"Шағын кәсіпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2003-2005
жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 21 мамырдағы N 570 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Pecпубликасы Президентiнің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 29 тамыздағы N 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665 қаулысына (Қазақстан Pecпубликасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 17, 152-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
2-тармақтың екiншi абзацындағы "екiншi деңгейдегi банктер арқылы конкурс негізінде" деген сөздер "дербес" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қорға шағын кәсiпкерлік жобалары бойынша кредиттер беру үшiн Қор қаражатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде конкурстық негiзде шартпен орналастыру (яғни, "Шағын кәсiпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының Кредит саясаты туралы меморандумында келiсiлген шарттармен орналастыру) құқығы берілсін.".
2. Қоса берiліп отырған "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандум бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғысына тиiстi өзгерістерді бекітсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |