Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2003 жылғы 02 сәуірдегі
N 135 бұйрығымен бекітілді
Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі
көрсеткіштерін анықтау
ЕРЕЖЕСІ
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер
Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленді және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалар қызметінің негізгі көрсеткіштерін анықтайды.
2. Орташа мәнді есептеу
Орташа мән (ОМ) - шоттар (бөлімшелер, бөлімдер) бойынша қалдық мәндерінің сомасын бөлуден алынған айналым балансын осы мәндердің санына бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі:
n
Е(интеграл) Хi
- i=1
Х = -----------------
n
-
Мұндағы: x - орташа мән;
Хі - Шоттардың үлгі жоспарының шоттар (бөлімшелер, бөлімдер) бойынша
талданатын қалдықтарының мәні;
n - талданатын мәндердің саны.
3. Шартты белгілер
1. Осы ережелерде мынадай белгілер пайдаланылады:
1) Е(интеграл)КтСальдо(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің кредит сальдоларының сомасы;
2) Е(интеграл)ДтСальдо(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің дебет сальдоларының сомасы;
3) Е(интеграл)КтАйн(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің кредит айналымдарының сомасы;
4) Е(интеграл)ДтАйн(...) - көрсетілген айналым балансы шоттарының, бөлімшелерінің, бөлімдерінің дебет айналымдарының сомасы;
5) Е(интеграл)ДБөлIп1(...) - Ақшаның қозғалысы туралы есептің бөлімдері мен тармақтары бойынша көрсетілетін ақша қозғалысының сомасы;
6) Е(интеграл)ЕңбекP2жол001(...) - Еңбек жөніндегі есептің бөлімдерінің жолдары бойынша көрсетілетін ақша сомасы;
7) НомСтоим - акцияның атаулы құны.
4. Негізгі көрсеткіштер
2. Активтерді қалыптастыру көздері - баланс валютасы (БВ), мың теңге - жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (бұдан әрі - заңды тұлға) активтерін қалыптастыру қандай көздер есебінен жүзеге асырылатынын көрсетеді. Осы көрсеткіштің серпіні заңды тұлға қызметінің негізгі беталыстарын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі іскерлік белсенділігінің төмендеуін сипаттайды. Мына формула бойынша есептеледі:
БВ = МК + М
3. Өзіндік капитал (МК), мың теңге - міндеттемелерді шегергеннен кейінгі активтері. Мына формула бойынша есептеледі:
СК = Е(интеграл) Дт(1, 2, 3, 4)Бөлім Сальдосы - Е(интеграл)КтСальдоПР(11, 13, 31) - Е(интеграл)Кт6БөлімСальдосы
4. Міндеттемелер (М), мың теңге - өткен операциялар немесе уақиғалар нәтижесінде туындаған және жеке тұлға немесе ұйымдардың пайдасына нақты іс-қимылдарды жасауға құн бағалауы бар, мүлікті беруге, жұмысты атқаруға, ақшаны төлеуге және басқа да не олардың өтелуі активтердің азаюына алып келетін нақты әрекеттерден қалыс қалатын міндеттер. Мына формула бойынша есептеледі:
М = Е(интеграл)Кт6БөлімСальдосы
5. Кірістер, барлығы (К), мың теңге - есепті кезең ішінде активтерді немесе олардың құнын арттыру нысанында экономикалық пайданы арттыру не меншік иесінің салымдарымен байланысы жоқ меншік капиталының артуына алып келетін міндеттердің азаюы. Мына формула бойынша есептеледі:
К = НҚК + НЕҚК + Е(интеграл)ктАйнШ (862, 863, 864, 871)
6. Негізгі қызметтен алынатын кіріс (НҚК), мың теңге - негізгі қызметті жүзеге асырумен байланысты есепті кезеңнің кірістері. Мына формула бойынша есептеледі:
НҚК = Е(интеграл)КтАйнПР70 - Е(интеграл)дтАйнПР71
7. Негізгі емес қызметтен алынатын кірістер (НЕҚК), мың теңге - негізгі қызметті жүзеге асыруға байланысты емес есепті кезеңнің кірістері. Мына формула бойынша есептеледі:
НЕҚК = Е(интеграл)КтАйнПР72
8. Шығыстар, барлығы (Ш), мың теңге - есепті кезең ішінде активтердің немесе олардың құнының азаюы нысанында экономикалық пайданың азаюы не меншік иелері арасындағы оны бөлумен байланысы жоқ меншік капиталының азаюына әкелетін міндеттемелердің өсуі мына формула бойынша есептеледі:
Ш = Е(интеграл) ДтАйнШ8
9. Сатылған дайын өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны (Өқн), мың теңге - негізгі қызметті жүзеге асыруға байланысты есепті кезеңнің шығыстары. Мына формула бойынша есептеледі:
Өқн = Е(интеграл)ДтАйнПР80
10. Кезеңнің шығыстары (КШ), мың теңге - өндірісті (жұмыстарды, қызметтерді) басқаруға және ұйымдастыруға байланысты есепті кезеңнің шығыстары мына формула бойынша есептеледі:
КШ = Е(интеграл)ДтАйнПР(81, 82, 83)
11. Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар (НЕҚШ), мың теңге - негізгі қызметті жүзеге асыруға байланысты емес есепті кезеңнің шығыстары. Мына формула бойынша есептеледі:
НЕҚШ = Е(интеграл)ДтАйнПР84
12. Таза табыс (ТТ), мың теңге, - кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылықты көрсететін қаржы көрсеткіші. Мына формула бойынша есептеледі:
ТТ = К-Ш
13. Ағымдағы қызметтің пайдалылығы (АҚпайд), % - ағымдағы қызметтен алынған кірістің қаншасы оны алуға байланысты 1 теңгелік шығыстарға келетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
ТТ
Ақпайд = ---- *100
Ш
14. Негізгі қызметтің пайдалылығы (НҚпайд), % - негізгі қызметтен алынған жалпы кірістің қаншасы оны алуға байланысты 1 теңгелік шығыстарға келетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
НҚК-Өқн
НҚпайд = --------- *100
Өқн
15. Негізгі емес қызметтің пайдалылығы (НЕҚпайд), % - негізгі емес қызметтен алынған кірістің қаншасы оны алуға байланысты 1 теңгелік шығындарға келетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
НЕҚК - НЕҚШ
НЕҚпайд = ------------*100
НЕҚШ
16. Активтердің табыстылығы (ROA), % - заңды тұлға активтерінің қаншалықты тиімді пайдаланылатынын (БВ), яғни заңды тұлғаның активтеріне салынған тиынның әрқайсысы таза пайданың қанша мөлшерін әкелетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
ТТ
ROA = ------
БВ
17. Қайтарым қоры (ҚҚ) - негізгі қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Табыстың есепті кезеңге жер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші болып табылмайтын заңды тұлғалар үшін) мен бітпеген құрылысты шегерумен негізгі қаражаттың бастапқы құнының орташасына қатынасы ретінде есептеледі. Мына формула бойынша есептеледі:
К
ҚҚ = ------------------------------------------
------------------------------------------
Е(интеграл) ДтСальдоПР12 - Е(интеграл) ДтСальдоШ(121, 126)) -
Е(интеграл) КтСальдо ПР13
18. Өзіндік капиталдың табыстылығы (ROE) - заңды тұлға өзіндік капиталының табыстылығын сипаттайды, яғни меншікті пайданың 1 теңгесіне таза пайданың қандай мөлшері келетіндігін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
ТТ
ROE = ----
СК
19. Жарғылық капиталдың табыстылығы (Жкт) - заңды тұлғаның жарғылық капиталына салынған активтер қаншалықты тиімді пайдаланылатындығын, яғни жарғылық капиталдың 1 теңгесіне таза пайданың қай мөлшері келетіндігін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
ТТ
Жкт = ------------------------------------------
------------------------------------------
Е(интеграл) КрСальдоПР50 - Е(интеграл) ДтСальдоПР(51, 52)
20. 1 акцияның баланстық құны (акцияның Бқн) - акциялардың жалпы санына меншік капиталының арақатынасымен анықталатын Қоғам бағалы қағздарының ақшаға шағылуы. Мына формула бойынша есептеледі:
СК
Акциялардың Бқн = -------------------------------
Акциялардың жалпы саны
21. Акциялардың мемлекеттік пакетінің табыстылығы (МПТ) - акциялардың мемлекеттік пакетінің 1 теңгесіне қанша дивидендтер есептелетінін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
Акциялардың мемлекеттік пакетіне есептелген дивидендтер
МПТ = --------------------------------------------------------
Мемлекеттік акциялардың саны * Атаулы Құн
22. Өзіндік айналым капиталы (МАК), мың теңге - өзіндік капиталдың құрамдас бөлігі. Ағымдағы активтерді қалыптастыру үшін өзіндік капиталдың қай бөлігі көз болып табылатындығын көрсетеді. Осы көрсеткіштің басқа, мысалы: айналымдылықты сипаттайтын коэффициенттермен көрсеткіштер кешенімен ғана өсуі оң болып танылады. Мына формула бойынша есептеледі:
МАК = ТМЗ + Деб + ФииД - О
23. Қаржыландыру коэффициенті (ҚарК) - өзіндік капитал мен міндеттемелердің ара қатынасын сипаттайды. Ол активтердің қай бөлігі өзіндік капиталдың есебінен, қайсысы міндеттемелердің есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Оңтайлы мән - 1-ден кем емес. Мына формула бойынша есептеледі:
СК
ҚарК = ------
О
24. Тәуелсіздік коэффициенті (ТәуК) - заңды тұлға активтерінің қалыптастырылу көздерінің жалпы көлеміндегі өзіндік капиталдың үлесін сипаттайды. Ол бойынша заңды тұлғаның міндеттемелерден қаншалықты тәуелсіз екендігі және өзіндік капиталымен оңтайландыру мүмкіндігі бағаланады. Оңтайлы мән - 0,5 кем емес. Мына формула бойынша есептеледі:
СК
ТәуК = ------
БВ
25. Қарыздар (Қр), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Осы пассивтің сату көлемі мен ақша түсуінің үйлесімді ұлғаюнсыз әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:
Қр = Е(интеграл)Кт СальдоПР60
26. Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша есептесу (Див), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның есептелген, бірақ төленбеген дивидендтері бойынша акционерлермен есеп айырысу және қатысушылармен олардың қатысу үлесіне сәйкес есеп айырысу жөніндегі берешегін қамтиды. Мына формула бойынша есептеледі:
Див = Е(интеграл) КтСальдоПР62
27. Бюджетпен есептесу (Бюд), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Осы пассивтің сату көлемдері мен ақша түсуінің үйлесімді ұлғаюынсыз артуы әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:
Бюд = Е(интеграл) КтСальдоПР63
28. Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық берешек (КБеұ), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын заңды тұлғаларға кредиторлық берешегін қамтиды. Мына формула бойынша есептеледі:
КБеұ = Е(интеграл) КтСальдоПР64
29. Алынған аванстар және берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу (Аван), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі берешегін, еншілес заңды тұлғалар алдындағы берешегін, сондай-ақ тауарлық-материалдық қорларды беруге, жұмыстар мен қызметтерді орындауға алынған аванстарды қамтиды. Осы пассивтің сату көлемдері мен ақша түсуінің үйлесімді ұлғаюынсыз артуы әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:
Аван = Е(интеграл) КтСальдоПР(66, 67)
30. Өзге кредиторлық берешек және аударымдар (ӨзКб), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның өзге кредиторлармен есеп айырысу жөніндегі берешегін қамтиды. Осы пассивтің сату көлемдері мен ақша түсуінің үйлесімді ұлғаюынсыз артуы әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:
ӨзКб = Е(интеграл) КтСальдоПР68
31. Жалақы жөніндегі берешек (Ж), мың теңге - міндеттемелердің құрамдас бөлігі. Заңды тұлғаның еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу жөніндегі берешегін және қызметкерлердің демалыстары жөніндегі есептелген берешекті қамтиды. Осы пассивтің қызметкерлердің санын, сату көлемдері мен ақша түсуінің тиісінше ұлғаюынсыз артуы әрқашан теріс деп қарастырылады. Мына формула бойынша есептеледі:
Ж = Е(интеграл) КтСальдоШ(681, 682, 685)
32. Міндеттемелердің айналымдылық коэффициенті (МАйК) - талданып отырған кезеңдегі міндеттемелер айналымының саны. Заңды тұлғаның несие берушілер тарапынан алатын коммерциялық несиенің кеңеюін немесе төмендеуін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі заңды тұлғаның несиені өтеу қабілетінің нашарлауы ретінде бағалануы мүмкін міндеттемелерді төлеу жөніндегі проблемалардың болуы туралы айғақтайды. Мына формула бойынша есептеледі:
Е(интеграл) Дт6БөлімАйн
МАйК = --------------------------
Е(интеграл) Кт6БөлімСальдосы
33. Міндеттемелердің айналым мерзімі (МАйМ), күндер - заңды тұлғаның міндеттемелерді қайтаруының орта мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
Кезең ішіндегі күндердің саны
МАйМ = ------------------------------
АйнК
34. Активтердің айналымдылық коэффициенті (ААйК) - талданатын мерзімде өндіріс пен айналыс кезеңінің қанша рет жасалатынын көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
К
ААйК = ------
БВ
35. Активтердің айналым мерзімі (ААйМ), күндер - өндіріс пен айналыс кезеңі жасалатын мерзімді көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
Кезең ішіндегі күндердің саны
ААйМ = ------------------------------
АйнК
36. Айналымнан тыс активтер (АтА), мың теңге - материалдық емес активтердің, негізгі қаражат пен инвестициялардың баланстық құны. Мына формула бойынша есептеледі:
АтА = Е(интеграл) Дт(10, 12, 14)БөлімСальдосы - Е(интеграл) Кт(11, 13)БөлімСальдосы
37. Материалдық емес активтер (МеА), мың теңге - барлық топтар бойынша материалдық емес активтердің баланстық құны. Мына формула бойынша есептеледі:
МеА = Е(интеграл) ДтСальдоПР10 - Е(интеграл) КтСальдоПР11
38. Негізгі қаражаттар (НҚ), мың теңге - барлық топтар бойынша негізгі құралдардың баланстық құны. Мына формула бойынша есептеледі:
НҚ=Е(интеграл) ДтСальдоПР12 - Е(интеграл) КтСальдоПР13
39. Негізгі қаражаттардың тозу коэффициенті (ТозК) - негізгі қаражаттардың техникалық жағдайын сипаттайды және жинақталған тозу сомасының бастапқы құнға қатынасын білдіреді. Оңтайлы мән - 0,5-тен кем емес. Мына формула бойынша есептеледі:
Е(интеграл) КтСальдоПР13
ТозК = ---------------------------------------------------------
(Е(интеграл) ДтСальдоПР12 - Е(интеграл) ДтСальдоШ(121,126))
40. Инвестициялар (Инв), мың теңге - заңды тұлғаның пайда алу мақсатында (мысалы, дивидендтер, роялтилер және т.б.) иелік ететін активтер. Мына формула бойынша есептеледі:
Инв = Е(интеграл) ДтСальдоПР14
41. Жарғылық капиталдың активтермен қамтамасыз етілуі (ҚамтК) - заңды тұлғаның қанша активі жарғылық капиталдың 1 теңгесіне келетіндігін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
БВ
ҚамтК = ---------------------------------------------------------
Е(интеграл) КрСальдоПР50 - Е(интеграл) ДтСальдоПР(51,52)
42. Оңтайлылық коэффициенті (ОңтайлК) - заңды тұлға активтерінің қай бөлігі айналымнан тыс активтерде шоғырланғандығын көрсетеді, сонымен заңды тұлға активтерін әртараптандыру мүмкіндігіне сипаттама береді. Мына формула бойынша есептеледі:
АтА
ОңтайлК = ----------
БВ
43. Тауарлық-материалдық қорлар (ТМҚ), мың теңге - өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған тауарлық-материалдық қорлардың бар-жоғы; дайын өнім; сатуға арналған тауарлар жөніндегі ақпаратты қорытындылайды. Басқа көрсеткіштерді, мысалы айналымдылықты сипаттайтын коэффициенттерді талдаудың негізінде серпін туралы түпкілікті тұжырым жасауға болады. Мына формула бойынша есептеледі:
ТМЗ = Е(интеграл) Дт2БөлімСальдосы
44. Материалдардың айналымдылық коэффициенті (МАйК) - талданатын мерзімдегі материалдар айналымының саны. Коэффициенттердің өсуі материалдардың артқанын білдіреді. Мына формула бойынша есептеледі:
Е(интеграл) КтАйнПР20
МайК = -------------------------
-------------------------
Е(интеграл) ДтСальдоПР20
45. Материалдардың айналым мерзімі (МАйМер), күндер - материалдардың айналым мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
Кезең ішіндегі күндердің саны
МАйМер = ----------------------------------
МАйК
46. Аяқталмаған өндірістің айналымдылық коэффициенті (АӨАйК) - талданатын мерзімдегі аяқталмаған өндіріс айналымының саны. Коэффициенттің өсуі өндірістік қызметтің жандануын білдіреді, төмендеуі - тиісінше өндіріс белсенділігінің төмендеуін. Мына формула бойынша есептеледі:
Е(интеграл) КтАйнПР21
АӨАйК = --------------------------
Е(интеграл) ДтСальдоПР21
47. Аяқталмаған өндіріс айналымының мерзімі (АӨАйМер), күндер - аяқталмаған өндіріс айналымының мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
Кезең ішіндегі күндердің саны
АӨАйМер= -------------------------------
АӨАйК
48. Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті (ДӨАйК) - талданатын мерзімдегі дайын өнім айналымының саны. Коэффициенттің өсуі заңды тұлғаның дайын өнімді сатуының ұлғайтуын білдіреді, ал төмендеуі - дайын өнімді сатуының төмендетуін білдіреді. Мына формула бойынша есептеледі:
Е(интеграл) КтАйнШ221
ДӨАйК = ----------------------------
Е(интеграл) ДтСальдоШ221
49. Дайын өнім айналымының мерзімі (ДӨАйМер), күндер - дайын өнім айналымының мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
Кезең ішіндегі күндердің саны
ДӨАйМер = --------------------------------
ДӨАйК
50. Тауарлардың айналымдылық коэффициенті (ТауАйК) - талданатын мерзімдегі тауар айналымының саны. Коэффициенттің өсуі тауарларға сұранымның өсуін білдіреді, ал төмендеуі сату үшін алынған тауарларды сату мен сұраным көлемінің азаюын білдіреді. Мына формула бойынша есептеледі:
Е(интеграл) КтАйнШ(222, 223)
ТауАйК = --------------------------------
Е(интеграл) ДтСальдоШ(222, 223)
51. Тауарлардың айналым мерзімі (ТауАйМер), күндер - заңды тұлға сату үшін алған тауар айналымының мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
Кезең ішіндегі күндердің саны
ТауАйМер = --------------------------------
ТауАйнК
52. Дебиторлық берешек және басқа да активтер (Деб), мың теңге - осы көрсеткіштің тұрақты өсуі заңды тұлғаны өндірістік процесті жаңғырту мүмкіндігінен айыруға әкелуі мүмкін. Егжей-тегжейлі талдау үшін дебиторлардың толық ажыратуы мен жөнелтілімдер шартына түсіндерме қажет, бұдан басқа, дайын өнімнің серпінін талдау қажет. Мына формула бойынша есептеледі:
Деб = Е(интеграл) ДтСальдоПР(30, 32, 33, 34, 35) - Е(интеграл) КтСальдоПР31
53. Қаржылық инвестициялар және ақша (ҚИжА), мың теңге - заңды тұлғаның банктік шоттары мен кассасындағы қаржылық инвестициялардың және ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты тұжырымдайды. Ақшаның болмауы бір мәнді теріс сипатталады. Мына формула бойынша есептеледі:
ҚИжА = Е(интеграл) ДтСальдоР4
54. Ақшаның түсуі (АқшТ), мың теңге - есепті мерзімде заңды тұлғаның банктік шоттары мен кассасына түскен ақша. Мына формула бойынша есептеледі:
АқшТ = Е(интеграл)(ДРБөлI1жол, ДРБөлII1жол, ДРБөлIII1жол)
55. Өтімділік коэффициенті (ӨтК) - болашақ кезеңдердегі кірістер мен шығыстар сомасын ескерместен, тауарлық-материалдық қорлардың, дебиторлық берешек пен ақшаның міндеттемелерді қандай мөлшерде өтейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Оңтайлы мән - 2-ден кем емес. Мына формула бойынша есептеледі:
ТМЗ+Деб+ ҚижА-Е(интеграл) ДтСальдоПР 34
КТеӨтК = -------------------------------------------
О-Е(интеграл) Кт6БөлімСальдосыШ611
56. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті (КДебАйн) - талданататын мерзімдегі дебиторлық берешек айналымының саны. Заңды тұлға беретін коммерциялық несиенің кеңеюі мен төмендеуін көрсетеді. Осы коэффициенттің өсуі несиеге сатудың қысқартылуын айғақтайды. Төмендету - берілетін коммерциялық несиелердің өсуі. Бұл жағдайда заңды тұлға сөзсіз төлеу проблемаларымен қақтығасады және осының салдары ретінде ағымдағы қызметті қаржыландыру мәселелері туындайды. Мына формула бойынша есептеледі:
Е(интеграл) КтАйнПР(30, 32, 33, 34, 35)
КДебАйн = ----------------------------------------
Е(интеграл) ДтСальдоПР(30, 32, 33, 34, 35)
57. Дебиторлық берешектің айналым мерзімі (ДебАйнМер), күндер - дебиторлық берешекті өтеудің мерзімін көрсетеді. Көрсеткіштің төмендеуі, яғни айналым мерзімінің қысқаруы және керісінше, оң бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
Кезең ішіндегі күндердің саны
ДебАйнМер = ---------------------------------
КДебАйн
58. Қызметкерлердің саны (ҚС), адам - орташа айлық жалақы мен өзге де орташа мөлшерлерді есептеу үшін қолданылатын қызметкерлердің жалпы саны. Өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісінің көлемдерін ұлғайтпастан осы көрсеткіштің ұлғайтылуы теріс бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
ҚС=ЕңбекБ1жол003
59. Орташа айлық жалақы (ОАЖ), мың теңге - 1 қызметкерге есептегендегі орташа айлық жалақының сомасы. Заңды тұлғаның 1 қызметкерге есептегендегі кірістерін ұлғайтпастан осы көрсеткішті ұлғайту теріс бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
ЕңбекБ1жол002
ОАЖ = ----------------
ЕңбекБ1жол001*12
60. Барлық қызметкерлердің іс жүзінде жасаған адам-сағаттары (ІЖЖ), адам-сағат - шын мәнінде жасалған уақыттың адам-сағаттардағы жалпы саны. Заңды тұлға кірістері мен қызметкерлер санының ұлғаюы болмай осы көрсеткіштің ұлғаюы теріс бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі:
ІЖЖ = ЕңбекБ1жол004
61. Бір қызметкердің іс жүзінде жасаған адам-сағаттары (1қІЖ), адам-сағат - еңбек қорының нормативтік және нақтылы мәндерін 1 қызметкерге есептеп салыстыруға мүмкіндік береді. Өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісі көлемдерінің ұлғаюы болмай осы көрсеткіштің ұлғаюы теріс бағаланады. Мына формула бойынша есептеледі: