) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таза кiрiсiн бөлу;
24) өкiлеттiгiне Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында жасалатын мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiк басқару бойынша шұғыл шешiмдер қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi) айқындау;
25) банктерге арналған резервтiк талаптардың нормативтерiн бекiту;
26) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын ескере отырып Қазақстанның Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясаты мен әдiстерiн айқындау;
27) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелерiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын есептi бекiту;
28) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну; 29) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару жөнiнде шұғыл шешiмдер қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (өкiлеттi өкiл) (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi) айқындау;
30) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы белгiленетiн шетел валюталарының тiзбесiн айқындау.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне кiретiн кез келген мәселенi қарауға және шешiм қабылдауға құқылы.
24. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары қажеттiгiне орай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Басқарма отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргiзедi. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Басқарма отырыстары өткiзiлетiн орынды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам белгiлейдi.
Басқарма отырыстары қажеттiгiне орай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Басқарма отырыстары соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам, не Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi аса шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырыстарын өткiзудi талап етуге құқылы.
Басқарма отырысына нақты мәселе бойынша қатыса алатын адамдар тобын (Басқарма мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айқындайды.
Басқарма шешiмi арасында Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам болуға тиiстi Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкiн.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Басқарма шешiмiн өзiнiң қарсылықтарымен бiрге қайталап талқылау және дауысқа салу үшiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма жалпы санының үштен екiсiне тең дауыспен бұрын қабылданған шешiмдi бекiтсе, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
Басқарманың жекелеген мүшелерiнiң тұрақты жұмыс орны Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппаратының орналасқан жерiне сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, сондай-ақ Басқарманың кейбiр мүшелерi қызметтiк iссапарларда болу немесе өзге де дәлелдi себептермен болмаған жағдайларда талқыланатын мәселелердi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы олармен телефон не басқа да байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесу арқылы келiсе алады. Қабылданған шешiм бойынша олардың кейiннен өз көзқарастарын растауы Басқарма қаулысына қол қою кезiнде ресiмделедi.
Басқарма өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Басқарма мүшелерiнiң Басқарма отырысы талқыланатын мәселе бойынша Басқарма отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрiлген және осы отырыс басталғанға дейiн шешiмiн таппаған, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының, не оның орнын басатын адамның шешiмi жөнiнде түбегейлi келiспеушiлiктерi болған жағдайда, Басқарма отырысында хаттама жүргiзiледi. Мұндай жағдайда Басқарма отырысы хатшысының жұмысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өзге де қызметкерiне жүктеуі мүмкiн.
Басқарма отырысына енгiзiлетiн мәселелер бойынша материалдар қаулыны шығаруға (ресiмдеуге) тiкелей жауап беретiн, оларды алдын ала қарау үшiн Басқарма мүшелерiне Басқарма отырысы басталғанға дейiн он күннен кешiктiрмей жiберетiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлiмшесiне берiледi. Басқарма Төрағасы материалдарды алдын ала қарауға неғұрлым қысқа мерзiм белгiлеуге құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының жұмыс тәртiбi оның регламентiмен айқындалады.
25. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiн оралымды басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретiне кiретiн мәселелердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзырындағы мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң отырысы қажеттiгiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң отырысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам жүргiзедi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Директорлар кеңесiнiң отырысы өтетiн орынды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам айқындайды.
Директорлар кеңесiнiң отырысы қажеттiгiне қарай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi отырысының соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы не оның орнындағы адам, не Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi неғұрлым шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Директорлар кеңесiнiң кезектен тыс отырысын шақыруды талап етуге құқылы.