Оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 ж. 31 қазандағы N 1216 Жарлығы
Осы редакция 2004 ж. 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес және өзiнiң тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген оралмандар отбасыларының қоныс аударуы мен жайластырылуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ұсынған оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы 10000 отбасы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп:
1) көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде көшiрiп алуды жүзеге асырсын;
2) бiр ай мерзiмде аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды ескере отырып, оралмандарды орналастыру схемасын әзiрлесiн;
3) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 31 қазандағы
N 1216 Жарлығына
қосымша
Оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы (отбасы)
Облыстардың атауы | Иран Ислам Респуб- ликасы | Пәкстан Ислам Респуб- ликасы | Ау- ған- стан | | Мон- ғолия | Түрік Респуб- ликасы | Ресей Феде- рация- сы | Түр- кі- мен- стан | | ТМД- ның басқа елдері | Барлығы |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Шығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қызылорда Қостанай Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы Жиыны | 65 100 105 5 528 5 2 810 25 75 580 680 325 70 30 15 5 205 5 655 20 20 340 380 200 80 15 2 165 5 3 470 5 10 30 510 40 5 600 300 5 390 5 700 50 90 5 532 5 682 400 400 90 300 300 10 700 40 1 5 609 395 1050 100 250 400 750 80 380 287 3 750 20 50 10 20 1148 10 1258 10 5 10 5 23 5 2 60 10 5 10 5 5 13 5 2 55 40 20 50 666 620 50 1445 781 6216 78 34 10000 |