Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 және
2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы N 555 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 824 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
реттiк нөмiрi 27-жолда:
"Заң жобасының атауы" деген бағандағы "Қазақстан Республикасындағы донорлық туралы" деген сөздер "Қан және оның құрамдас бөліктерінің донорлығы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрi 43-жолда:
"Заң жобасының атауы" деген бағандағы "Қазақстан Республикасында донорлық қан және органдардың трансплантологиясы туралы" деген сөздер "Қан және оның құрамдас бөлiктерiнің донорлығы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшінe енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | И. Тасмағамбетов |