Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру
жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 ж. 7 мамырдағы N 1085 Жарлығы
Осы редакция 2004 ж. 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қара
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мынадай құрылымы бекітiлсiн:
1) Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы соғыс кезiнде Қарулы Күштердiң бүкiл қызметiне жалпы басшылық жасауды және Штабтар бастықтарының комитетi арқылы оларды басқаруды жүзеге асыратын Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы);
2) басқару органдары:
стратегиялық - Қорғаныс министрлiгi (орталық атқарушы орган) және Штабтар бастықтарының комитетi (ведомство);
жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерi бас қолбасшыларының және Қарулы Күштер әскер тектерi қолбасшыларының басқармалары;
жедел-аумақтық - өңiрлiк қолбасшылықтар басқармалары;
жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерiнiң әскер тектерi бастықтарының басқармалары;
тактикалық - құрамалар мен әскери бөлiмдердiң басқармалары;
жергiлiктi - облыстардың қорғаныс iсi жөнiндегi департаменттерi (басқармалары және аудандар мен қалалардың бөлiмдерi);
3) Қарулы Күштер түрлерi:
басқару органдары, өңiрлiк қолбасшылық, әскер тектерi, арнаулы әскерлер, тыл, әскери-оқу орындары, оқу және резервтiк бөлiмдер құрамындағы Құрлық әскерлерi;
басқару органдары, әскер тектерi, арнаулы әскерлер, тыл, әскери-оқу орындары, оқу және резервтiк бөлiмдер құрамындағы Әуе қорғанысы күштерi;
басқару органдары, әскер тектерi, арнаулы әскерлер, тыл, әскери-оқу орындары және оқу бөлiмдерi құрамындағы Әскери-теңiз күштерi;
4) Қарулы Күштер әскер тектерi:
басқару органдары, құрамалар мен бөлiмдер құрамындағы Аэроұтқыр әскерлер;
басқару органдары, құрамалар мен бөлiмдер құрамындағы Ракета әскерлерi мен артиллерия;
5) басқару органдары, құрамалар, жедел, жауынгерлiк және техникалық қамтамасыз ету бөлiмдерi мен мекемелерi құрамындағы Арнаулы әскерлер;
6) басқару органдары, құрамалар, бөлiмдер мен мекемелер құрамындағы Қарулы Күштер Тылы;
7) әскери-оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелер.
2. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi шекарасының шегiнде өңiрлiк қолбасшылықтардың жауапкершiлiк аймағы айқындалсын:
1) "Астана" - Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары;
2) "Шығыс" - Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары;
3) "Батыс" - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;
4) "Оңтүстiк" - Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 417 Жарлығының 1, 2 және 3-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 7 шiлдедегi N 418 өқ Жарлығымен бекітiлген Қазақстан Республикасындағы Әскери құрылыстың 2005 жылға дейiнгі кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес басқару органдарын, Әскери теңiз күштерiн құруды және Әскери-теңiз күштерiнiң қажеттi инфрақұрылымын жасауды қамтамасыз етсiн;
2) "Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы" және "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзiрлеп, 2003 жылғы 15 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң 2004-2005 жылдар кезеңiне арналған штат санының лимитi бойынша ұсыныстар енгiзсiн;
4) Осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының