Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен
капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияға қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 2 желтоқсандағы
N 1238 Жарлығы
Осы редакция 2004 ж. 2 наурыздағы N 1294 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы екi жақты байланыстарды тереңдету және экономикалық қатынастарды одан әрi дамыту үшiн құқықтық негiз жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенцияға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының