Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 06 ақпандағы N 146 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың тұжырымдамасы туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 85 , "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi Бағдарлама бекiтiлгеннен кейiн бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлесiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi жарты жылдың қорытындылары бойынша қаңтарда және шiлдеде Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 17 наурыздағы
N 253 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес
ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
Бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiріспе
3. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк
қолдау проблемаларының қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу
кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы
3.2. Yкiметтiк емес ұйымдар жобаларын мемлекеттiк қаржыландыруды
заңнамалық реттеу саласындағы шетелдердiң тәжiрибесi
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi
5.1. Ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар
5.2. Өңiрлерде азаматтық бастаманы дамыту
5.3. Yкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi
органдар құру
5.4. Yкiметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету
5.5. Yкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау
5.6. Yкiметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау
5.7. Yкiметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша
мемлекеттiк қызметшiлердi дайындау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
5.8. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
6. Қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның - Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес атауы ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005
жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаныәзірлеу үшіннегiздеме туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 85 ,
"Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" 2002
жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулылары
БағдарламаныңнегiзгiәзiрлеушiсiБағдарламаныңмақсаты дамуы үшiн жағдайлар жасау және мемлекеттiк
билiк органдарымен өзара iс-қимыл жасау және
олардың тарапынан қолдау көрсету негiзiнде
қоғамның әлеуметтiк маңызы бар мәселелерiн
шешудегі олардың рөлiн күшейту
Бағдарламаныңміндеттері жүйесiн жетiлдiру; әлеуметтiк мәселелердi
шешетiн елдiң үкiметтiк емес ұйымдарын
ақпараттық, консультативтiк, әдiстемелiк,
ұйымдастырушылық-техникалық қолдау; үкiметтiк
емес ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ететiн
құқықтық базаны жетiлдiру; мемлекеттiк
әлеуметтiк тапсырыс жүйесiн қалыптастыру;
аймақтарда азаматтық бастаманың артуына
жағдай жасау; үкiметтiк емес ұйымдармен
ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау
мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi
даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiн
құру; үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне
тұрақты мониторинг пен зерттеулеp жүргiзу;
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту
Бағдарламанықаржыландырукөздерi өзге де қаржыландыру көздерi шегінде жүзеге
асырылатын болады. Бағдарламаны iске асыруға
республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы
көлемi 42 000 000 теңге көлемiнде көзделедi,
оның iшiнде: 2003 жылға - 14 000 000 теңге,
2004 жылға - 14 000 000 теңге, 2005 жылға -
14 000 000 теңге.
Бағдарламаныіске асыруданкүтiлетiн нәтиже енгiзу;
- елдiң үкiметтiк емес секторын одан әрi
дамыту үшiн құқықтық, әдiснамалық жағдайлар
жасау;
- аймақтарда азаматтық бастаманың өcуi үшін
жағдайлар жасау;
- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты
нығайту
Бағдарламаныіске асырумерзімдері2. Кiріспе
Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың Тұжырымдамасы туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 85 , "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулыларына сәйкес әзiрленген және 3 жылға есептелген.
Осы бағдарламаны әзiрлеу үкiметтiк емес секторды қолдау әрi олармен өзара iс-қимылдың кешендi және мақсатты бағытталған мемлекеттiк саясатын әзiрлеу қажеттiлiгiнен туындап отыр. Азаматтық қоғамның ажырамас құрамдас бөлiгi бола отырып, үкiметтiк емес сектор елдегi қоғамдық-саяси процестердiң одан әрi демократияландырылуына оң әсер етедi. Yкiметтiк емес ұйымдар ерiктi негiзде әрекет жасай және бастама көтере отырып, қазiрдiң өзiнде әлеуметтiк саланың проблемаларын шешуге елеулi үлес қосып отыр. Қазiргi уақытта үкiметтік емес ұйымдардың мемлекеттiк құрылымдармен нақты ынтымақтастығы тең құқылы әрiптестiк қағидаттарда маңызды мәнге ие болып отыр.
Бағдарлама елдiң мемлекеттiк органдары мен үкiметтiк емес ұйымдары арасында орнықты әрi тиiмдi әрiптестiк қатынастар жүйесiн құруға бағытталған.
3. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын
мемлекеттiк қолдау проблемаларының
қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының
қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы
Yкiметтiк емес сектордың қалыптасуы қазақстан мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуымен, Қазақстанның демократиялық, нарықтық экономикасы бар әлеуметтiк мемлекет ретiнде даму кезеңiмен тұспа-тұс келедi. Қазақстанда тәуелсiздiктiң 10 жылы iшiнде қоғамның әлеуметтiк маңызы бар проблемаларын шешетiн қоғамдық бiрлестiктерден, қорлардан, мемлекеттiк емес коммерциялық емес мекемелерден тұратын үкiметтiк емес сектор қалыптасты.
Yкiметтiк емес ұйымдар - бұл азаматтар заңнамаға қайшы келмейтiн өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған, қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылатын, әлеуметтiк проблемаларды шешуде, азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде мемлекет пен азаматтардың арасында дәнекерлiк рөл атқаратын коммерциялық емес ұйымдар. Yкiметтiк емес ұйымдардың қызметi азаматтық бастаманы дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешудегi қоғамдық ұйымдардың рөлiн арттыруға, қоғамды тұрақты дамытуға қол жеткiзуге бағытталған.
Қазақстандағы үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн талдау қоғамдық сектор дамуын және оның мемлекетпен өзара iс-қимылын 3 кезеңге бөлуге мүмкiндiк бередi.
Yкiметтiк емес сектор қалыптасуының 1-кезеңi 1980-шi жылдардың аяғынан бастап 1994 жыл кезеңiн қамтиды. Отандық және шетелдiк сарапшылардың бағалауы бойынша осы уақытта 500-ге жуық үкiметтiк емес ұйым құрылды. Бұл ретте үкiметтiк емес ұйымдар негiзiнен құқық қорғау бағытында болды, бұл Қазақстан тәуелсiздiгiнiң қалыптасу кезеңiмен және демократиялық қайта құрулар процесiнiң басталуымен байланысты.
Бұл кезең мемлекеттiк емес секторға қатысты мемлекеттiң жалпы көзқарасы мен басымдықтарын әзiрлеу процесiмен сипатталды. Мемлекет пен үкiметтiк емес ұйымдардың оң ынтымақтастығына мысалдар сирек кездеседi.
2-кезең - 1994-1997 жылдар. Бұл үкiметтiк емес ұйымдардың сапалық және сандық өсу кезеңi, олардың саны 1600-ге дейiн өстi. Yкiметтiк емес сектордың тек сандық жағынан өсуiн ғана емес, сонымен бiрге қызмет түрлерi бойынша да сараланғанын атап өткен жөн. Yкiметтiк емес ұйымдардың сандық өсуiн бiрiншi кезекте халықаралық қорлар мен ұйымдардың гранттар жүйесi арқылы жаппай қаржылық қолдау есебiнен жүруiмен түсiндiруге болады.
Шетелдiк қорлар мен ұйымдардың гранттық қолдауы оқыту әрi әдiстемелiк сипатта болды және үкiметтiк емес сектордың қалыптасу процесiне елеулi әсер еттi.
1996 жылы қоғамдық бiрлестiктердiң заңдық мәртебесiн, құқықтары мен мiндеттерiн анықтаған, жаңа үкiметтiк емес ұйымдардың пайда болу процесiн жандандыра түскен "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Бұл кезең үкiметтiк емес ұйымдардың құрылымдық және ұйымдастырушылық қалыптасуымен, үкiметтiк емес секторға қатысты бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың әзiрленуiмен атап өтiледi.
3-шi кезең 1998 жылдан басталады және осы уақытқа дейiн жалғасып келедi. Бұл - мемлекеттiң үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылының тетiгiн iске асыру туралы мәселенiң нақты қойылуымен сипатталатын, жаңа сапалық кезең. Yкiметтiк емес ұйымдардың сандық өсуi олардың санының 3500-ге жуықтауына алып келдi. Оларда тұрақты негiзде 35 мыңнан аса адам, уақытша (консультанттар, сарапшылар) - 50 мыңға дейiн адам және ерiктiлер - 100 мыңнан аса адам жұмыс iстейдi.
Талдау қазiргi уақытта қызметтiң әр түрлi бағыттары бойынша үкiметтiк емес ұйымдардың жеткiлiктi тұрақты топтарының қалыптасып отырғанын көрсетедi.
Бiрiншi кезекте қоғамдық секторды сапалық, ұйымдастырушылық-практикалық қолдау проблемасы туындайды. Мұндай жағдайда үкiметтiк емес сектордың мемлекетпен тең құқылық әрiптестiк қағидаттарындағы нақты ынтымақтастығы маңызды мәнге ие болып отыр.
Мемлекет бүгiнде мемлекеттiк емес ұйымдарға қолдау көрсетуде. Қоғамдық процестерде коммерциялық емес ұйымдардың рөлi мен орнын тануда нақты қадам болған "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылы қабылдануы осының айғақтарының бiрi болып табылады. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық нормалары мен түрлерi, олардың құқықтары мен мiндеттерi, құрылу тәртiбi, қызметiн қайта ұйымдастыру және тоқтату заңмен айқын белгiленген.
Yкiметтiк емес ұйымдардың кейбiр санаттарына тiркеу шарттарының жеңiлдетiлуiн оң құбылыс ретiнде атап өтуге болады. Айталық, "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына сәйкес балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын тiркеу үшiн алым ставкасы алым төлеу күнiндегi қолданыстағы екi еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiне сәйкес мемлекет, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарлар салықтан босатылуы әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн маңызды болып табылады.
Yкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың мақсаттары мен басымдықтары, оны iске асырудың қағидаттары, тетiктерi мен деңгейлерi анықталған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 85 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасының қабылдануы үкiметтiк емес секторды дамытудағы ерекше оқиға болып табылады.
Осылайша, қазiргi уақытта мемлекет үкiметтiк емес секторды қолдау жөнiнде едәуiр шаралар қабылдауда, бiрақ үкiметтiк емес ұйымдардың көпшiлiгi өз мiндеттерiн жүзеге асыруда қиыншылықтарды бастан кешiруде. Өңiрлерде, әсiресе ауылдық жерлерде, оның бiркелкi дамымауы мемлекеттiк емес секторды дамытудағы осал тұсының бiрi болып табылады. Yкiметтiк емес ұйымдардың тек 8% аудандық деңгейде бой көрсетуде, бұл қоғамдық бастаманы дамыту үшiн мүлде жеткiлiксiз.
Yкiметтiк емес секторды мақсатты мемлекеттiк қолдаудың болмауы көп жағдайда мұның себебi болып табылады, бұдан басқа мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасау тетiктерi жеткiлiксiз пысықталған.
3.2. Yкiметтiк емес ұйымдар жобаларын мемлекеттiк қаржыландыруды
заңнамалық реттеу саласындағы шетелдердiң тәжiрибесi
Әлеуметтiк тапсырыс үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың неғұрлым тиiмдi нысаны болып табылады. Осыған байланысты үкiметтiк емес ұйымдар жүзеге асыратын жобаларды мемлекеттiк қаржыландыруды заңнамалық реттеу саласындағы шет елдердiң тәжiрибесiн зерделеу маңызды болып табылады.
Грант немесе мемлекет пен үкiметтiк емес ұйымдар арасындағы келісім-шарт арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну жөнiндегi мiндеттердi үкiметтiк eмec ұйымдарға беру практикасы Америка Құрама Штаттарында бұрыннан бар, алайда орталықтандыру үрдiсi неғұрлым мол еуропалық елдерде таяуда ғана қолданыла бастады. Айталық, Люксембург Ұлы Герцогтiгiнiң "Даму үшiн ынтымақтастық туралы" 1996 жылғы 6 қаңтардағы Заңы тiркелген үкiметтiк емес ұйымдардың қосымша қаржыландыруға, жыл сайынғы көмекке, ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшiн субсидияға, бiрнеше жылға созылатын ынтымақтастық туралы келiсiмге құқығы болатынын белгiлейдi. Нидерландыда үкiметтiк емес ұйымдар әлеуметтiк қызметтердi негiзгi көрсетушiлер болып табылады. Әлеуметтiк қызметтер көрсетудi үкiметтiк емес ұйымдарға берудi Германия үкiметi табысты жүзеге асыруда.
Қазiргi уақытта көптеген дамушы елдер мен өтпелi кезеңдегi елдер үкiметтiк емес ұйымдармен әлеуметтiк қызметтер көрсетуге келiсiм-шарттар жасасуға мүмкiндiк беретiн заңнамалық тетiктердi жасады немесе жасауда. Мемлекеттiң әлеуметтiк қызметтердi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтарды үкiметтiк емес ұйымдарға беруiне бағытталған заңдар Шығыс Еуропа елдерiнде (Словакия, Польша, Венгрия, Румыния, Болгария және т.б.) қолданылуда.
Кеңестен кейiнгi кеңiстiк елдерiндегi үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау мәселесiнiң шешiлуi Қазақстан үшiн құнды болып табылады. Бұл ретте үкiметтiк eмec ұйымдардың әлеуметтiк қызмет көрсетудi орындауына әлеуметтiк тапсырыстың берiлуi мемлекеттiк қолдаудың неғұрлым тиiмдi нысаны болып танылған Ресей тәжiрибесi назар аударарлық. Ресей Федерациясының қалалары мен субъектiлерi деңгейiнде үкiметтiк емес ұйымдардың жергiлiктi бюджет есебiнен әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешуге қатысуы үшiн құқықтық негiздi қамтамасыз ететiн 20-дан астам нормативтiк-құқықтық кесiм қабылданды.
"Пермь облысындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Пермь облысының 2000 жылғы 21 қыркүйектегi Заңында "осы Заңның Пермь облысындағы азаматтық қоғам институттарын дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн бөлінетiн бюджет қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға және олардың шешiлуiне коммерциялық емес ұйымдар мен халықтың кең жiктерiн тартуға бағытталғаны" атап өтiледi.
"Мәскеу қаласы өкiмет органдарының мемлекеттiк емес коммерциялық емес ұйымдармен өзара iс-қимылы туралы" Мәскеу қаласының 2000 жылғы 12 сәуiрдегi Заңы Мәскеу қаласы өкiмет органдарының мемлекеттiк емес коммерциялық емес ұйымдармен, соның iшiнде мемлекеттiк емес коммерциялық емес ұйымдардың мақсатты әлеуметтiк бағдарламаларымен, қоғамдық-азаматтық бастамалармен, ерiктi қызметтi қолдаумен байланысты өзара iс-қимылы негiзгi қағидаттары мен жiктерiн айқындайды. Көрсетiлген заңның "Мәскеу өкiмет органдарының мемлекеттiк емес коммерциялық емес ұйымдармен экономикалық емес өзара iс-қимылы" 4-тарауында мемлекеттiк емес коммерциялық емес ұйымдарды қолдаудың нысаны: ақпараттық қолдау; қоғамдық кеңестер құру; мамандарды оқыту, әдiстемелiк көмек көрсету; конференциялар, семинарлар, консультациялар өткiзу; қаланың, Мәскеу қаласы ауданының мақсатты әлеуметтiк бағдарламалары жобаларын талқылауды ұйымдастыру сияқты басқа да нысандары атап өтiлген.
Ресейде муниципалдық әлеуметтiк тапсырыс практикасы таралып отыр. Бұл муниципалдық тапсырыстың әр түрлiлiгi, iс-шаралар мен қаржыландырудың кепiлдi көздерiн қамтамасыз ете отырып конкурстық негiзде келiсiм-шарттар (шарттар) жасасу жолымен қала тiршiлiгi қызметiнiң әлеуметтiк маңызы бар мәселелерiн iске асыруға бағытталған шараларды орындауға муниципалдық тапсырыс берушiнiң тапсырмасы.
Айталық, Түмен қалалық Думасының 1999 жылғы 27 қазандағы N 508 шешiмiмен Муниципалдық әлеуметтiк тапсырыс туралы ереже бекiтiлдi. Бұл құжатпен муниципалдық әлеуметтiк тапсырыс саласындағы нормативтiк құқықтық база мен қатынастар реттеледi, бекiтiлдi. Бұл құжатпен муниципалдық әлеуметтiк тапсырыс саласындағы нормативтiк құқықтық база мен қатынастар реттеледi, муниципалдық тапсырыс берушiнiң, конкурсты ұйымдастырушының, сарапшылардың және басқа да қатысушылардың өзара iс-қимылының тәртiбi, муниципалдық әлеуметтiк тапсырысты iске асыру кезiнде өтiнiмдердiң бекiтiлу, өту тәртiбi және басқа да мiндеттi шарттар бекiтiледi. 2000-2001 жылдары конкурстарға 96 ұйым қатысты, әлеуметтiк қызметтердi орындауға 127 өтiнiм берiлдi.
Осылайша, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс тетiгi экономикалық және саяси жүйелерi әр түрлi елдерде қолданылады және үкiметтiк емес секторды нығайту мен дамытудың маңызды факторы болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты азаматтық қоғамның бiр бөлiгi ретiнде Қазақстан Республикасында үкiметтiк емес ұйымдарды тұрақты дамыту үшiн жағдайлар жасау және өзара iс-қимыл мен мемлекеттiк билiк органдары тарапынан қолдау негiзiнде әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешудегi олардың рөлiн күшейту болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
1) үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн қамтамасыз ететiн құқықтық базаны жетiлдiру;
2) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастық жасау жүйесiн жетiлдiру;
3) әлеуметтiк мәселелердi шешетiн елдiң үкiметтiк емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтiк, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету;
4) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүйесiн қалыптастыру;
5) өңiрлерде азаматтық бастамалардың өсуi үшiн жағдайлар жасау;
6) үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру;
7) үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргiзу;
8) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру мынадай басым бағыттар бойынша:
1) ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар;
2) өңiрлерде азаматтық бастамаларды дамыту;
3) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөнiндегi органдар құру;
4) үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету;
5) үкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау;
6) үкiметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау;
7) үкiметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-қимылдардың жүйелiлiгi мен кезеңдiлiгiн көздейдi.
Бағдарлама үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдауды iске асырудың, мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың одан әрi ынтымақтастығының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.
5.1. Ұйымдастырушылық-құқықтық iс-шаралар
Yкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ететiн тиiстi нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру мен жетiлдiру үкiметтiк емес секторға пәрмендi мемлекеттiк қолдау көрсетудiң аса маңызды шарты болып табылады.
"Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысына сәйкес "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу жоспарлануда.
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс - келiсiм-шарттар (шарттар) жасасу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiлген, республикалық және өңiрлiк деңгейлердегi басым мақсатты әлеуметтiк бағдарламаларды iске асырудың экономикалық-құқықтық нысаны. Тапсырыс берушi мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстар орналастыруды жариялы ашық конкурстар (тендерлер) өткiзу негiзiнде қамтамасыз ететiн болады.
"Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Заң мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылының құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де мәселелерi кешенiн, қоғамның әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешуге олардың қатысуын анықтайды. Заң мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк маңызды жобаларды шешуге үкiметтiк емес ұйымдардың кеңiнен қатысуы үшiн құқықтық негiздi қамтамасыз етедi, халыққа ұсынылатын әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен көлемiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына орталық атқарушы органдардың пилоттық тендерлер (конкурстар) өткiзуi жоспарлануда. Тендерлердiң (конкурстар) жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына тендер (конкурс) өткiзудiң ережесiн әзiрлеу көзделген.
Yкiметтiк емес ұйымдардың мәртебесi мен қызметiне байланысты ұғымдарға қатысты заңнаманың терминологиялық үйлестiгi маңызды.
Қазақстан Республикасының Yкiметiне үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу көзделуде.
Yкiметтiк емес сектор проблемаларын, оның даму үрдiстерiн мемлекеттiк органдармен iс-қимылын анықтау мақсатында үкiметтiк емес ұйымдар проблемалары бойынша социологиялық зерттеулер, Бағдарламаның орындалу барысына мониторинг жүргiзiлетiн болады.
5.2. Өңiрлерде азаматтық бастаманы дамыту
Өңiрлерде, әсiресе ауылдық жерлерде, үкiметтiк емес секторды дамыту, жергiлiктi билiк органдарының әлеуметтiк проблемаларды шешуге үкiметтiк емес ұйымдарды тартуы әлеуметтiк шиеленiстi түсiредi, халықтың өзiне өзi көмек көрсетуi мен өзiн өзi жұмыспен қамтуын ұйымдастыруда азаматтық бастамалардың өсуiне, әлеуметтiк қызмет көрсету сапасы мен көлемiнiң артуына ықпал ететiн болады.
Yкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар жобаларына тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру және өткiзу арқылы жергiлiктi үкiметтiк емес ұйымдарды аймақтық әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешуге тарту көзделуде.
Жергiлiктi атқарушы билiк органдарының үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесе отырып өңiрлерде дамытудың өзектi проблемалары бойынша оқыту семинарларын, тренингтерiн, "дөңгелек үстелдерiн" өткiзуi ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды көтермелеуге жәрдемдесетiн болады.
Қайырымдылық, ерiктiлiк, мәдени-көпшiлiк және өзге де акцияларды бiрлесiп өткiзу ауыл халқы әлеуметтiк белсендiлiгi артуының маңызды шарты болып табылады.
Халықтың неғұрлым әлсiз жiктерiн қолдау, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк бағдарламаларды тиiмдi әрi сапалы iске асыру үшiн коммерциялық сектор әлеуетiн барынша толық пайдалану есебiнен жеке көздерден қайырымдылық саласына түсетiн ресурстар көлемiн елеулi түрде ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасау қажет.
Мемлекеттiк билiк органдары жеке тұлғалардың үкiметтiк емес ұйымдар қызметi шеңберiнде iске асырылатын әлеуметтiк маңызы бар қызмет ретiнде өтеусiз еріктi қызметiн дамытуға жәрдем көрсетуi тиiс.