"Қазақ Суарнажоба" мемлекеттiк жобалау институты" мемлекеттiк кәсіпорнын
қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28
шілдедегі N 752 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақ Суарнажоба" мемлекеттiк жобалау институты" мемлекеттiк кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны ("Суарнажоба ҚазмемҒЗЖIИ" РМК) (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi заңнамаға сәйкес:
1) кәсіпорынның Жарғысын бекiту кезiнде елдi мекендер мен инфрақұрылымның тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн инженерлiк жүйелердi жетілдіру, сумен жабдықтау, кәрiз және онымен байланысты гидротехникалық құрылыстар, қалдықтарды жою мен көму жүйелерiн инженерлiк iздестiру және жобалау мәселелерi бойынша ғылым саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп айқындасын;
2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр қаулыларына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 48-2-жолмен толықтырылсын:
"48-2 Шаруашылық жүргiзу құқығындағы Алматы қаласы
"Суарнажоба" Қазақ мемлекеттiк
ғылыми-зерттеу және жобалау-
iздестiру институты" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
("Суарнажоба ҚазмемҒЗЖIИ" РМК) ";
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 3-жолмен толықтырылсын:
"3. "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) ("Суарнажоба ҚазмемҒЗЖIИ" РМК), Алматы қаласы".
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов
|