Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі Нұсқаулықты, Мемлекеттік
кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу Ережелерін және Жарғылық
капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау Ережелерін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2003 ж. 2 сәуірдегі N 135 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулық және оған қоса беріліп отырған қаржылық ақпарат нысандары:
1-нысан: "Базалық көрсеткіштер" (1-қосымша);
2-нысан: "Айналым балансы" (2-қосымша);
3-нысан: "Кірістер мен шығыстар туралы есеп" (3-қосымша);
4-нысан: "Ақшаның қозғалысы туралы есеп" (4-қосымша);
5-нысан: "Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп" (5-қосымша);
6-нысан: "Еңбек жөніндегі есеп" (6-қосымша);
7-нысан: "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндіру мен сату туралы есеп" (7-қосымша);
8-нысан: "Бөлінбеген кіріс қозғалысы туралы есеп (жабылмаған зиян)" (8-қосымша);
9-нысан: "Қаржылық ақпарат нысандарына түсіндірме жазба" (9-қосымша)";
2) Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ережесі;
3) Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережесі бекітілсін.
2. "Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ережелерін және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 182 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік емес мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың директорлар кеңесіндегі мемлекеттік өкілдермен қаржылық ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы М.С.Рахановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
02 cәуірдегі 2003 жылғы
N 135 бұйрығымен
бекітілген
Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық және қаржылық ақпарат нысандары мемлекеттік меншікті тиімді басқаруды арттыру мақсатында әзірленді.
2. 1-нысан "Базалық көрсеткіштер" (1-қосымша)
2. 1 "Заңды тұлғаның толық атауы" жолы бойынша - Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлікке сәйкес заңды тұлғаның толық атауы толтырылады.
3. 2 "ID-код (бірегей сәйкестендіру коды)" жолы бойынша Мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және мемлекеттің қатысу үлесі бар шаруашылық серіктестіктердің Мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдармен иеленеді.
4. 3 "Ұйымдық-құқықтық нысан" жолы бойынша - Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлікке сәйкес толтырылады.
5. 4 "Толық почталық (заңды) мекен-жайы" жолы бойынша - индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше (шағын аудан), үй (егер заңды тұлға шетелде орналасса - елі) толтырылады.
6. 5 "Заңды тұлғаның бастапқы мемлекеттік тіркелген күні" жолы бойынша және 6 "Заңды тұлғаның соңғы мемлекеттік қайта тіркелген күні" жолы бойынша - Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлікке сәйкес толтырылады.
7. 7 "Заңды тұлғаның бастапқы мемлекеттік тіркеу нөмірі" жолы бойынша және 8 "Заңды тұлғаның соңғы мемлекеттік қайта тіркеу нөмірі" жолы бойынша - Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлікке сәйкес толтырылады.
8. 9 "СТН" жолы бойынша - Салық төлеушінің куәлігіне сәйкес толтырылады.
9. 10 "Басқару органының (мемлекеттік орган немесе заңды тұлға) атауы" жолы бойынша иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган - акционерлік қоғамдар үшін (мемлекеттік басқару органы - мемлекеттік кәсіпорындар үшін), не мемлекеттік мүлік сенімгерлік басқаруға берілген заңды немесе жеке тұлға көрсетіледі.
10. 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-жолдарды акционерлік қоғамдар толтырады.
11. 11 "Акциялар эмиссиясының бастапқы мемлекеттік тіркелген күні" жолы бойынша және 12 "Акциялар эмиссиясының соңғы мемлекеттік тіркелген күні" жолы бойынша - уәкілетті орган эмиссия тіркеуге сәйкес эмиссия күні толтырады.
12. 13 "Акциялар эмиссиясының бастапқы мемлекеттік тіркеу нөмірі" жолы бойынша және 14 "Акциялар эмиссиясының соңғы мемлекеттік тіркеу күні" жолы бойынша - Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлікке сәйкес эмиссия нөмірі толтырылады.
13. 15 "Акциялардың саны, барлығы" жолы бойынша - Қоғамның жарғысына сәйкес акциялардың жалпы саны (дана) толтырылады.
14. 15.1 "қарапайым акциялар" жолы бойынша - қарапайым акциялардың жалпы саны (дана) толтырылады.
15. 15.2. "артықшылығы бар акциялар" жолы бойынша - артықшылығы бар акциялардың жалпы саны (дана) толтырылады.
16. 16 "Бір акцияның атауы" жолы бойынша - Қоғамның жарғысына сәйкес бір акцияның номиналдық құны толтырылады.
17. 17 "Акциялардың мемлекеттік пакеті (дана)" жолы бойынша мемлекетке тиесілі акциялардың саны (дана) толтырылады.
18. 18 "Акциялардың соңғы эмиссиясын тіркеуші жөніндегі деректер (тіркеушінің атауы, мекен-жайы, лицензияның нөмірі, байланыс телефоны)" тіркеушінің толық атауы, заңды мекен-жайы, лицензияның нөмірі мен байланыс телефонының нөмірі толтырылады.
19. 19 "ЖШС-тың жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлес, (%)" құрылтайшылық құжаттарға сәйкес толтырылады.
20. 20 "Басшының лауазымы" штат кестесіне сәйкес толтырылады.
21. 21, 22 және 23 жолдар бойынша. Тегі, аты және әкесінің аты толық толтырылады.
22. 24, 25 және 26 жолдар бойынша. Міндетті түрде елді мекеннің коды толтырылады.
23. 27 "Электрондық мекен-жайы (e-mail)" жолы бойынша - кәсіпорынның электрондық почтасының мекен-жайы толтырылады.
3. 2 "Айналым балансы" нысаны (2-қосымша)
24. Міндетті түрде қорытынды сомалар 2 "Айналым балансы" нысанының (бұдан әрі - айналым балансы) бөлімдері мен бөлімшелері бойынша есептеледі.
25. Айналым балансының 10, 12, 14, 20, 21, 22, 30, 32, 33, 34, 35, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 51 және 52-бөлімшелеріндегі шоттар бойынша сальдо дебет бойынша көрсетіледі, көрсетілген бөлімдер мен бөлімшелердің шоттарында кредиттік сальдо пайда болған жағдайда, осы сома "минус" белгісімен дебет бойынша көрсетіледі.
26. 6 бөлім мен 11, 13, 31, 53, 54, 55 және 56-бөлімшелердегі шоттар бойынша сальдо кредит бойынша көрсетіледі, көрсетілген бөлімдер мен бөлімшелердің шоттарында дебеттік сальдо пайда болған жағдайда, ол "минус" белгісімен кредит бойынша көрсетіледі.
27. Айналым балансының барлық шоттары бойынша айналымдар толық түрде көрсетіледі, яғни дебеттік және кредиттік айналымдар толтырылады. Айналым балансының 7, 8 және 9-бөлімдердегі шоттар бойынша есептік кезең үшін айналымдар міндетті түрде толтырылады, бұл ретте, шоттар міндетті түрде жабылады, яғни бұл шоттар бойынша сальдо жоқ.
28. Баланс валютасының есепті кезеңінің басындағы және аяғындағы дебеттік сальдо 11, 13 және 31-бөлімшелердің кредит сальдосының сомасын азайтып, 1, 2, 3 және 4-бөлімдердің дебет сальдосының сомасын қосу жолымен есептеледі, яғни баланс - нетто.
29. Баланс валютасының есепті кезеңінің басындағы және аяғындағы кредит сальдосы 51 және 52-бөлімшелердің дебет сальдосының сомасын азайтып, айналым балансының 5 және 6-бөлімдерінің сомасын қосу жолымен есептеледі, яғни баланс-нетто.
30. Баланс валютасының дебеттік және кредиттік айналымдары тиісінше дебет бойынша және кредит бойынша айналым балансының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-бөлімдерінің сомаларын қосу жолымен есептеледі.
31. 1, 2, 3, 4, 5 және 6-бөлімдердің шоттарында ұйымның құрылымдық бөлімшелері (өкілдіктері, филиалдары) мен орталық аппарат арасында ішкі айналымдар көрсетілмеуі тиіс.
32. "Анықтамалық*" кестесінің А бөліміндегі "Шектеулі" бағанында есепті кезең үшін билік етуге шектеулі мүліктердің құны көрсетіледі. "Өндіріп алынғаны" бағанында есепті кезең үшін салық органдары өндіріп алған мүліктердің құны көрсетіледі. "Алынғаны" бағанында есепті кезең үшін билік етудегі шектеу алынған мүліктің құны көрсетіледі. Есепті кезеңнің аяғына сальдо өндіріп алынған және шектеу алынған мүлік құнын азайтып, есепті кезеңнің басындағы сальдо мен билік ету шектелген мүліктің сомасын қосу жолымен есептеледі.
33. "Анықтамалық*" кестесінің "Б" бөліміндегі есепті кезең аяғындағы сальдо төленген және шақырып алынған инкассолық өкімдер сомасын азайтып есепті кезеңнің басындағы сальдо мен қойылған инкассолық өкімдер сомасын қосу жолымен есептеледі.
34. "Анықтамалық*" кестесінің "В" бөлімінде есепті кезең үшін сот шешіміне сәйкес кредиторлардың талабы бойынша алынған мүліктің сомасы көрсетіледі.
4. 3 "Кірістер мен шығыстар туралы есеп" нысаны (3-қосымша)
35. 1 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс" жолы бойынша айналым балансының 70-бөлімшесіндегі несиелік айналымның сомасы көрсетіледі.
36. 2 "Сатылған дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" жолы бойынша айналым балансының 80-бөлімшесі дебеттік айналымының сомасы көрсетіледі.
37. 4 "Кезеңнің шығыстары, оның ішінде" жолы бойынша 4.1, 4.2, 4.3-жолдарының жалпы сомасы көрсетіледі. 4.1-жол бойынша 821 "Жалпы және әкімшілік шығыстар" шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі, 4.2-жол бойынша 811 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізу байланысты шығыстар" шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі, 4.3-жол бойынша 831 "Сыйақы түріндегі шығыстар" шотының айналым балансының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі.
38. 6 "Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс (шығыс)" жолы бойынша айналым балансының 72-бөлімшесінің кредиттік айналым сомасы мен айналым балансының 84-бөлімшесінің дебеттік айналым сомасы арасындағы айырмашылық сомасы көрсетіледі.
5. 4 "Ақша қозғалысы туралы есеп" нысаны (4-қосымша)
39. "Бухгалтерлік есеп стандарттары туралы" Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекітілген N 4 Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес тікелей әдіспен толтырылады.
40. "Есепті кезеңнің басындағы ақша" жолы бойынша айналым балансының 41 "Жолдағы ақша", 42 "Банктердегі арнаулы есеп шоттардағы ақша", 43 "Валюталық шоттағы ақшалар", 44 "Есеп айырысу шотындағы ақшалар" және 45 "Кассадағы қолға берілетін ақшалар" бөлімшелерінің есепті кезең басындағы дебеттік сальдо сомасы көрсетілді. "Есепті кезеңнің аяғындағы ақшалай қаражат" жолы бойынша айналым балансының 41 "Жолдағы ақша", 42 "Банктердегі арнаулы есеп шоттардағы ақша", 43 "Валюталық шоттағы ақшалар", 44 "Есеп айырысу шотындағы ақшалар", 45 "Кассадағы қолға берілетін ақшалар" бөлімшелерінің есепті кезеңнің аяғындағы дебеттік сальдоның сомасына тең болуы тиіс "Жиыны: ақшаның артуы (+)/азаюы (-)" және "Есепті кезеңнің басындағы ақша" жолдарының сомалары көрсетіледі.
6. 6 "Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп" нысаны (5-қосымша)
41. 1 "Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы" жолы бойынша 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.15, 1.16, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20, 1.21, 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26 және 1.27 жолдарының сомасына тең болуы тиіс айналым балансының 821 шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі. 1.7 жолы бойынша 1.7.1 және 1.7.2. жолдарының сомасы көрсетіледі.
42. 2 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді), барлығы" жолы бойынша 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11 және 2.12 жолдарының сомасына тең болуы тиіс айналым балансының 811 шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі. 2.7 жолы бойынша 2.7.1 және 2.7.2. жолдарының сомасы көрсетіледі.
43. 3 "Сыйақы түріндегі шығыстар" жолы бойынша 3.1, 3.2, 3.3 және 3.4. жолдарының сомасына тең болуы тиіс айналым балансының 831 айналым шотының дебеттік айналым сомасы көрсетіледі.
7. 6 "Еңбек бойынша есеп" нысаны (6-қосымша)
44. 1 "Қызметкерлердің саны және жалақы қоры" бөлімі есепті кезең үшін Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 12 шілдедегі N 38-Г бұйрығымен бекітілген Еңбек бойынша статистикалық есептемені толтыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес толтырылады.
45. 2 "Еңбекке ақы төлеу" бөлімі есепті кезең үшін толтырылады.
46. 001 "Есепті кезең үшін басындағы жалақы бойынша берешек" жолы бойынша айналым балансының 681 "Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу", 682 "Лауазымды тұлғаларға борыш" және 685 "Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген борыш" шоттарының есепті кезең басындағы кредиттік сальдоның сомасы көрсетіледі.
47. 002 "Есепті кезең үшін есептелгені" жолы бойынша айналым балансының 681 "Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу", 682 "Лауазымды тұлғаларға борыш" және 685 "Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген борыш" шоттарының есепті кезең үшін кредиттік айналымның сомасы көрсетіледі.
48. 003 "Ұсталғаны, барлығы" жолы бойынша 004, 005, 006-жолдардың сомасы көрсетіледі.
49. 007 "Есепті кезең үшін төленгені, барлығы" жолы бойынша 008, 009-жолдардың сомасына тең болуы тиіс зейнеткерлік жарналар, жеке табыс салығы мен өзгелер бойынша ұсталған сомаларды азайтып, айналым балансының 681 "Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу", 682 "Лауазымды тұлғаларға борыш" және 685 "Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген борыш" шоттарының есепті кезең үшін дебеттік айналымының сомасы көрсетіледі.
50. 010 "Есепті күнге сальдо (қалдық)" жолы бойынша 003 және 007-жолдардың сомасын азайтып 001 және 002-жолдардың сомасына тең болуы тиіс айналым балансының 681 "Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу", 682 "Лауазымды тұлғаларға борыш" және 685 "Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген борыш" шоттарының есепті кезең соңына кредиттік сальдоның сомасы көрсетіледі.
8. 7 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді)
өндіру мен сату туралы есеп" нысаны (7-қосымша)
51. 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4 және 2.5-жолдар бойынша өнімдердің негізгі түрлері толтырылады, әр жол бойынша өлшеу бірлігі жақшаның ішінде толтырылады.
52. 1.6 және 2.6-жолдар бойынша өнімнің өзге түрлері толтырылады, бұл ретте, 4, 6, 8 және 10-бағандар бойынша ғана деректер көрсетіледі, яғни құндық тұлғалануында.
53. 1 "Дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің) өндірілгені" жолы бойынша 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5 және 1.6-жолдардың сомасы көрсетіледі. Міндетті түрде өндірілген өнімдердің барлық түрі көрсетіледі. Бұл ретте, өнім түрлерінің жолдары бойынша және 4, 6, 8, 10-бағандар бойынша өзіндік құны көрсетіледі, яғни 221 "Дайын өнім" шотының дебеттік айналымы. Егер аяқталмаған өндірістің өнімдерінің өндірілуі көрсетілсе, жеке жолмен аяқталмаған өндіріс өнімдерінің атауы, өлшем бірлігі, саны және сомасы көрсетілсін. Егер жұмыстар мен қызметтер жүзеге асырылса, онда 80 "Сатылған дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны, барлығы бөлімшелер бойынша" бөлімшесі шоттарының дебеттік айналымының сомасы көрсетіледі.
54. 2-жол бойынша 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5 және 2.6-жолдардың сомасы көрсетіледі. Міндетті түрде сатылған өнімдердің барлық түрлері көрсетіледі. Бұл ретте, өнім түрлерінің жолдары бойынша және 4, 6, 8, 10-бағандар бойынша сатылуы көрсетіледі, яғни 701 "Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс" шотының несиелік айналымы.
55. Қажеттілік болған кезде қосымша жолдар қосылады.
9. 8 "Бөлінбеген кіріс(жабылмаған зиян) қозғалысы туралы есеп"
нысаны (8-қосымша)
56. 1 "Жылдың басындағы сальдо" жолы бойынша айналым балансының 562 "Алдағы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян)" шотының есепті кезең басындағы сальдо көрсетіледі.
57. 2 "Есепті кезең үшін алынған таза табыс (шығын)" жолы бойынша 3 "Кірістер мен шығыстар туралы есеп" нысанының 11 "ТАЗА ТАБЫС (ШЫҒЫН)" жолының сомасы көрсетіледі.
58. 3 "Бөлінбеген кірісті басқа да арттырулар, барлығы" жолы бойынша 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8, 3.9 және 3.10-жолдардың сомасы көрсетіледі.
59. 4 "Жиыны" жолы бойынша 2 және 3-жолдардың сомасы көрсетіледі.
60. 5 "________ __________ кезең ішінде қызмет қорытындылары бойынша есептелген дивидендтер (таза табыстың бөлігі РМК үшін)" жолы бойынша 62 "Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша есеп айырысу, бөлімшелер бойынша барлығы" бөлімшесінің кредиттік айналымы көрсетіледі.
61. 6 "Бөлінбеген кірісті басқа да азайтулар, барлығы" жолы бойынша 6.1, 6.2, 6.3, 6.4, 6.5, 6.6, 6.7, 6.8, 6.9 және 6.10-жолдардың сомалары көрсетіледі.
62. 7 "Жиыны" жолы бойынша 5 және 6-жолдардың сомасы көрсетіледі.
63. 8 "Жыл соңындағы сальдо" жолы бойынша 561 және 562-шоттар бойынша жыл аяғындағы сальдомен тең болуы тиіс 7-жолды шегеріп 1 және 4-жолдардың сомалары көрсетіледі.
10. 9 "Қаржылық ақпарат нысандарына түсіндірме жазба"
нысаны (9-қосымша)
64. Түсіндірме жазбада ұйымның қаржы-шаруашылық қызметтері операцияларының ерекшеліктері ашып көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2003 жылғы 2 сәуірдегі
N 135 бұйрығымен бекітілген
Қаржылық ақпарат
нысандарын толтыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
1-нысан
Базалық көрсеткіштер
20 ____жылғы 01______ арналған
N | Көрсеткіштің атауы | Ақпарат |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 15.1 15.2 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 | Заңды тұлғаның толық атауы ID-коды (бірегей сәйкестендіру коды) Ұйымдық-құқықтық нысан Толық почталық (заңды) мекен-жайы Заңды тұлғаның бастапқы мемлекеттік тіркелген күні Заңды тұлғаның соңғы рет мемлекеттік қайта тіркелген күні Заңды тұлғаның бастапқы мемлекеттік тіркеу нөмірі Заңды тұлғаның соңғы мемлекеттік қайта тіркеу нөмірі СТН Басқару органының (мемлекеттік орган немесе заңды тұлға) атауы Акциялар эмиссиясының бастапқы мемлекеттік тіркелген күні* Акциялар эмиссиясының соңғы мемлекеттік тіркелген күні Акциялар эмиссиясының бастапқы мемлекеттік тіркеу нөмірі Акциялар эмиссиясының соңғы мемлекеттік тіркеу нөмірі Акциялардың саны, барлығы оның ішінде жай акциялар артықшылығы бар акциялар Бір акцияның атауы, теңге Акциялардың мемлекеттік пакеті (дана) Акциялардың соңғы эмиссиясын тіркеуші жөніндегі деректер (тіркеушінің атауы, мекен-жайы, лицензия нөмірі, байланыс телефоны) ЖШС-тың жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлес, (%)** Басшының лауазымы Басшының тегі, аты-жөні Бас бухгалтердің тегі, аты-жөні Жауапты орындаушының тегі, аты-жөні Басшының телефоны (елді мекеннің коды) Бас бухгалтердің телефоны (елді мекеннің коды) Жауапты орындаушының телефоны (елді мекеннің коды) Электронды мекен-жайы (e-mail) | |
Бас бухгалтер ____________________________
қолы***
Жауапты орындаушы ____________________________
қолы***
* 11-18-тармақтарды тек АҚ толтырады
** 19-тармақты тек ЖШС толтырады
*** Қолдар мөрмен бекітіледі
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2003 жылғы 2 сәуірдегі
N 135 бұйрығымен бекітілген
Қаржылық ақпарат
нысандарын толтыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
2-нысан
Айналым балансы
Заңды тұлғаның атауы
____жылғы 01______ бастап ____ жылғы 01_______ кезеңі
мың теңге
Шоттың коды | Шоттың атауы | Есепті кезеңнің басталу күні | Есепті кезең үшін айналым. дар | Келесі кезеңнің басталу күні |
сальдо | сальдо |
| Д-т | К-т | Д-т | К-т | Д-т | К-т |
1 бөлім. АЙНАЛЫМНАН ТЫС АКТИВТЕР, Бөлім бойынша жиыны |
10 Материалдық емес активтер, бөлімше бойынша барлығы 101 Лицензиялық келісімдер 102 Бағдарламалық қамтамасыз ету 103 Патенттер 104 Ұйымдастыру шығындары 105 Гудвилл 106 өзге де материалдық емес активтер 11 Материалдық емес активтер. дің амортизациясы, бөлімше бойынша барлығы 111 МЕА амортизациясы - Лицензиялық келісімдер 112 МЕА амортизациясы - Бағдарламалық қамтамасыз ету 113 МЕА амортизациясы - Патенттер 114 МЕА амортизациясы - Ұйымдастыру шығындары 115 МЕА амортизациясы - Гудвилл 116 МЕА амортизациясы - өзге де материалдық емес активтер 12 Негізгі қаражат, бөлімше бойынша барлығы 121 Жер 122 Ғимараттар мен құрылыс- жайлары 123 Машиналар мен құрал-жабдық. тар, қосалқы тетіктер 124 Көлік құралдары 125 өзге де негізгі қорлар 126 Аяқталмаған құрылыс 13 Негізгі қорлардың тозуы, бөлімше бойынша барлығы 131 Ғимараттар мен құрылыс- жайларының тозуы 132 Машиналар мен құрал-жабдық. тардың, қосалқы тетіктердің тозуы 133 Көлік құралдарының тозуы 134 өзгеде негізгі қорлардың тозуы 14 Инвестициялар, бөлімше бойынша барлығы 141 Еншілес ұйымдарға инвестициялар 142 Тәуелді ұйымдарға инвестициялар 143 Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар 144 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 2 бөлім. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР, бөлім бойынша жиыны 20 Материалдар, бөлімше бойынша барлығы 201 Шикізат пен материалдар 202 Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер 203 Отын 204 Ыдыс және ыдыстық заттар 205 Қосалқы бөлшектер 206 өзге де материалдар 207 өңдеуге берілген материалдар 208 Құрылыс материалдары мен басқалар 21 Аяқталмаған өндіріс, бөлімше бойынша барлығы 211 Негізгі өндіріс 212 өзінде өндірілген жартылай фабрикаттары 213 Көмекші өндіріс 22 Тауарлар, бөлімше бойынша барлығы 221 Дайын өнім 222 Алынған тауарлар 223 өзге де тауарлар 3 бөлім. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АКТИВТЕР, Бөлім бойынша жиыны 30 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі, бөлімше бойынша барлығы 301 Алуға арналған есептеулер 302 Алынған вексельдер 303 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқа да берешегі 31 Күдікті талаптар жөніндегі резервтер, бөлімше бойынша барлығы 32 Сабақтас (тәуелді) ұйым. дардың дебиторлық берешегі, бөлімше бойынша барлығы 321 Сабақтас ұйымдардың дебиторлық борышы 322 Тәуелді ұйымдардың дебитор. лық борышы 323 Бірлесіп бақыланбалы заңды тұлғалардың борышы 33 өзге де дебиторлық борыш, бөлімше бойынша барлығы 331 Орнын толтыруға ҚҚС 332 Есептелген сыйақылар 333 Қызметкерлер мен басқада тұлғалардың борышы 334 өзге де дебиторлық борыш 34 Алдағы кезеңдердің шығындары, бөлімше бойынша барлығы 341 Сақтандыру полисі 342 Жалдау ақысы 343 Алдағы кезеңдердің өзгеде шығындары 35 Берілген аванстар, бөлімше бойынша барлығы 351 ТМҚ жеткізу үшін берілген аванстар 352 Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар 353 өзге де берілген аванстар 4 бөлім. ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ АҚШАЛАР, Бөлім бойынша жиыны 40 Қаржылық инвестициялар, бөлімше бойынша барлығы 401 Акциялар 402 Облигациялар 403 өзге де қаржылық инвестициялар 41 Жолдағы ақша, бөлімше бойынша барлығы 42 Банктердегі арнаулы есепшоттардағы ақша, бөлімше бойынша барлығы 421 Аккредитивтердегі ақша 422 Чек кітапшаларындағы ақша 423 Банктердегі арнаулы шоттарындағы ақша 424 Банктердегі өзге де шоттарындағы ақша 43 Валюталық шоттағы ақшалар, бөлімше бойынша барлығы 431 Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақшалар 432 Шетелдегі валюталық шоттағы ақшалар 44 Есеп айырысу шотындағы ақшалар, бөлімше бойынша барлығы 45 Кассадағы қолға берілетін ақшалар, бөлімше бойынша барлығы 451 Кассадағы ұлттық валюта. мен қолға берілетін ақшалар 452 Кассадағы шетелдік валютамен қолға берілетін ақшалар 5 бөлім. ӨЗІНДІК КАПИТАЛ, Бөлім бойынша жиыны 50 Жарғылық капитал, бөлімше бойынша барлығы 501 Қарапайым акциялар 502 Артықшылығы бар акциялар 503 Салымдар мен пайлар 51 Төленбеген капитал, бөлімше бойынша барлығы 52 Қайтарып алынған капитал, бөлімше бойынша барлығы 53 Төленген қосымша капитал, бөлімше бойынша барлығы 54 Төленбеген қосымша капитал, бөлімше бойынша барлығы 541 Негізгі қорларды қайта бағалаудан алынатын төленбеген қосымша капитал 542 Инвестицияларды қайта бағалаудан алынатын төленбеген қосымша капитал 543 өзге де активтерді қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал 55 Резервтік капитал, бөлімше бойынша барлығы 551 Заңмен белгіленген резервтік капитал 552 өзге де резервтік капитал 56 Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян), бөлімше бойынша барлығы 561 Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян) 562 Алдағы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зиян) 57 Жиынтық кіріс (зиян), бөлімше бойынша барлығы 6 бөлім. МІНДЕТТЕМЕЛЕР, Бөлім бойынша барлығы 60 Қарыздар, бөлімше бойынша барлығы 601 Банктердің қарыздары 602 Банктен тыс мекемелер. дің қарыздары 603 өзгелер 61 Алдағы кезеңдердің кірістері, бөлімше бойынша барлығы 62 Қатысушылардың дивиденд. тері мен кірістері бойынша есептеулер, бөлімше бойынша барлығы 621 Жай акциялар бойынша есеп айырысу 622 Артықшылықты акциялар бойынша есеп айырысу 623 Қатысушылардың кірістері бойынша есептесу 63 Бюджетпен есептесу, бөлімше бойынша барлығы 631 Төлеуге салынатын корпоративті табыс салығы 632 Кейінге қалдырылған корпоративті табыс салығы 633 ҚҚС 634 Акциздер 635 Әлеуметтік салық 636 Жер салығы 637 Мүлікке салынатын салық 638 Көлік құралдарына салық 639 өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер 64 Еншілес (тәуелді) ұйымдарға кредиторлық борыш, бөлімше бойынша барлығы 641 Еншілес ұйымдарға борыш 642 Тәуелді ұйымдардың қарыздары 643 Бірлесіп бақыланбалы заңды тұлғалар борыш 65 Кепілдіктер мен шартты міндеттемелер, бөлімше бойынша барлығы 651 Кепілдікті міндеттемелер 652 Шартты міндеттемелер 66 Алынған аванстар, бөлімше бойынша барлығы 661 ТМҚ бергені үшін алынған аванстар 662 Жұмыстар және көрсетілген қызметтерді орындағаны үшін алынған аванстар 663 Алынған өзге де алынған аванстар 67 Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар, бөлімше бойынша барлығы 671 Төлеуге шоттар 68 өзге де кредиторлық борыш және есептеу, бөлімше бойынша барлығы 681 Еңбекақысы бойынша қызметкермен есеп айырысу 682 Лауазымды тұлғаларға борыш 683 Жалгерлік міндеттемелер 684 Төлеуге сыйақылар 685 Қызметкерлердің демалыс. тары бойынша есептелген борыш 686 Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу 687 өзгелер 7 бөлім. КІРІСТЕР, Бөлім бойынша барлығы 70 Негізгі қызметтің кірісі, бөлімше бойынша барлығы 701 Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын кіріс 71 Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатудан шегерімдері, бағадан шегерім, бөлімше бойынша барлығы 711 Сатудан тауарлардың қайтарылуы 712 Сатудан шегерім 713 Бағадан шегерім 72 Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс, бөлімше бойынша барлығы 721 Материалдық емес активтердің істен шығарылуынан алынатын кіріс 722 Негізгі қордың істен шығарылуынан алынатын кіріс 723 Инвестициялар, қаржы инвестициялар шегерілуі. нен кіріс 724 Акциялар бойынша дивидендтер және сыйақы түріндегі кірістер 725 Бағамдар айырмашылығынан алынатын кіріс 726 Атқарушы үкімет органдар. дың субсидиялары 727 Негізгі емес қызметтен алынатын өзге де кірістер 8 бөлім. ШЫҒЫСТАР, Бөлім бойынша жиыны 80 Сатылған дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны, бөлімше бойынша барлығы 801 Сатылған дайын өнімнің (жұмыстардың, қызмет. тердің) өзіндік құны 81 Дайын өнімді (тауарлар. дың, жұмыстардың, қызметтердің) өткізуге байланысты шығыстар, бөлімше бойынша барлығы 82 Жалпы және әкімшілік шығыстар, бөлімше бойынша шығыстар 83 Сыйақы түріндегі шығыстар, бөлімше бойынша шығыстар 84 Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстар, бөлімше бойынша барлығы 841 Материалдық емес активтерді өткізуге байланысты шығыстар 842 Негізгі құралдардың істен шығуы бойынша шығыстар 843 Инвестициялар, қаржы инвестициялар істен шығуы бойынша шығыстар 844 Бағам айырмасы бойынша шығыстар 845 Негізгі емес қызметтен бойынша өзге де шығыстар 85 Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар, бөлімше бойынша шығыстар 86 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін кірістер (шығындар), бөлімше бойынша барлығы 861 Табиғат апатынан болған өтелмеген шығындар 862 Табиғат апатынан болған кірістер (шығындар) 863 Тоқтатылған операциялар. дан болған кірістер (шығындар) 864 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын өзге де кірістер (шығындар) 87 Басқа ұйымдардағы үлестік қатысудың кірісі (шығын), бөлімше бойынша барлығы 9 бөлім. ӨНДІРІСТІК ЕСЕПТЕУДІҢ ЕСЕПТЕМЕСІ, Бөлім бойынша барлығы 90 Негізгі өндіріс, бөлімше бойынша барлығы 900 Негізгі өндіріс 901 Материалдар 902 өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы 903 Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар 904 Құжаттық шығындар 91 өзіндік өндірістік жартылай фабрикаттар, бөлімше бойынша барлығы 910 өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттар 911 Материалдар 912 өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы 913 Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар 914 Құжаттық шығындар 92 Қосалқы өндіріс, бөлімше бойынша барлығы 920 Қосалқы өндіріс 921 Материалдар 922 өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы 923 Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар 924 Құжаттық шығындар 93 Құжаттық шығындар, бөлімше бойынша барлығы 930 Құжаттық шығындар 931 Материалдар 932 өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы 933 Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар 934 Негізгі қорларды жөндеу 935 Негізгі қорлардың және материалдық емес активтердің амортизация. сының тозуы 936 Коммуналдық қызметтер 937 Арендалық ақы 938 өзгелер ___________________________________________________________________ Баланс валютасы |
Шоттың коды | Шоттың атауы | Есепті кезеңнің басталу күні | Есепті кезең үшін айналым. дар | Келесі кезеңнің басталу күні |
сальдо | сальдо |
| Д-т | К-т | Д-т | К-т | Д-т | К-т |
10 бөлім. БАЛАНСТАН ТЫС ШОТТАР |
анықтамалық* |
жолдың N | Атауы | Басындағы сальдо | Шектеулі | Алынды | |
А Иеленуді салық органдары шектеген мүлік, барлығы оның ішінде: 1 Негізгі қорлар, баланстық құны бойынша барлығы 1.2 Жер 1.3 Ғимараттар мен құрылыс- жайлары 1.4 Машиналар мен жабдықтар, қосалқы тетіктер 1.5 Көлік құралдары 1.6 өзге де негізгі құралдар 1.7 Аяқталмаған құрылыс 2 Инвестициялар, 14-бөлімше бойынша барлығы 3 Материалдар, 20-бөлімше бойынша барлығы 4 Аяқталмаған өндіріс, 21-бөлімше бойынша барлығы 5 Тауарлар, 22-бөлімше бойынша барлығы 6 Қаржылық инвестициялар, 40-бөлімше бойынша барлығы 7 өзгелер | |
жолдың N | Атауы | Басындағы сальдо | Ұсынылды | Қайта. рылды |
Б Банктік шоттарға қойылған инкассолық өкімдер (түрлі негізде. мелер бойынша), барлығы оның ішінде: 1 Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақшалар (431-шот) 2 Шетелдегі валюталық шоттағы ақшалар (432-шот) 3 Есеп айырысу шотындағы ақшалар (441-шот) 4 Кассадағы Ұлттық валюта. дамен қолға берілетін ақшалар (451-шот) 5 Кассадағы шетелдік валютамен қолға берілетін ақшалар (452-шот) | |
В Кредиторлардың талаптары бойынша алынған мүлік, барлығы | Сома |
1 Баланстық құн бойынша негізгі қорлар, барлығы 1.2 Жер 1.3 Ғимараттар мен құрылыс-жайлары 1.4 Машиналар мен жабдықтар, қосалқы тетіктер 1.5 Көлік құралдары 1.6 өзге де негізгі құралдар 1.7 Аяқталмаған құрылыс 2 Инвестициялар, 14-бөлімше бойынша барлығы 3 Материалдар, 20-бөлімше бойынша барлығы 4 Аяқталмаған өндіріс, 21-бөлімше бойынша барлығы 5 Тауарлар, 22-бөлімше бойынша барлығы 6 Қаржылық инвестициялар, 40-бөлімше бойынша барлығы 7 өзгелер |
Бас бухгалтер ___________________________________________