Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
корреспонденттiк шоттары бойынша төлем лимитiнiң мөлшерi туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 ж. 25 шілдедегі N 236 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң (бұдан әрi банктер) арасында, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - банктiк емес ұйымдар) арасында ашылған корреспонденттiк шоттар бойынша төлемдердi жүзеге асырған кезде туындайтын тәуекелдердi басқару мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Банктiң және банктiк емес ұйымның осы банк немесе банктiк емес ұйым және оның қарсы әрiптесi арасында ашылған корреспонденттiк шоттары арқылы ағымдағы айда жүзеге асырылатын төлемiнiң көлемi өткен ай үшiн "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының төлем жүйелерi арқылы жүзеге асырылған банктiң және банктiк емес ұйымның жiберiлетiн қолма-қол ақшасыз төлемнiң жалпы көлемiнiң 5%-тен аспайтын мөлшерде белгiленсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Ұлттық Банк