2002 жылы қаржылық шаруашылық қызметiнiң қорытындысы бойынша компания 364,9 млн.теңге сомаға таза табыс алды, бұл 2001 жылғы деңгейден 48,4 млн. теңгеге (15,3%-ке жоғары).
2003 жылы Компания электр энергиясын 25,6 млрд. квт. сағ. көлемiнде тарату жөнiнде қызмет көрсетудi жоспарлауда, бұл 2002 жылдың деңгейiнен 7,6%-ғa жоғары. Осындай өсу Қазақстанның Ресей Федерациясына электр энергияның экспорттық жеткiзуiнiң ұлғаюына байланысты болды.
2003 жылы негiзгi қызметтен компания 13440,3 млн.теңге мөлшерiндегi табыстарды жоспарлап отыр, бұл 2002 жылдың деңгейiнен 6,7 %-ға жоғары.
2003 жылғы негiзгi қызметтен түсетiн табыстардың ұлғаюы 2002 жылмен салыстырғанда, компанияның қызметтерге тарифтiң жаңа ставкаларын 01.01.03 ж. бастап бекiтiлуiне байланысты болды.
2003 жылы Компанияның шығыстары негiзгi қызмет бойынша 13205,0 млн. теңге мөлшерiнде жоспарлануда, ол 2002 жылдың деңгейiнен 8,3 %-ғa жоғары. Шығыстардың ұлғаюы ТМЦ жоспарланып отырған бағаның өсуiне және басқа ұйымдардың қызметiне, жұмыстардың көлемiнiң ұлғаюына, сондай-ақ жоспарланып отырған негiзгi қаражаттың енгiзiлуiне сәйкес амортизациялық аударымдар өсуiмен байланысты.
Компанияның негiзгi емес қызметi бойынша шығыстары 2003 жылы 580,5 млн. теңге мөлшерiнде жоспарлануда. Негiзгi емес қызмет бойынша шығыстарға Жамбыл ЖЭС жұмыс операторы функцияларын Компанияның орындауына байланысты шығындар енгiзiлдi.
2003 жылы компания кәдiмгi қызметiнен 321,9 млн. теңге таза табыс алуды жоспарлап отыр (оның iшiнде негiзгi қызметi бойынша 235,3 млн. теңге және негiзгi емес - 86,6 млн. теңге), оны дивидендтердi төлеуге, компанияны дамытуға және ХЖДБ және ЕЖДБ алдындағы мiндеттемелердi өтеу үшін резервтер құруға бағыттау жоспарланып отыр.
Қазақстанның энергожүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң сенiмдiлiгiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында компания ХЖДБ және ЕЖДБ заем қаражатын тарта отырып "Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желiсiн жаңғырту" жобасын iске асырып отыр.
Жобаның жалпы құны - 258,4 млн. АҚШ доллары. Жоба бойынша күрделi жұмсалымдардың жалпы көлемiнен 3021,6 млн.теңге кредит қаражаты және 1421,4 млн.теңге өз қаражаты игерiлдi. 2003 жылы "Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желiсiн жаңғырту" жобасын iске асыруға сыртқы заемдар қаражатынан 7392,1 млн. теңге, өз қаражатынан 4594,4 млн.теңге жұмсауды жоспарлап отыр. ХЖДБ және ЕЖДБ кредиттерi бойынша мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету мақсатында компания 2003 жылы проценттер төлемiн - 113,3 млн. теңге, мiндеттемелер бойынша комиссияға 68,37 млн.теңге, сыртқы заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ету үшiн резервтiк шотты толықтыруға - 111,05 млн.теңге. 2003 жылы компания "Солтүстiк Қазақстанның Оңтүстiгi" 500 кв. транзитiнiң екiншi желiсiн салу жобасын iске асыруды жоспарлап отыр. Осы мақсаттарға 2003 жылы 26 млн. АҚШ долларын жұмсау жоспарланып отыр.
"Қазпочта" ААҚ
Қазақстан почтасы қаржы ахуалының орнықтылығы мен тұрақты өсу сатысына сенiммен көшедi: почта байланысының сапасы бiртiндеп жақсартуда, почта-қаржылық қызмет көрсетулер аймағы кеңеюде, қазiргi заманғы коммерциялық қызмет көрсетулер дамуда.
2001-2002 жылдар кезеңiнде ақылы шығыс почта алмасу өсiмiнiң позитивтi тенденциясы байқалды. 2002 жылы почта жөнелтiмдерiнiң жалпы саны 109,8 млн. бiрлiктi құрады және 2001 жылға қатысты 12 % өстi. 2003 жылы ақылы шығыс почта алмасу көлемiн 4,5 млн. бiрлiкке немесе 2002 жылдың деңгейiмен 4 % көбейту күтiледi.
Өңделген жазбаша қатынастар мен кезеңдi басылымдардың жалпы санында неғұрлым үлес салмағын жазылу және кезеңдi басылымды iске асыру (85 %) алады, жазбаша қатынас 14 % құрайды.
Қоғамның зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша функцияларды бiртiндеп қайтару нәтижесiнде 2002 жыл үшiн төленген зейнетақылардың, жәрдемақылардың және адрестi әлеуметтiк көмектiң жалпы саны 2001 жылдың деңгейiн 18,8 % көтерген 66,8 млрд. теңге сомасындағы 18,2 млн. бiрлiктi құрады. 2003 жылы зейнетақы мен жәрдемақы төлеудiң 73 млрд. теңге сомасындағы 18,9 млн. бiрлiк саны күтiледi.
2002 жылы қабылданған почта арқылы жiберiлген ақша 0,75 млн. бiрлiктi құрады, 2001 жылдың деңгейiнен 4,1 млрд. теңгенi құрап, 4% ұлғайтты, 2003 жылы қабылданған почта арқылы жiберiлген ақша 12,2%-ғa почта арқылы жiберiлген ақша сомасының өсуiмен 0,76 млн. бiрлiктi құрайды.
Тиiмдi жұмыс iстейтiн отандық почта-жинақтаушы жүйенi қалыптастыруға бағытталған қызметтi жандандыру нәтижесiнде компанияның қаржылық жай-күйi бiршама жақсарды. Қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижесi бойынша 2002 жылы Қоғамның жиынтық табыстары 2001 жылдың көрсеткiштерiмен салыстырғанда 15,8 % өсiп, 4123,8 млн. теңгенi құрады. Жиынтық шығыстар 2002 жылы 2001 жылдың деңгейiнен 15,3 % асыра отырып, 3947,1 млн. теңгенi құрады. 2002 жыл үшiн Қоғамның таза табысы 2001 жылдың деңгейiнен 16,4 % немесе 18,2 млн. теңгеге асыра отырып, 128,9 млн. теңгенi құрады.
2003 жылы 2002 жылдың деңгейiмен салыстырғанда жиынтық табыс 13% өсiп, 4660,9 млн. теңгенi құрайды деп күтiледi, жиынтық шығыстардың деңгейi 13,6 % немесе 538,2 өседi, таза табыс 0,1 % немесе 0,2 млн. теңгеге өседi.
"Қазақтелеком" ААҚ
2001-2003 жылдары "Қазақтелеком" ААҚ жоғарғы өндiрiстiк және қаржы көрсеткiштерi байқалды.
Қалааралық, халықаралық сөйлесулер бойынша 2001 жылғы өсiм 2000 жылмен салыстырғанда 30% құрады. Смарт-карт өткiзу, деректер беру желiлерiнiң қызмет көрсетулерi, Кulan желiсi бойынша табыстар сияқты жаңа қызмет көрсетулер бойынша айрықша өсiм байқалды.
2001 жылы таза табыс 2000 жылдың деңгейiнен 3 eceгe аса отырып, 8,6 млрд. теңгенi құрады. 2002 жылғы 15 мамырдағы акционерлердiң жылдық жалпы жиналысында 2001 жылдың қорытындысы бойынша таза табыстан 20 % мөлшерде жай акцияларға дивидендтер төлеу жөнiндегi шешiмдер қабылданды.
2002 жылы "Қазақтелеком" ААҚ серпiндi дамыту жөнiндегi оң үрдiстер нығайтылды. Көптеген жоспарланған өндiрiстiк және қаржы көрсеткiштерi асыра орындалды.
Жергiлiктi желiлердi жаңғырту жөнiндегi жұмыстар жалғастырылды. Облысқа бағынышты облыс орталықтары мен қалаларда сандық ATC орнатылды. Қалалық телефон станцияларында, аймақтық желiлерде сандық ATC пайдаланылуға жiберiлдi.
"Қазақтелеком" ААҚ-нда 2002 жылы мерзiмдiк есептi жаппай енгiзу жөнiндегi жұмыстар жалғастырылды. Тараз, Өскемен, Орал, Павлодар, Ақтау, Петропавловск, Атырау, Қостанай және Көкшетау қалаларында аналогтық АТС-ды мерзiмдi есептеу жабдықтары тәжiрибелiк пайдалануға қабылданды.
2002 жылы таза табыс 2001 жылдың деңгейiнен 1,4 есеге жоғары 11 761 млн. теңге сомасында алынды.
2003 жылға қалааралық, халықаралық телефон кестелерi 1499,3 млн. минутқа жоспарланған, оның iшiнде мынадай бағыттар бойынша:
Қазақстан Республикасы - 1377,1 млн. минут, ТМД мемлекеттерi бойынша - 108,8 млн. минут, алыс шет елдер бойынша - 13,4 млн. минут.
2003 жылы болжанған таза табыс сомасы 10 312 млн. теңгенi құрайды.
Инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру сыртқы заемдар есебiнен (16111 млн. теңге) және меншiктi қаражатты пайдалану жолымен (7072 млн. теңге) қамтамасыз етудi көздейдi. Инвестициялар жергiлiктi телекоммуникация желiлерiн жаңғырту мен дамытуға, Шығыс ВОЛС сауды аяқтауға, 68 Мбит/с дейiн Интернетке сыртқы каналдың жалпы сыйымдылығын өсiрумен деректер беру желiлерiн дамытуға жұмсалу көзделедi.
2002 жылғы қорытынды бойынша дивидендтер төлеу жай акциялар бойынша 3,24 млрд. теңге мөлшерiнде, оның iшiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiне - 1,8 млрд. теңге болжанады.
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2001 жылы жүк айналымы 2000 жылмен салыстырғанда 10 670 млн. т-км немесе 8,6 % өстi. Бұған 2001 жылғы Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк өнiмдер өндiрiсi көлемiнiң 2000 жылмен салыстырғанда 13,5% өсуiмен ықпал етедi.
2002 жылы жүк айналымы 2001 жылмен салыстырғанда 2565 млн. т-км немесе 2 % төмендедi. Жүк айналымының төмендеуi көмiр мен мұнай тиелiмi көлемiнiң төмендеуiмен байланысты.
2002 жылы жолаушы айналымы 2001 жылмен салыстырғанда 65,2 млн. пасс-ки немесе 0,6 % өстi. Жолаушылар айналымының өсiмi жолаушылар санын 4,1% (877 мың адам) төмендету кезiнде орташа қашықтықтан жолаушыларды тасымалдауды өсiрумен шарттастырылған.
2002 жылғы қорытынды бойынша таза табыс 3 723 млн. теңгеге (32 %) 2001 жылдың деңгейiнен жоғары 15 325 млн. теңгенi құрады.
2003 жылғы болжанған жүк айналымы есебiнен 1,9 %-ға 2002 жылдың деңгейiнен жоғары 165 974 мың теңге құрайтын жүк тиеу көлемi өсiмiнiң 138 662 млн. т-км (2002 жылмен салыстырғанда 4,2 % өстi) құрайды.
2003 жылғы қорытынды бойынша 5 354 млн. теңге мөлшерiнде оң қаржы нәтижелерi күтiледi.
2003 жылы "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ инвестициялық бюджетi 42255 млн. теңге көлемiнде, олардың 7 518 млн. теңге сыртқы заемдар есебiнен, 34 737 млн. теңге меншiктi қаражаты есебiнен жоспарланады.
Инвестициялық қызметте бас темiр жол желiлерi инфрақұрылымының объектiлерiн қалпына келтiру басты орын алады. Осы жобаны iске асыруға 23 639,0 млн. теңге немесе 2003 жылғы жалпы инвестиция көлемiнен 55,9 % жiберу жоспарланады. Ақпараттандыру және байланысты дамытуға 4 137,7 млн. теңге немесе инвестицияның жалпы көлемiнiң 9,8 % жiберу жоспарланады. Сондай-ақ жылжымалы составты жаңартудың өткiр проблемасы тұр. Локомотивтiк парктi жаңартуға инвестиция көлемi 2 962,4 млн. теңгенi немесе жалпы инвестиция көлемiнiң 7 % құрайды. Вагон паркiн жаңартуға инвестицияның жалпы көлемi 3 429,3 млн. теңгенi немесе инвестицияның жалпы көлемiнiң 8,1 % құрайды, оның iшiнде 2 785,3 млн. теңге - 840 жүк таситын вагондарды сатып алуға, 644 млн. теңге - қызмет мерзiмiн ұзартумен вагон паркiн күрделi-қалпына келтiрiп жөндеуге (1322 жартылай вагондар).
Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстар мен импорт алмастырушы жаңа өндiрiстердi құруға жалпы инвестициялар 724,5 млн. теңгенi немесе жалпы инвестиция көлемiнiң 1,7 % құрайды.
"Казаэронавигация" РМК
2001-2002 жылдың қорытындысы бойынша кәсiпорынның қаржы-экономикалық қызметi АҚШ-та 2001 жылғы қыркүйектегi уақиғаның салдарына, және оның артынша дүниежүзiлiк әуе саласының қаржы дағдарысына көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң төмендеуiмен сипатталады.
Кәсiпорын бойынша барлық өндiрiстiк көрсеткiштер:
ұшақ-километр 2001 жыл үшiн - 92,6 млн. км, 2002 жыл үшiн - 105,4 млн. км және 2003 жылы - 94 млн.км деңгейге жоспарланған.
Ұшақтың бiр рейсiнiң тоннажы 2001 жыл үшiн - 1 630 мың тонна, 2002 жыл үшiн - 1 394 млн. тонна және 2003 жылы - 1 540 мың тонна деңгейге жоспарланған.
Кәсiпорынның өндiрiстiк-қаржылық қызметiнiң нәтижесi бойынша салық салуға дейiнгi табыс 2001 жылы 2 576 млн. теңгенi, 2002 жылы 3 196 млн. теңгенi құрап, 2003 жылға 1 203 млн. теңге деңгейiне жоспарланды. Таза табыс сәйкесiнше 1 615 млн. теңге, 2 156 млн. теңге және 613 млн. теңге болды.
Кәсiпорынның дебиторлық берешегi 2001-2003 жылдарға жыл сайынғы орта есеппен 4 100 млн. теңгенi құрады. Кәсiпорынның негiзгi борышкерi "Эйр Қазақстан" болып табылады, компанияға көрсетiлген қаржы көмегiнiң сомасы 1485 млн. теңгенi және AHO қызметтерi үшiн берешек - 582 млн. теңгенi құрады.
Кәсiпорынның кредиторлық берешегi 2001 жылы - 2 931 млн. теңгенi, 2002 жылы - 2 346 млн. теңгенi құрап, 2003 жылы - 3 470 млн. теңге деңгейiне жоспарланды.
IIБ-нiң ескiрген жабдықтарын ауыстыру және оның басты параметрлерiн халықаралық әуе талаптарымен сәйкестендiру басты мақсаты болып табылатын Қазақстан Республикасының AHС елеулi жаңғыртуға жеттi.
Осы жылдар бойы аудандық iшкi iстер бөлiмiнде АНО-ны радиотехникалық қамтамасыз етудi жақсарту үшiн мынадай жұмыстар жасалды:
Алматы мен Ақтөбеде IIБ-ның АС тpacca орталықтары, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында IIБ-ның АС әуежай орталықтары орнатылды;
жұмысқа 13 қосалқы радиолокациондық кешендер енгiзiлдi;
"Синтез-АРМ-Р" көрсететiн қазiргi заманғы құрылғы, дербес компьютерлер базасында "Синтез-АРМ-А" орнатылды және басқада шаралар қатары аяқталды.
Инвестициялық қызмет шеңберiнде аэронавигациялық жүйенi дамыту үшiн кәсiпорын жалпы алғанда 2001 жылы 2 545 млн. теңге, 2002 жылы - 2 964 млн. теңге жiбердi және 2003 жылы 3 914 млн. теңге мөлшерi жоспарлануда.
2002 жылдары инвестициялар меншiктi қаражат есебiнен жүзеге асырылды, 2003 жылы инвестициялық жобаны қаржыландыру үшiн кәсiпорынға ұзақ мерзiмдi банк кредитi талап етiледi.
"Ақтау теңiз сауда айлағы" РМК
2001 жыл бойы кәсiпорыннан 5701,8 мың тонна жүк, оның iшiнде 4325,6 мың тонна мұнай және паром арқылы тасымалдау мен астықты қоса есептегенде 1376,2 мың тонна құрғақ жүктер өткiзiлдi.
Ақтау портын одан әрi жаңғырту шеңберiнде мынадай жобалар iске асырылды:
Астық терминалының құрылысы (жеке отандық инвесторлардың тiкелей инвестициялық есебiнен);
қолданыстағы жолаушылар тасымалы және көлiк құралдары тасымалдарымен қатар тасымалдайтын жүктер номенклатурасын кеңейтуге, Ақтау, Баку бағыты бойынша пароммен жүктердiң толықтай тасымалын жүзеге асыруға, жүктерді тасымалдау мерзiмiн қысқартуға және тұтастай алғанда экспорттық-импорттық операциялар көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк берген темiржол паром кешенi қайта құрылып, пайдалануға берiлдi.
2002 жылы 3413,9 мың тонна жүк, оның iшiнде 2016,6 мың тонна мұнай және паром тасымалы мен астықты қосқанда 1397,3 мың тонна құрғақ жүк өткiзiлдi. N 4, 9 мұнай айлағын жалға берумен байланысты, жалпы жүктi ауыстырып тиеу 2001 жылмен салыстырғанда 40,1%-ке төмендедi.
2002 жылы Ақтау айлағы арқылы металл өнiмдерiн өткiзу көлемiнiң төмендеуiнiң басты факторлары болып мыналар табылады:
сату рыноктарының жолығуымен байланысты қара металдар рыногында дүниежүзiлiк дағдарыс.
Иран, Ресей, Қазақстан, Украина металл өнiмдерi комбинаттарына әкелiнген кедендiк баждардың жоғарлауымен байланысты "Испат-Кармет" комбинаты өндiрiсiнiң металл өнiмдерiнiң жүк тасқынының төмендеуi;
Ресей Федерациясы Үкiметi жүргiзген қолдампаздық саясаттың, сондай-ақ Ақтау айлағы арқылы тасымалдау кезiнде кемсiтушілiк тарифтiк режимдi кiргiзу салдарынан ресейлiк комбинаттардың металл өнiмдерiнiң жүк тасқынын қайта бағдарлау.
2002 жылы Ақтау теңiз айлағы бойынша негiзгi капиталға инвестициялар меншiктi қаражат есебiнен 233,4 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде құрылыс пен қайта құруға - 32,5 млн. теңге, жабдықтарды сатып алуға - 195,5 млн. теңге, материалдық емес активтердi сатып алуға - 5,4 млн. теңге.
2003 жылға жүктердi жалпы ауыстырып тиеу 3724,7 мың тонна немесе 2002 жылдың деңгейiнен 9,1 %-ке өсу мөлшерiмен болжанады.
Таза табыс 614,1 млн. теңгенi құрайды немесе 2002 жылға қарағанда 9,7 %-ғa артық болады.
Негiзгi капиталға инвестициялар 545,9 млн. теңгенi құрайды. Көрсетiлген қаражаттар айлақтық құрылыстар мен ғимараттарды салуға және қайта құруға, жабдықтарды сатып алуға, жобалық жұмыстарды жүргiзуге, негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге, материалдық емес активтердi сатып алуға бағытталатын болады.
"Халықаралық Астана әуежайы" ЖАҚ
2001-2002 жылдарда қоғамдар қызметiнiң нәтижесi өндiрiстiк көрсеткiштердiң өсу тенденциясымен сипатталады. Осылайша өткен жылмен салыстырғанда әуе тасымалы көлемiнiң өсуi рейстердi жөнелту көрсеткiшi бойынша 2001 жылы 10 %-ды және 2002 жылы 12%-ды құрады.
2002 жылы күтiлетiн рейстердi жөнелту көлемi өткен кезеңнiң көрсеткiштерiн 12 %-ға арттыратын 4 962 құрады. 2003 жылы жоспарланған рейстердi жөнелту көлемi 2002 жылға қарағанда 10 %-ға артық болатын 5458 рейсті құрайды.
Тасымалданған жолаушылар саны 2002 жылы 1 55 853 адамды, 2003 жылы 178 560 адамды құрады. Жөнелтiлген жануарлардың жалпы көлемiнiң 77%-ын iшкi желiлер және 23 %-ын халықаралық тасымалдау жолаушылары құрайды.
Әуежайдың инвестициялық бағдарламасы шеңберiнде негiзгi қорларды жөндеу және айырбастау (арнайы техникалар, жабдықтар, желiлер, ұшу-қону жолағы) жөнiндегi жұмыстарды орындау болжанады. Қазiргi кезде қайтадан сатып алынған техникалар, техникалық парк, жабдықтар, электрмен қамту, жылумен қамту және сумен жабдықтау объектiлерi 83 %-тен астам тозған. Осы жағдайды ескере отырып, 2002 жылы негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алуға инвестицияларға қажеттiлiк 118 млн. теңгенi құрады.
"Қазинфром" ҰК" ААҚ
"(Қазинфром) қазақ ұлттық агенттiгi" Ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы жарғылық капиталға мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуымен, "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазАА)" республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылға 8 қарашадағы N 1186 қаулысына сәйкес құрылды.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшерi 4276 мың теңгенi құрайды.
2001-2003 жылдар кезеңiндегi Қоғамның өндiрiстiк-қаржы қызметiнiң нәтижесiн талдау мыналарды көрсетедi.
2001 жылғы жұмыстың қорытындысы бойынша негiзгi қызметтен алынған табыс - 23069,82 мың теңгенi, шығыс бөлiгi - 20363,21 мың теңгенi, компанияның таза табысы - 2706,61 мың теңгенi құрады.
2002 жылы табыстың төмендеуiне 2001 жылмен салыстырғанда 1052 мың теңгеге немесе 4,6 %-ға жол берiлдi. Осылайша табыстың төмендеуi кезiнде 1826,25 мың теңге мөлшерiнде залалды нәтижеге берiп, шығыстар 3481 мың теңгеге өстi.
2003 жылы негiзгi қызметтен алынған табыс 2002 жылдан 30 %-ға төмен болатын, 13,7 млн. теңге сомасында деп күтiледi.
Осыған байланысты 1680,58 мың теңге сомасында залал болжанады.
Қаржылық сауықтыру және тұрақтандыру мақсатында маркетингтiң жаңа тұжырымдамасы, шығындар құрылымының түбегейлi өзгеруi мен негiзгi қорларды қайта техникалық жасақтандыру есебiнен клиент топтарын кеңейту жолымен, ұсынылатын өнiмдердiң сапасы мен санын қарастыратын компанияны реформалау жөнiндегi шаралар байқалады.
Инвестициялардың айрықша көлемi корреспонденттiк бекеттердiң желiлерiн салуға, негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алуға, ТЭО әзiрлеудi бастапқы қаржыландыруға және Астана қаласында халықаралық ақпараттық орталық салуға арналған жобалық құжаттамаға жұмсалады деп көзделедi.
2004-2006 жылдарға арналған перспективалар
"ҚазМұнайГаз" ҰК"
Миссиясы, мақсаттары мен мiндеттерi
Компанияның миссиясы - тұрақты экономикалық өсiмге қол жеткiзу және Қазақстан халқының тұрмыс сапасын жақсарту үшiн мұнай газ кешенiнiң үйлесiмдi, тиiмдi және транспаренттiк дамуын қамтамасыз ету.
Өмiрде миссияны iске асыру үшiн Компания өз алдына мынадай ұзақ мерзiмдi стратегиялық мақсаттар қояды:
жер қойнауын ұтымды пайдалану және жоғарғы экологиялық стандарттарды сақтау;
мұнай газ кешенi салалары үшiн бiлiктiлiгi жоғары басқарушылық, инженерлiк-техникалық және жұмысшы кадрларын дайындау;
мұнай химия және энергетика өнiмдерi бойынша мұнай газ кешенi үшiн өнiмдер мен қызметтер бойынша импорт алмасу;
экспорттық көмiрсутегiлерiн әртараптандырылған тасымалдау;
негiзгi қорларды, технологияны жаңарту мен ресурстap базасын дамытуда инвестицияларды басқару.
2004 жылдан бастап 2006 жылға дейiнгi кезеңде Компанияның негiзгi қызметi мынадай негiзгi мiндеттерге шоғырланады:
мұнай өндiру деңгейiн сақтау және ұлғайту;
жаңа кен орындарын дайындау және оны қатарға енгiзу;
iшкi және сыртқы рынокта мұнай өнiмдерiн ұқсату және өткiзу жүйесін дамыту;
экспорттық қуатын кеңейту;
қолда бар труба құбырлары жүйесiн оның жұмыс қабiлеттiлiгiн сақтау үшiн қалпына келтiру және жаңғырту, ұсынған қызмет көрсетулердiң тиiмдiлiгiн арттыру, көмiрсутектi шикiзатты және суды тасымалдауға арналған шығындарды азайту, сондай-ақ бар жүйенiң қауiпсiздiгi мен сенiмдiлiгiн арттыру;
баға белгiлеуде икемдi тәсiлдi қамтамасыз ету үшiн тарифтiк әдiснаманы одан әрi дамыту;
Компанияның қаржы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
Стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Компания бiрқатар даму кезеңдерiнен өтедi. 2004-2006 жылдар кезеңi - бiрiншi кезең. Осы кезеңнiң басты мазмұны Қазақстанның мұнай газ кешенiн ықпалдастыру болады:
еншiлес (тәуелдi) ұйымдарды корпоративтi қайта құрылымдау аяқталады; Компания тарапынан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң мониторингi күшейедi;
өкiлеттi орган ретiнде өнiмдердi бөлу туралы келiсімдерде Компанияның функциялары анықталады;
Атырау МӨЗ қайта құру аяқталады;
Каспий теңiз қайраңының қазақстандық секторының неғұрлым перспективалы учаскелерiн алдын ала барлау аяқталады;
Газ кен орындарының игеру Амангелдi тобын жалғастырылады. Қарастырылған кезең iшiнде дүниежүзiлiк мұнай рыногында өзара қарым-қатынас құрылымын өзгертуге, КТК жүйесi бойынша мұнай экспорты мен транзитi мәселелерiне, залалды өндiрiстердi жою және кәсiпорын құрылымын оңтайландыру есебiнен өндiрiс құнын төмендету қажеттiгiне, мұнай өндiру өңiрлерiндегi экологиялық проблемалардың шиеленiсуiне байланысты проблемаларды шешу тұр.
2005 жылы мұнай өндiру 9,9 млн. тоннаға, ал 2006 жылы - 9,7 млн. тоннаға жетедi деп жоспарлануда.
Атырау МӨЗ мұнаймен жүктеу жыл сайын 1700 мың тонна деңгейiнде жоспарланады.
2005 жылы мұнайды тасымалдау көлемi 2006 жылы 46,2 млн. тоннаға ұлғаюымен 44,8 млн. тонна деңгейiнде жоспарлануда.
Компания бойынша iлеспе газды өндiру көлемi 2005 жылы 1,55 млрд. куб.м. құрайды.
Компанияның жиынтық таза табысы 2004 жылы - 69 млрд. теңгеге және 2006 жылы - 70,9 млрд. теңге жоспарлануда.
Мұнайды өткiзу барлық мынадай үш дәстүрлi бағыт бойынша жүзеге асырылады: iшкi рынок (АМӨЗ), жақын және алыс шетелдерге экспорт, АМӨЗ және алыс шетелдерге жеткiзу басымдылық сипатқа ие болады. Алыс шетелдерге экспорт шығару 2001 жылы 2,4 млн. тоннадан 2005 жылы 5.9 млн. тоннаға дейiн ұлғаяды.
Негiзгi инвестициялық жобалардың бiр қатарын iске асыру, соның iшiнде мыналар:
Өзен мұнай кен орнын қалпына келтiру жобасы (жобаның жалпы құны 109 млн.$);
Атырау МӨЗ қайта құру жобасы (308 млн.$);
"ҚазТрансОйл" ЖАҚ-на SCADA жүйесiн енгiзу жобасы (43 млн. $);
Газ кен орындарының Амангелдi тобын игеру (17 млн. $);
Атырау қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта құру жобасы (25 млн. $) жоспарланады.
Батыс фирмаларының құрамында уран бар қалдықтарын қайта өңдеу жөнiндегi қызметтердi дамыту:
алыс шетел рыноктарына табиғи уран өнiмдерiмен шығу - 500 тонна/жыл көлемiнде - уран диоксидының ұнтағы және "САNDU" үлгiлiк реакторы үшiн жылу таблеткалары;
жылу бөлетiн өндiрiс жолымен шетел фирмаларының оңай енетiн реакторлары үшiн төмен байытылған уран рыногына шығу.
Бериллиев өндiрiсiн дамыту бойынша:
карботермикалық тәсiлмен мыс-бериллев лигатурасы және бериллев қола өндiрiсi бойынша учаскелер құру;
концентраттан бериллия гидроксидын алу бойынша гидрометаллургиялық бөлiстердi қалпына келтiру;
химикалық-металлургиялық қайта бөлудi қалпына келтiру және ұлғайту.
Тантало-ниобиев өндiрiсiн дамыту бойынша:
ниобиидiң тазартылған гидроокисi түрiндегi дайын өнiмдi алумен қозғалыстағы өндiрiске бiртiндеп қайта құру жүргiзу;
жаңа ұрпақтың конденсаторлары үшiн сыйымдылығы жоғары танталды ұнтақтар мен созбұйда өндiрiсiнiң технологиясын құру;
шикiзаттың меншiктi көздерiн iздеу.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жолдары 2004-2006 жылдары мыналарды шешу көзделедi:
аса жоғары бөлiстер өнiмдерiн шығаруда өндiрiстi қайта бағдарлау;
өнiмнiң өндiрiсi мен экспорт көлемiн арттыру;
жоғары сұранысқа ие болған өнiмдердi өткiзудiң дүниежүзiлiк жаңа рыноктарына шығу.
2006 жылға дейiн негiзгi капиталға 30,6 млрд. теңге инвестициялау.
"Азық-түлiктік келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ
Мақсаттар мен мiндеттер
2004-2006 жылдары елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету компанияның негiзгi мақсатына жатады.
Компанияның негiзi мiндетi мыналар болып табылады:
мемлекеттiк астық ресурстарын сақтауды және жаңартуды қамтамасыз ету;
астыққа бағаның iшкi конъюнктурасы мен оның өңдеушi өнiмдерiн реттеу.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жолдары
2004-2006 жылдары мынадай шаралар көзделедi:
тұқымдық материалдар сапасын жақсарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
жемшөптiк дәндердiң мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру;
азық-түлiк дәндерiнiң мемлекеттiк резервiн сақтаудың сенiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк элеваторлар желiлерiн дамыту, олардың материалдық-техникалық базаларын нығайту, оларға азық-түлiк дәндерiнiң мемлекеттiк резервi мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң дәндерiн орналастыру;
қазақстандық астықты, оның iшiнде оны тасымалдау жөнiндегi проблемаларды шешу жолымен өткiзудiң тиiмдiлiгiн жоғарылату;
астық өңдеушi ұйымдарға дәндердi өткiзу тәртiбiн, оның уақытылы және тиiмдi өткiзiлуiн қамтамасыз ету мақсатында жетiлдiру;
халықаралық рынокқа қазақстандық астықты жылжыту мынадай жолмен:
2004 жылы жалпы кiрiс 12208,63 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланған, оның iшiнде:
мемлекеттiк астық ресурстары бойынша табыстар - 11743,08 млн. теңге; меншiктi қызмет бойынша кiрiстер - 465,55 млн. теңге.
2004 жылы бюджетке акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне 41,27 млн. теңге көлемiнде дивидендтер аудару жоспарланады.