2-бағанда алушылардың атауы көрсетiледi;
3-бағанда күнiне алушылардың орташа саны көрсетiледi;
4-бағанда мекеменің бiр жылда жұмыс iстеу күндерi көрсетiледi;
5-бағанда заңнамада белгіленген күнiне 1 бiрлiкке дәрi-дәрмектер босатудың нормасы көрсетiледi;
6-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес шығындардың сомасы анықталады.
02-132-нысаны (27 қосымша) денсаулық сақтау стационарлық мекемелерiнде дәрi-дәрмектерге арналған шығындарды есептеу үшiн толтырылады.
2-бағанда бөлiмшелердің атауы көрсетiледi;
3-бағанда емделген науқастардың жоспарланған саны көрсетiледi;
4-бағанда күнiне 1 науқасты емдеу курсының теңгемен құны көрсетiледi;
5-бағанда 1 науқастың төсекте жатқан күндерiнiң орташа саны көрсетiледi;
6-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын дәрi-дәрмектерге арналған шығындардың сомасы көрсетiледi.
03-132-нысаны (28 қосымша) амбулаториялық-емханалық мекемелерде дәрi-дәрмектерге арналған шығындарды есептеу үшiн жасалады.
1-бағанда бiр жылда дәрiгерлiк қатынасулардың саны көрсетiледi;
2-бағанда 1 дәрiгерлiк қатынасуға дәрi-дәрмектердің құны көрсетiледi;
3-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын дәрi-дәрмектерге арналған шығындардың сомасы көрсетiледi.
9) 01-134-нысан (29 қосымша) әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қызметкерлерi, кәсiби авариялық-құтқару құрылымдарының құтқарушылары, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi, әскери оқу орындарының курсанттары, әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерi үшiн мүлiктiк керек-жарақ заттарын сатып алуға, тiгуге және жөндеуге, кеден қызметiнің, прокуратура органдарының қызметшiлерi, судьялар, сот приставтары үшiн арнайы және пішiмдiк киiм-кешектерге, мемлекеттiк орман күзетiнің және аң шаруашылығы, өсiмдiк карантинi бойынша мемлекеттiк фитосанитарлық қызметтiң және мемлекеттiк шекарада және көлiкте малдәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк малдәрiгерлiк қызметтің қызметкерлерi үшiн пішімдiк киiм-кешекке арналған шығындарды есептеу үшiн толтырылады.
2-бағанда мүлiктiк керек-жарақ заттарын, пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектер алушылардың атауы көрсетiледi.
3-бағанда мүлiктiк керек-жарақ заттарын, пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектер алушылардың орташа жылдық саны көрсетiледi.
4-бағанда ақшалай түрде 1 алушыға бiр жылға арналған мүлiктiк керек-жарақ заттарына, пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектерге заңнамада белгiленген норма көрсетiледi.
5-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын шығындардың жалпы сомасы көрсетiледi.
10) 01-136-нысанды (30 қосымша) ел iшiндегi қызметтiк iссапарларға арналған шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
01-136-нысан бойынша шығындарды есептеу кезінде "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысын басшылыққа алу керек.
1-бағанда ақшалай түрде 1 адамға арналған тәулiктiк шығыстарды өтеудiң нормасы көрсетiледi.
2-бағанда ақшалай түрде 1 адамға тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстардың нормасы көрсетiледi.
3-бағанда жылына iссапарлардың жоспарларына сәйкес, сондай-ақ өткен қаржы жылы үшiн iс жүзiндегi деректердi ескере отырып, iссапарлардағы адам/күндердiң орташа жылдық саны көрсетiледi.
4-бағанда жылына iссапарлардың жоспарларына сәйкес, сондай-ақ өткен қаржы жылы үшiн iс жүзiндегi деректердi ескере отырып, іссапарға жiберiлетiн адамдардың opташа жылдық саны көрсетiледi.
5-бағанда бару-қайтудың бiр жақ жолының орташа құны көрсетiледi.
6-бағандa осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес шығындардың жалпы сомасы анықталады.
11) 01-137-нысанды (31 қосымша) елден тыс жерлерге қызметтік iссапарларға арналған шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
01-137-нысан бойынша шығындарды есептеу кезiнде "Шетел валютасындағы іссапарлар шығыстарын өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 534 бұйрығын басшылыққа алу керек.
1-бағанда ақшалай түрде 1 адамға арналған тәулiктік шығындарды өтеу нормасы көрсетiледi.
2-бағанда ақшалай түрде 1 адамға арналған тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстардың нормасы көрсетiледi.
3-бағанда жылына iссапарлардың жоспарларына сәйкес, сондай-ақ өткен қаржы жылы үшiн iс жүзiндегi деректердi ескере отырып, іссапарлардағы адам/күндерінің орташа жылдық саны көрсетiледi.
4-бағанда жылына іссапарлардың жоспарларына сәйкес, сондай-ақ өткен қаржы жылы үшiн iс жүзiндегi деректерді ескере отырып, іссапарға жiберiлетiн адамдардың орташа жылдық саны көрсетiледi.
5-бағанда бару-қайтудың бiр жақ жолының орташа құны көрсетiледi.
6-бағанда осы бағанда көрсетілген формулаға сәйкес шығындардың сомасы анықталады.
12) 01-138-нысанды (32 қосымша) үй-жайларды жалға алуға ақы төлеуге арналған шығындарды есептеу үшiн мемлекеттік мекемелер толтырады.
1-бағанда мемлекеттiк мекемелер жалдайтын үй-жайдың атауы көрсетiледi.
2-бағанда жалдайтын қызметтік үй-жайдың алаңы көрсетiледi. 3-бағанда 1 (бip) айға 1 ш.м. үшiн жалгерлiк ақының мөлшері көрсетiледi.
4-бағанда осы бағанда көрсетiлген формула бойынша анықталатын айына жалгерлiк ақы көрсетiледi.
5-бағанда жалдау айларының күні көрсетiледi.
6-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын шығындардың сомасы көрсетiледi.
13) 01-139-нысаны (33 қосымша) денсаулық сақтау мекемелерiнде жұмсақ мүкәммалды сатып алуға арналған шығындары есептеу үшiн толтырылады. Осы нысанды мемлекеттік амбулаториялық-емханалық және стационарлық денсаулық сақтау мекемелерi толтырады.
Бұл ретте "Республиканың мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгi нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 128 қаулысын басшылыққа алған жөн.
Егер жұмсақ мүкәммалды сатып алуға арналған шығындарды есептеу амбулаториялық-емханалық мекемелер үшiн жүргiзiлсе, онда бағандарда мынадай көрсеткiштер көрсетiледi:
1-бағанда бөлiмшелердің (жекелеген ұйымдардың) атауы көрсетіледi;
2-бағанда дәрiгерлiк лауазымдардың саны көрсетiледi;
3-бағанда жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың 1 дәрiгерлiк лауазымға арналған нормасының құны көрсетiледi;
6-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын шығындардың сомасы көрсетiледi.
Егер жұмсақ мүкәммалды сатып алуға арналған шығындарды есептеу стационарлық мекемелер үшiн жүргiзiлсе, онда бағандарда мынадай көрсеткiштер көрсетiледi:
1-бағанда бөлiмшелердің (жекелеген ұйымдардың) саны көрсетіледi;
4-бағанда төсектердiң саны көрсетіледi;
5-бағанда жұқа мүкәммалмен жабдықтаудың 1 төсекке арналған нормасының құны көрсетiледi;
6-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын шығындардың сомасы көрсетiледi.
02-139a нысанды (34 қосымша) жоспарланып отырған және есептi кезеңге арналған есептеу жабдықтарының жинақтаушы және қосалқы бөлшектерiн, жұмсалатын материалдарын сатып алу шараларын жоспарлау кезi толтырады. Осы шаралар ақпараттандырудың бюджет бағдарламасы шеңберiнде жоспарланады. Жоғарыда аталған шараларды жоспарлау бiр бюджет бағдарламасы шеңберiнде ұсынылады.
Жұмсалатын материалдар түрлерi бойынша нысанның жолдары мынадай кiшi топтарға бөлiнген: принтер үшiн қағаз, катридждер және тонерлер.
1-бағанда тауар атауы көрсетiледi.
2-бағанда өлшем бiрлiгi көрсетiледi.
3-бағанда жұмсалатын материалдардың, жинақтаушы және қосалқы бөлшектердiң саны көрсетiледi.
4-бағанда жұмсалатын материалдар. Жинақтаушы және қосалқы бөлшектердiң теңгеге шаққандағы құны.
5-бағанда осы бағанда көрсетiлген формула бойынша жұмсалатын материалдардың, жинақтаушы және қосалқы бөлшектердiң жалпы құны анықталады.
02-139б нысанды (34 қосымша) болжанып отырған кезеңге арналған есептеу жабдықтарының жинақтаушы және қосалқы бөлшектерiн, жұмсалатын материалдарын сатып алу шараларын жоспарлау кезi толтырады.
1-бағанда тауарлар атауы көрсетiледi.
2-бағанда өлшем бiрлiгi көрсетiледi.
3-бағанда жұмсалатын материалдардың, жинақтаушы және қосалқы бөлшектердiң саны көрсетіледi.
4-бағанда жұмсалатын материалдардың, жинақтаушы және қосалқы бөлшектердiң бiр данасының құны АҚШ долларымен көрсетiледi.
5-бағанда осы бағанда көрсетiлген формула бойынша жұмсалатын материалдардың, жинақтаушы және қосалқы бөлшектердiң жалпы құны анықталады.
14) 01-141-нысанды (35 қосымша) ыстық және суық суға, кәрiз бен газға арналған шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
Осы есептеменi жасау кезiнде "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118 қаулысын басшылыққа алу керек.
1-бағанда коммуналдық қызмет көрсету түрлерiнiң атауы: тамақ әзiрлеуге арналған суық су, ыстық су, кәрiз, газ көрсетiледi.
2-бағанда табиғи күйiнде осы қаулыға сәйкес тұтынудың жылдық нормалары көрсетiледi.
3-бағанда теңгемен ыстық, суық суға, кәрiзге, тамақ әзiрлеу үшiн газға арналған тариф көрсетiледi, ал 4-бағанда заттай түрдегi нормаларды ыстық, суық су, кәрiз, тамақ әзiрлеуге арналған газ үшiн тарифке көбейту жолымен анықталатын ақшалай түрдегі нормалар көрсетiледi.
5-бағанда осы нысанды кiм толтырып отырғанына қарай қуат бiрлiгiнiң саны көрсетiледi: мемлекеттiк білiм беру - оқушылардың саны мекемелерi және мемлекеттiк мекеме нысанындағы орта, жоғары оқу орындары денсаулық сақтау стационарлық - орын (төсек) саны мекемелерi Амбулаториялық мекемелер - дәрiгерлiк қатынасу саны (емханалар) жоғарыда санамаланғандарды - қызметкерлердің саны қоспағанда, басқа да мемлекеттiк мекемелер
02-141-нысанды (36 қосымша) жетiлдiрiлген топырақ бетi мен жасыл екпелердi, объектiлердің аумақтарын суаруға жұмсалатын су шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
Осы есептеудi жасау кезiнде "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118 қаулысын басшылыққа алу керек.
15) 01-142-нысанды (37 қосымша) байланыс қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды есептеу үшiн және телекоммуникациялық қызметтердi сатып алуға арналған шараларды жоспарлау кезiнде мемлекеттiк мекемелер толтырады. Телекоммуникациялық қызметтердi сатып алу бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде жоспарланады. Телекоммуникациялық қызметтердi сатып алуды бiр бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде жocпapлaу ұсынылады.
5, 15, 16, 17-жолдарда мемлекеттiк орган ерекшелiгiне сәйкес түзетiлуi мүмкiн телекоммуникациялық қызметтердiң үлгi тiзiмi мен сипаттамасы келтiрiлген.
1-бағанда мемлекеттiк мекемелер пайдаланатын байланыс түрлерi көрсетiледi.
2-бағанда өлшем бiрлiгi көрсетiледi.
3-бағанда мемлекеттiк мекемедегi нөмiрлердiң (нүктелер, арналар) саны көрсетiледi.
4-бағанда қалалық (негiзгi, қатар) телефон нөмiрлерi (o.i. факс), ұялы байланыс, пейджер, телетайп бойынша айына абоненттiк ақы көрсетiледi.
5-бағанда қалалық (негiзгi, қатар) телефон нөмiрлерi (o.i. факс), ұялы байланыс бойынша айына уақытылы төлем көрсетiледi.
6-бағанда байланыс арнасын пайдаланғаны үшiн жылдық ақы төлеу мөлшерi көрсетiледi.
7-бағанда қалалық (негiзгi, қатар) телефон нөмiрлерiн және транктiк байланысты қоспағанда, байланыс түрлерi бойынша 1 бiрлiкке айына орташа шығыс көрсетiледi.
8-бағанда жылына байланыстың жұмыс iстеу айларының саны көрсетiледi. 9-бағанда айына 1 бiрлiкке шаққандағы жалгерлiк ақы көрсетiледi.
10-бағанда айына трафик үшiн ақы көрсетiледi.
11-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес байланыс қызметтерiне ақы төлеуге арналған шығындардың сомасы анықталады.
16) 01-143-нысанды (38 қосымша) көлiк қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
1-бағанда өзінің қызметiн жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер пайдаланатын көлік түрлерi көрсетiледi.
2-бағанда түрлерi бойынша жалға берiлетiн автокөлiк құралдарының саны көрсетiледi.
3-бағанда көлiк құралдарының бiрлiгіне есептегенде айына көлiк түрлерi бойынша көлік қызметтерiне ақы төлеуге арналған шығындар көрсетiледi.
4-бағанда жылына мемлекеттiк мекемелерге көлiк қызметтерiн көрсету айларының саны көрсетiледi.
5-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес жылына көлiк құралдарына ақы төлеуге арналған шығындардың сомасы анықталады.
17) 01-144-нысанды (39 қосымша) электр энергиясына ақы төлеу жөнiндегі шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
Осы есептеудi жасау кезiнде "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118 қаулысын басшылыққа алу керек.
1-бағанда осы қаулыға сәйкес заттай түрде бiрлiкке электр энергиясының жылдық шығысының нормасы көрсетiледi.
2-бағанда теңгемен электр энергиясына арналған тариф көрсетiледi, ал 3-бағанда заттай түрдегі норманы (1-бағ.) электр энергиясы үшiн тарифке (2-бағ.) көбейту жолымен анықталатын ақшалай түрде бiрлiкке электр энергиясының жылдық шығысының нормасы көрсетiледi.
4-бағанда осы нысанды кiм толтырып отырғанына қарай қуат бiрлiгiнің саны көрсетіледi: Мемлекеттiк бiлiм беру - оқушылардың саны мекемелерi және мемлекеттiк мекеме нысанындағы орта, жоғары оқу орындары денсаулық сақтау стационарлық - орын (төсек) саны мекемелерi амбулаториялық мекемелер - дәрiгерлік қатынасу саны (емханалар) жоғарыда санамаланғандарды - қызметкерлердің саны қоспағанда, басқа да мемлекеттiк мекемелер
18) 01-145-нысанды (40 қосымша) орталық жылу жүйесiмен мемлекеттiк мекемелер үшiн ғимараттарды, үй-жайларды жылытуға арналған шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
1-бағанда жылытылатын алаң көрсетiледi.
2-бағанда 1 (бiр) айға 1 ш.м. үшiн жылудың орташа құны көрсетiледi.
3-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес есептелетiн жылытылатын алаңның айына шығындарының сомасы анықталады.
4-бағанда жылына (тәулiгiне) жылыту мерзiмiнiң ұзақтығы көрсетiледi.
5-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес жылытуға жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы анықталады.
01-145-нысанды (41 қосымша) дербес жылу жүйесiмен мемлекеттiк мекемелер үшiн ғимараттарды, үй-жайларды жылытуға арналған шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
1-бағанда жылу түрлерi көрсетiледi.
2-бағанда 1 (бiр) айға 1 ш.м. алаңға жылу шығыстарының өткен жылы нақты шығындар көрсетiледi.
3-бағанда жылытылатын алаң көрсетiледi.
4-бағанда жылына (тәулiгiне) жылыту мерзiмiнiң ұзақтығы көрсетiледi.
5-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес есептелетiн қажеттi жылу көлемi анықталады.
6-бағанда бiр бiрлiк үшiн жылу құны көрсетiледi.
7-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес жылытуға жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы анықталады.
19) 01-146-нысанды (42 қосымша) ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтар мен басқа негiзгi құралдарды ұстау, оларға қызмет көрсету ағымдағы жөндеу жөнiндегi шығындарды есептеу үшiн мемлекеттiк мекемелер толтырады.
Осы есептеуде:
1-бағанда атауы көрсетiледi;
2-бағанда өлшем бiрлiгi көрсетiледi;
3-бағанда есептеу техникаларының, жабдықтардың және басқа да негiзгi қаражаттардың саны көрсетiледi.
4-бағанда айына бiр жабдық үшiн қызметтердiң құны көрсетiледi.
5-бағанда мемлекеттiк мекемелер алып отырған алаң көрсетiледi.
6-бағанда алып отырған алаңның 1 ш.м. арналған шығыстардың сомасы көрсетiледi.
7-бағанда осы бағанда көрсетiлген формулаға сәйкес анықталатын жылына шығындардың сомасы көрсетiледi.
8-бағанда жылына ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы жөндеуге және жабдықтар мен басқа негізгi құралдарды ағымдағы және күрделi жөндеуге арналған шығыстардың сомасы көрсетiледi;
9-бағанда бағанда көрсетiлген формула бойынша анықталатын шығындардың жалпы сомасы көрсетiледi.
20) 01-149-нысанды (43 қосымша) заңды және жеке тұлғалар көрсететiн жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу жөнiндегі шығындарды есептеу үшiн арналған. Осы есептемеде тұтастай алғанда шығындардың сомасы көрсетiледi, сондай-ақ шығыстардың негізгi түрлерi бойынша толық жазу келтiріледi:
1) заңды тұлғалар үшiн:
қызметкерлердің жалақысы - осы жол бойынша қызмет көрсетуге және жұмыстарды орындауға қатысқан қызметкерлердiң жалақысы көрсетiледi;
iссапар шығыстары;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер, o.i. негiзгi салықтар және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер жеке жолдармен көрсетiледi;
өзге салықтар;
материалдар сатып алу;
негiзгi құралдарды сатып алу;
коммуналдық қызметтер, яғни электр энергиясын және жылуды қоспағанда, суға, газға және басқа да коммуналдық қызметтерге арналған шығындар;
электр энергиясы;
жылу;
байланыс қызметтерi;
көлiк қызметтерi;
негiзгi құралдарды ағымдағы жөндеу;
негізгі құралдарды күрделi жөндеу;
үй-жайлардың ғимараттарын ұстау, оларға қызмет көрсету;
жалгерлiк ақы;
өзге шығындар.
2) жеке тұлғалар үшiн:
қызметкерлердің жалақысы - осы жол бойынша қызмет көрсетуге және жұмыстарды орындауға қатысқан қызметкерлердің жалақысы көрсетiледi (осы жол бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналар да көрсетiледi); iссапар шығыстары;
материалдар сатып алу;
көлік қызметтерi.
21) 01-311-нысан (44 қосымша) заңды тұлғалардың ағымдағы трансферттерi жөнiндегi шығыстарды есептеу үшiн олардың шығындарын өтеуге арналған.
Осы нысан үш бөлiмнен тұрады.
Бiрiншi бөлімдe заңды тұлғаның шаруашылық қызметтi жүзеге асырудан алатын кiрiстерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
Екiншi бөлiмде ағымдағы сипаттағы шығындардың негiзгi түрлерi бойынша таратып жазуды келтiре отырып, шығындардың жалпы сомасы көрсетiледi.
Үшiншi бөлiмде заңды тұлғалардың кiрiстерден шығындардың асып түсу сомасы, яғни бюджеттен өтелетiн сома көрсетiледi.
22) 01-334-нысанды (45 қосымша) жоғары және орта оқу орындары толтырады, онда әскери-оқу арнайы оқу орындары мен кадеттерінің курсанттарына (тыңдаушыларына) стипендия төлеуге арналған шығындарды есептеу көзделедi.
Осы нысанды толтыру кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығын басшылыққа алу керек.
15. Жоғарыда көрсетiлген нысандар бойынша есептемелердің негiзiнде мемлекеттiк мекемелер 46 қосымшаға сәйкес бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша жиынтық есептеме (бұдан әрi - MM нысаны) жасайды.
ММ нысанында шығындардың, оның iшiнде шығыстардың экономикалық жіктемесiнiң ерекшелiктерi бөлінісiнде жалпы сома көрсетiледi. Бұл ретте шығындардың экономикалық жiктемесiнің әрбiр ерекшелiгi бойынша болжамды жылға арналған шығындардың сомасы осы нысанға қоса берiлген шығыстардың экономикалық жіктемесінің ерекшелiктерi бойынша шығындардың есептемелерiнде көрсетiлген жиынтық сомаға сәйкес келуi тиiс.
ММ нысанында өткен қаржы жылы үшiн есеп деректерi (кассалық және iс жүзiндегi шығыстар) (2, 3-бағандар), ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған жоспар (өзгерiстер туралы барлық анықтамаларды ескере отырып бекiтiлген жеке смета) (4-баған) және алдағы үш жылға арналған болжамды деректер (5, 6 және 7-бағандар) келтiрiледi.
16. Мемлекеттiк мекемелер ММ нысанын шығындардың экономикалық жiктемесiнiң әрбiр ерекшелiгi бойынша шығыстардың есептемелерiн қоса бере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне ұсынады.
17. ММ нысаны бойынша мемлекеттiк мекемелер ұсынған жиынтық есептемелердің негiзiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi 47 қосымшаға сәйкес бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық есептеме үшiн ММ-жиынтық нысанын жасайды және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi органға немесе жергiлiктi қаржы органдарына ұсынады.
18. Заңды тұлғалар ұсынған 01-311 нысаны бойынша есептеулердiң негізiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi шығындарды өтеуге арналған ағымдағы трансферттер жөнiндегi шығындарды есептеу үшiн (48 қосымша) 01-311-жиынтық нысанын жасайды және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе жергiлiктi қаржы органдарына ұсынады.
19. 01-411a нысаны (49 қосымша) жоспарланып отырған және есептi кезеңдерге арналған шараларды жоспарлау кезiнде толтырылады. Есептеу және басқа жабдықтарды сатып алу ақпараттандыруды бағдарламалары бойынша ғана жоспарлануы мүмкiн. Есептеу жабдықтарын сатып алу жөнiндегi қажеттiлiк енгiзiлетiн немесе көбейтiлетiн ақпараттық жобалардың талаптары мен мерзiмдерiне не жабдықтың табиғи немесе моральдық тозу себептерiне негiзделуге тиiс.
1-бағанда әрбiр кiшi топ үшiн жабдықтың атауы көрсетiледi. "Басқа жабдықтар" кiшi тобына өзiнің мақсаты бойынша мақсатымен және бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) мақсатымен тiкелей байланысты, бiрақ жоғарыда аталған кiшi топтарда ескерiлмеген есептеу және басқа жабдықты енгiзуге болады.
2-бағанда өлшем бiрлiгi көрсетiледi.
3-бағанда есептеу және басқа жабдықтың саны көрсетiледi.
4-бағанда есептеу және басқа жабдық бiрлiгiнiң теңгемен құны көрсетiледi.
5-бағанда есептеу және басқа жабдықтың жалпы құны осы бағанда көрсетiлген формула бойынша анықталады.
01-411б нысаны (49 қосымша) болжамдалып отырған кезеңге есептеу және басқа жабдық сатып алу шараларын жоспарлау кезiнде толтырылады.
1-бағанда әрбiр кiшi топ үшiн жабдықтар атауы көрсетiледi. "Басқа жабдықтар" кiшi тобына өзiнiң мақсаты бойынша мақсатымен және бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) мақсатымен тiкелей байланысты, бiрақ жоғарыда аталған кіші топтарда ескерiлмеген есептеу және басқа жабдықты енгiзуге болады.
2-бағанда өлшем бiрлiгi көрсетiледi.
3-бағанда есептеу және басқа жабдықтың саны көрсетiледi.
4-бағанда есептеу және басқа жабдық бiрлiгінің АҚШ долларымен құны көрсетiледi.
5-бағанда есептеу және басқа жабдықтың жалпы құны осы бағанда көрсетiлген формула бойынша анықталады.
20. 01-452a нысаны (50 қосымша) жоспарланып отырған және есептi кезеңдерге бағдарламалық өнiмдердiң лицензияларын, операциялық жүйелердi және деректер базаларын басқару жүйелерiн сатып алуға шаралар жоспарлау кезiнде толтырылады. Лицензиялар сатып алу ақпараттандырудың инвестициялық бағдарламалары бойынша ғана жоспарлануы мүмкiн.
Сатып алынатын бағдарламалық өнiмдер бюджеттiк бағдарламаның мiндетi мен мақсатына сәйкес келуге тиiс және лицензиялардың саны мен сатып алу уақыты ақпараттық жобаны енгiзу және көбейту уақытымен үйлестiрiлуге тиiс. Әдетте лицензиялар жылдық техникалық қолдаумен берiледi, сондықтан лицензиялар сатып алуға жұмсалатын шығындарға жылдық техникалық қолдаудың құнын қосуға болады. Одан кейiнгi жылдары техникалық қолдауды сатып алу ақпараттандырудың бюджеттiк бағдарламалары бойынша жүргiзiлуге тиiс.
1-бағанның тиiстi жолдарында бағдарламалық өнiмнің толық атауы толтырылады.
2-бағанда өлшем бiрлiгi көрсетiледi.
3-бағанда сатып алынған бағдарламалық өнiмнiң, операциялық жүйенің және деректер базаларын басқару жүйелерiнің саны көрсетiледi.
4-бағанда сатып алынған бағдарламалық өнiмнiң, операциялық жүйенің және деректер базаларын басқару жүйелерінің бiрлігінің теңгемен құны көрсетiледi.
5-бағанда сатып алынған бағдарламалық өнiмнің, операциялық жүйенің және деректер базаларын басқару жүйелерінің жалпы құны осы бағанда көрсетiлген формула бойынша анықталады.
01-452б нысаны (50 қосымша) болжамдалып отырған кезеңге бағдарламалық өнiмдердің лицензияларын, операциялық жүйелердi және деректер базаларын басқару жүйелерiн сатып алуға шаралар жоспарлау кезiнде толтырылады.