Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң кейбiр
республикалық мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 774 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Республикалық қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаты" және "О.Жәутiков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты" және "О.Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмнiң реттiк нөмiрлерi 164, 165-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"164. Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты
"165. О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты".
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов
|