Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2003 жылғы 2 сәуірдегі
N 135 бұйрығымен бекітілді
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізудің тәртібін анықтайды.
2. Талдау жүргізу үшін өзіне мыналарды қамтитын қаржылық ақпараттың мынадай нысандары ақпараттық дерекқор болып табылады:
1) Айналым балансы;
2) Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
3) Ақшаның қозғалысы туралы есеп;
4) Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп;
5) Еңбек жөніндегі есеп;
6) Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндіру туралы есеп;
7) Бөлінбеген кіріс қозғалысы туралы есеп (жабылмаған зиян);
8) Қаржылық ақпарат нысандарына түсіндірме жазба.
3. Көрсеткіштерді есептеу Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережесінде (бұдан әрі - Ереже) берілген.
4. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне талдау мынадай тізбектілікте жүргізіледі:
1) Активтерді қалыптастыру көздерін талдау:
өзіндік капитал;
кірістер мен шығыстар;
міндеттемелер.
2) Активтердің құрылымын талдау:
айналымнан тыс активтер;
ағымдағы активтер.
3) Еңбек және жалақыны талдау.
2. Активтерді қалыптастыру көздерін талдау
5. Активтердің құрамы мен қалыптастыру көздері құрылымының серпінін талдау олардың абсолюттік және салыстырмалы өсуінің немесе азаюының мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді, белгілі бір күнге активтерді қалыптастыру көздерінің бар-жоғын және белгілі бір мерзім ішінде олардың серпінінің өзгеруін қарап отыруға мүмкіндік береді.
6. Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі активтердің қалыптастыру көздеріндегі өзіндік капиталдың үлесіне тәуелді. Сондықтан, активтерді қалыптастыру көздері шектеледі және мемлекеттік кәсіпорын активтерінің қай бөлігі өзіндік капиталдың есебінен, қайсысы - міндеттемелер есебінен қалыптастырылатыны анықталады.
Тәуелсіздік коэффициенті мемлекеттік кәсіпорындар активтерінің қалыптастыру көздерінің жалпы көлеміндегі өзіндік капиталдың үлесін сипаттайды.
Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) Баланстың валютасы (Ереженің 2-тармағы);
2) Өзіндік капитал (Ереженің 3-тармағы);
3) Өзіндік айналым капиталы (Ереженің 22-тармағы);
4) Қаржыландыру коэффициенті (Ереженің 23-тармағы);
5) Тәуелсіздік коэффициенті (Ережелердің 24-тармағы).
7. Өзіндік капитал мөлшерінің өзгеруіне кірістер мен шығыстардың айырмасы ретінде есептелетін ағымдағы қызметтің қаржылық нәтижесі әсерін тигізеді.
Шығыстар негізгі қызмет бойынша шығыстар, кезеңнің шығыстары және негізгі қызмет бойынша шығыстар сияқты абсолюттік көрсеткіштерден қалыптастырылады.
Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын табыстылық пен пайдалылық коэффициенттері мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен бағалаудың элементтері болып табылады.
Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) Кірістер (Ереженің 5-тармағы);
2) Негізгі қызметтен алынатын кіріс (Ереженің 6-тармағы);
3) Негізгі емес қызметтен алынатын кірістер (Ереженің 7-тармағы);
4) Шығыстар (Ереженің 8-тармағы);
5) Сатылған дайын өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны (Ереженің 9-тармағы);
6) Кезеңнің шығыстары (Ереженің 10-тармағы);
7) Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар (Ереженің 11-тармағы);
8) Таза табыс (Ереженің 12-тармағы);
9) Ағымдағы қызметтің пайдалылығы (Ереженің 13-тармағы);
10) Негізгі қызметтің пайдалылығы (Ереженің 14-тармағы);
11) Негізгі емес қызметтің пайдалылығы (Ереженің 15-тармағы);
12) Активтердің табыстылығы (Ереженің 16-тармағы);
13) Өзіндік капиталдың табыстылығы (Ереженің 18-тармағы);
14) Жарғылық капиталдың табыстылығы (Ереженің 19-тармағы).
8. Кәсіпорын кірістері мен шығыстарының нақты және жоспарлы көрсеткіштерін салыстырмалы талдау кәсіпорын кірістері мен шығыстарының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылау үшін жүзеге асырылады. Талдау процесінде нақты және жоспарлы көрсеткіштердің арасындағы абсолюттік және салыстырмалы ауытқулар анықталады, осындай ауытқулардың себептері қарастырылады.
9. Таза табысты пайдалануды талдауда таза табыс сомаларын республикалық бюджетке аударуға, резервтік капиталды (толықтыруға) қалыптастыруға, өндірісті және өзге де бағыттарды дамытуға бөлу, сондай-ақ олардың "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297 қаулысымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысын бөлу нормативтерін белгілеу, келісу және бекіту Ережесінің негізінде белгіленетін бөлу нормативтеріне сәйкестігі көрсетіледі.
10. Активтері қалыптастырудың құрамдас бөліктерінің бірі кәсіпорынның міндеттемелері немесе қарыз қаражаттары болып табылады. Несиегерлер тарапынан мемлекеттік кәсіпорын алатын коммерциялық несиенің ұлғаюын немесе азаюын міндеттемелердің айналымдылық коэффициенті және олардың айналым мерзімі сияқты көрсеткіштер ашып көрсетеді.
Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) Міндеттемелер (Ереженің 4-тармағы);
2) Қарыздар (Ереженің 25-тармағы);
3) Бюджетпен есептесу (Ереженің 27-тармағы);
4) Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық борыш (Ереженің 28-тармағы);
5) Алынған аванстар және жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу (Ереженің 29-тармағы);
6) Өзге кредиторлық берешек пен аударымдар (Ереженің 30-тармағы);
7) Жалақы жөніндегі берешек (Ереженің 31-тармағы);
8) Міндеттемелердің айналымдылық коэффициенті (Ереженің 32-тармағы);
9) Міндеттемелердің айналым мерзімі (Ереженің 33-тармағы).
3. Активтерді талдау
11. Активтердің құрамы мен құрылымының серпінін талдауда айналымнан тыс активтердің, оның ішінде материалдық емес активтердің, негізгі қаражат пен инвестициялардың ағымдағы жай-күйі мен серпіні бөлек қарастырылады. Бұдан басқа тозу коэффициентімен сипатталатын негізгі қаражаттардың техникалық жағдайы анықталады.
Мемлекеттік кәсіпорын мүлкі құнының ұлғаюының себептерін талдай отырып, олардың есебінен арту болған көздер, сондай-ақ инфляцияның әсері анықталады.
Активтерді әртараптандыру мүмкіндігі жөніндегі ақпаратты білу үшін мемлекеттік кәсіпорын активтерінің қай бөлігі айналымнан тыс активтерде шоғырланғанын көрсететін оңтайлылық коэффициенті есептеледі.
Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) Айналымнан тыс активтер (Ереженің 36-тармағы);
2) Материалдық емес активтер (Ереженің 37-тармағы);
3) Негізгі қаражаттар (Ереженің 38-тармағы);
4) Негізгі қаражаттардың тозу коэффициенті (Ереженің 39-тармағы);
5) Активтердің айналымдылық коэффициенті (Ереженің 34-тармағы);
6) Активтердің айналым мерзімі (Ереженің 35-тармағы);
7) Қайтарым қоры (Ереженің 17-тармағы);
8) Инвестициялар (Ереженің 40-тармағы);
9) Жарғылық капиталдың активтермен қамтамасыз етілуі (Ереженің 41-тармағы);
10) Оңтайлылық коэффициенті (Ереженің 42-тармағы).
12. Ағымдағы активтерді талдау кезінде тауар-материалдық қорлардың, дебиторлық берешектің, қаржылық инвестициялардың және ақшаның құрамы мен құрылымы қарастырылады. Активтердің қозғалысы мен өндірістің кезеңділігі туралы ақпаратты ашып көрсету үшін міндеттемелердің айналымдылық коэффициенті және олардың айналым мерзімі сияқты көрсеткіштер қолданылады. Кәсіпорынның төлеуге қабілетсіздігі қаупінің деңгейі тауар-материалдық қорлардың, дебиторлық берешек пен ақшаны келешек кезеңдегі кірістер мен шығыстар сомасын ескерместен міндеттемелер сомасына бөлу жолымен есеп айырысатын өтімділік коэффициентімен анықталады.
Талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) Тауарлық-материалдық қорлар (Ереженің 43-тармағы);
2) Материалдардың айналымдылық коэффициенті (Ереженің 54-тармағы);
3) Материалдардың айналым мерзімі (Ереженің 45-тармағы);
4) Аяқталмаған өндірістің айналымдылық коэффициенті (Ереженің 46-тармағы);
5) Аяқталмаған өндірістің айналым мерзімі (Ереженің 47-тармағы);
6) Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті (Ереженің 48-тармағы);
7) Дайын өнімнің айналым мерзімі (Ереженің 49-тармағы);
8) Тауарлардың айналымдылық коэффициенті (Ереженің 50-тармағы);
9) Тауарлардың айналым мерзімі (Ереженің 51-тармағы);
10) Дебиторлық берешек және басқа да активтер (Ереженің 52-тармағы);
11) Қаржылық инвестициялар және ақша (Ереженің 53-тармағы);
12) Ақша түсімі (Ереженің 54-тармағы);
13) Өтімділік коэффиценті (Ереженің 55-тармағы);
14) Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффиценті (Ереженің 56-тармағы);
15) Дебиторлық берешектің айналым мерзімі (Ереженің 57-тармағы).
4. Еңбек пен жалақыны талдау
13. Еңбек пен жалақыны талдау барлық қызметкерлердің адам-сағаттарды нақты қалай істегені және жалақы қоры сияқты көрсеткіштер кешенімен бірге қарастырылуы тиіс қызметкерлер санының серпінін қарауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жалақы бойынша берешектерді есептеу және өтеудің серпіні, оның ішінде: өтеудің ақша, тауар, жұмыстар мен қызметтер сияқты түрлері қарастырылып, талданады.
Еңбек пен жалақыны талдау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) Қызметкерлердің саны (Ереженің 58-тармағы);
2) Орташа айлық жалақы (Ереженің 59-тармағы);
3) Барлық қызметкерлердің іс жүзінде істеген адам-сағаттары (Ереженің 60-тармағы);
4) Бір қызметкердің іс жүзінде істеген адам-сағаты (Ереженің 61-тармағы);
5) Еңбек өнімділігі (Ереженің 62-тармағы).