39. Егер бақылау-өлшеу құралдарының ақаулығының салдарынан шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда, тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
40. Орындаушының қызметiне электр энергиясын беру бойынша ақы төлеу жөнiндегi Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындау шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына немесе Тапсырысшыға жiберiлген хабарламада Орындаушы көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу болып танылады.
41. Тараптардың келiсiмi бойынша электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудiң өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн.
8. Тараптардың жауапкершілiгі
42. Шот бойынша төлем мерзiмi келген сәтте оны төлемегенi үшiн, Орындаушы Тапсырысшы төлемеген сомалар бойынша төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгі келесi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Орындаушы Тапсырысшыдан төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн Тапсырысшы ақшалай мiндеттемесiн iс жүзiнде орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасына сүйене отырып, есептелген тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы.
Шотты ол бойынша төлем мерзiмi келген сәттен бастап бiр ай iшiнде төлемеген жағдайда, Орындаушы осы Шарттың 28-тармағында белгiленген тәртiппен электр энергиясын шектеуге не тоқтатуға құқылы.
43. Есеп айырысу кезеңi iшiнде электр энергиясын берудiң iс жүзiндегi айлық көлемi Тараптармен келiсiлгеннен Орындаушының кiнәсi бойынша төмендеген кезде, соңғысы кез келген көздерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тапсырысшы электр энергиясын беру жөнiндегi қызмет көрсету құнының мөлшерiнде кем жеткiзiлген электр энергиясының көлемiне сүйене отырып, айыппұл салуға құқылы.
44. Егер энергия өндiрушi ұйым Тапсырысшының атына келiсiлгеннен төмен қуат берген жағдайда, онда Орындаушы сатушы берген қуатқа теңгерiлетiн шамаға дейiн Тапсырысшының атына берiлген қуатқа шектеу жүргiзедi.
45. Төлемегенi немесе уақтылы төлемегенi, сондай-ақ энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын/қуатын кем бергенi үшiн шектеу немесе ажыратып тастау кезiнде туындаған салдарға жауапкершiлiк толығымен Тапсырысшыға жүктеледi.
46. Шартта көзделмеген электр қуаты мен электр энергиясын берудiң үзiлiсi, тоқтатылуы немесе шектелуi үшiн Тапсырысшының алдындағы Орындаушының жауапкершiлігі осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
9. Форс-мажорлық жағдайлар
47. Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалдың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бiр де бiреуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш жағдайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттерден босатылмайды.
48. Егер Тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындауға шамасы келмейтiн болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
10. Басқа ережелер және дауларды шешу
49. Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi қызмет көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады.
50. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай немесе қандай да бiр мәселеге немесе Шарттың ережелерiне қатысты әрекетке байланысты туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушiлiк жағдайында Тараптардың кез келгенi басқа Тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы.
Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық күш-жігерін жұмсайды.
51. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауапкердiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге жағдайларда Тараптардың Шартты бұзуға құқығы бар.
52. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
53. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және шарт ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енедi.
11. Шарттың қолданылу мерзiмi
54. Шарт 200_ жылғы "__" 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "__ " 24-00 сағатты қоса қолданылады.
55. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бipeуi бұл туралы мәлiмдесе электр энергиясын беру көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.
12. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы:_________ | Тапсырысшы:___________ |