7. Техникалық базаны қамтамасыз ету.
Қоғамның барлық қабаттарына қол жеткiзiмдi осы заманғы ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету спектрiн кеңейту ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешу, аймақта ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттілiктi қамтамасыз ету тиiсті техникалық базаны дамытуды талап етедi. Бұл бағытта мыналар қажет:
1) ұлттық желiнің тиiстi сыйымдылығына және оның құрылым ерекшелiктерiнe сәйкес жаңа нөмiрлендіру жоспарын енгiзу. Жоспарды енгiзу алдында "ҚР телекоммуникациялар желiсiн нөмiрлеудің жүйесi мен жоспары" деген басшылық құжат және Телекоммуникациялар желiлерiнің нөмiрлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесi әзiрленуi әрi бекiтiлуi тиiс;
2) Ұлттық ақпараттық супермагистраль (ҰАСМ) тұрғызуды, жаңғыртуды, жергiлікті желiнi (қалалық та, әрi ауылдық та) 60% деңгейге дейiн цифрландыруды; абоненттiк қол жеткiзу желiлерiн жаңғыртуды қамтитын ұлттық телекоммуникациялық желiнi салу және жаңғырту, мұның өзi телекоммуникациялық және ақпараттық қызмет көрсетулер спектрiн кеңейту мүмкiндiгiн кешендi қамтамасыз eтедi;
3) телекоммуникациялық рынокты ырықтандырудың ажырамас шарты болып табылатын, телекоммуникациялардың өзара байланысты желiлерінің байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысулардың көпшілік қабылдаған қағидаттарын iске асыруға ықпал жасайтын ҚЕУЖ-дi жер-жерде енгiзу.
ҚЕУЖ қызмет көрсетулерге ақы төлеуге әдiлетті көзқарас негiзiнде кiрiстердi арттыруды халықтың төлемге қабiлеттi бөлiгiне түсiре отырып, халықтың әлеуметтiк қорғалмаған бөлiгiне бiрiншi кезектегi мұқтаждары үшiн шығыстарын көбейтпеуге мүмкiндiк беретiн жергiлiктi байланыстың рентабельдiлiгiн арттырудың маңызды құралы ретінде қаралады;
4) жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнiң барлық операторларының қалааралық шақырулардың және операторлар арасындағы трафиктiң секундтық тарифтеуiн енгiзу.
Ceкундтық тарифтеуге көшу туралы шешiм байланыстың барлық операторларына таралуы және бiр мезгілде енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте тiкелей секундтық тарифтеудi енгiзгенге дейiн тарифтеу қағидаттарын өзгертудi ескере отырып, тарифтердi қайта есептеудi жүргiзу қажет. Ceкундтық тарифтеу аппараттық та, бағдарламалық та құралдарға таралатын барлық сертификаттау рәсiмдерiн өткiзгеннен кейiн енгiзiлетiн болады;
5) техникалық талаптарды әзiрлеу және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын (АЖІІШ) жүргiзу үшiн Қазақстанның өзара байланысты телекоммуникациялар желiсiне сертификатталған жабдықтарды енгiзу.
8. Телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау қызметiн реформалау.
Лицензиялау, тұтастай алғанда телекоммуникациялар саласын және оның жекелеген сегменттерiн дамытуда, бәсекелестiктi арттыруда және рынокқа қатысушылар санын көбейтуде мемлекеттiк саясатты iске асырудың негiзгi құралы болады. Бұл мақсатқа iс жүзiнде қол жеткiзу үшiн лицензияларды алудың, лицензия шарттарының сақталуын бақылауды, инфрақұрылымды дамыту жөнiндегі міндеттемелер енгізудің дәл және ашық рәсiмін қамтамасыз ету үшiн телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру және толықтыру қажет. Бұл үшін мыналар қажет:
1) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, телекоммуникациялар саласындағы лицензиялауға қатысты басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер енгiзу;
2) елдiң телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға арналған күштердi шоғырландыру мақсатында телекоммуникациялар мен байланыс операторлары қызметтерiнiң санаттары бойынша реттеу деңгейлерiн нормативтiк бекiту. Бұл ретте байланыс саласындағы қызметтi міндеттi лицензиялау саласынан ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды меңгермеген қызмет көрсету провайдерлерi (беpушілepi) алынып тасталады;
3) лицензиялық төлемдерге қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгерiстерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
9. Радиожиiлiктiк реттеудi реформалау.
Байланыс қызметiн көрсету рыногының әлеуеттi көлемiн ұлғайту, жаңа радиотехнологияларды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мыналар жүзеге асырылатын болады:
1) Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына және халықаралық келiсiмдерге сәйкес радиожиілік спектрiн пайдалануды үйлестіру;
2) радиожиiлiк спектрiн айырбастау;
3) радиожиілік спектрiн бөлу және бақылау жүйесiн оңтайландыру, жекелеген радиожиілік қызметiн құру;
4) радиожиiлiк спектрiн айырбастауға және жаңа технологияларды дамытуға ықпал ететін жиiлiктердi бөлудің экономикалық әдiстерiн әзiрлеу;
5) олардың экономикалық орындылығы мен икемдiлiгiн қамтамасыз ететiн радиожиiлiк спектрiн (бұдан әрi - РЖС) пайдалану үшiн ставкаларды қалыптастыру әдiстемесiн әзiрлеу.
10. Телекоммуникациялар саласында стандарттау және сертификаттау жүйесiн құру.
Мұндай жүйенi құрудың негiзгi тетігі телекоммуникациялар саласындағы стандарттау жөнiндегi техникалық комитет болады. Бұл мүдделi заңды тұлғалар негiзiнде құрылатын байланыс саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар және басқа да нормативтiк кесiмдер қорын, оларды әзiрлеудi, бекiтудi және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркеудi және таралымын көбейтудi қоса алғанда, қалыптастыру функциясын жүктеуге болатын мемлекеттiк емес жұмыс органы.
Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың және техника-экономикалық ақпарат жiктеуіштердiң, техникалық регламенттердiң, ережелердің, стандарттау жөнiндегi ұсынымдардың, шет елдердiң ұлттық стандарттарының салалық электрондық базасын құру қажет.
Мыналар көзделедi:
Мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулер тiзбесiне өзгерiстер енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің арнайы талаптарына сәйкестiкке сертификаттау және телекоммуникациялар жабдығы мен ақпараттық жүйелердi сертификаттау кезiнде АЖІІШ жүргiзу тетігiн әзiрлеу;
халықаралық талаптарға сәйкес келетiн 2001-2005 жылдарға арналған "Сапа" республикалық бағдарламасының шеңберiнде телекоммуникациялар ұйымдарында сапа жүйесін енгiзу;
стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымдармен (ХЭО, ТХҰ, ДПО, ЕБСИ, және басқаларымен) байланыстарды нығайту. Бұл халықаралық ауқымда тiркеуден өткен ең жақсы техникалық шешiмдердi қабылдауға ықпал ететiн болады.
11. Телекоммуникациялар саласындағы перспективалы бағыттар бойынша кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру.
Телекоммуникациялық сала серпiндi дамып отырған сала болып табылады. Қазiргi уақытта телекоммуникациялар саласында негiзiнен классикалық үлгiдегi инженерлер жұмыс iстейдi, ал соңғы 10 жылда әрбiр екi жыл сайын телекоммуникациялардағы технологиялар өзгеріп немесе жетілдiрілiп отырды, ал осы заманғы аппаратура микропроцессорларда iске асырылады және басқаруды компьютерлер жүзеге асырады. Осының бәрi оқыту бағдарламасын түбегейлi өзгертудi талап етедi.
6. Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыpу
көздерi
Бағдарламаны iске асыру үшiн байланыс операторларының меншiктi қаражаты мен қарыз қаражаты, отандық және шет елдiк инвесторлардың қарыздары мен кредиттері, республикалық және жергілiктi бюджеттерден бөлiнетiн (телекоммуникациялардың шығынды қызмет көрсетулерiн субсидиялаудың (дотациялаудың) мүмкiн болар нұсқасы ретiнде) қаражат, гранттар және басқа да заңнамада тыйым салынбаған қаржылық қаражат тартылатын болады. Шамамен алғанда бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджет қаражатынан 40361,0 млн. теңге, оның iшiнде 55,0 млн. теңге қажет. 2003 жылға нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге республикалық бюджеттен 26,4 млн. теңге мөлшерiнде, кейiнгi жылдарға - 15-20 млн. теңгеден қаражат бөлудi көздеу жоспарлануда (тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде жылдық көлем нақтыланады). Әзiрленетiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң әрқайсысына орта есеппен алғанда 2,2 млн.теңге бөлу қажет.
Телекоммуникациялар саласында инвестициялық саясат базалық телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру жолымен байланыс операторлары санын арттыруға және қызмет көрсетудiң алуан түрлi үлгiсiн кеңейтуге негiзделген салауатты бәсекелестiктi дамытуды ынталандыруы тиiс. Инфрақұрылымдар мен желiлердi құру телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттiк инвестициялық саясаттың басымдығы болады.
Мемлекеттiң телекоммуникациялар рыногы субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының ашық тетiктерiн енгiзуге, Қазақстан телекоммуникацияларының өзара байланысты желiсiн басқарудың әлеуметтiк кепілдерi мен тұрақтылығын сақтау кезiнде, бiртiндеп ырықтандыруға бағытталған күш-жiгерi операторлардың инвестицияларды тікелей тартуын қамтамасыз етеді.
Әмбебап қызмет көрсетулердi (жалпыға қол жеткiзiмдi) ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторларының шығындарын қаржыландыру тетiгi ұлттық байланыс операторын iшкi тоғыспалы субсидиялауды пайдаланудан бас тарту жолымен аса ашық нұсқада түрленетiн болады, мысалы мыналар сияқты: а) арнайы салалық резерв (қор) құру, мұндай қорды жинақтау телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушыларының аударымдарынан, халықаралық гранттардан және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен болуы мүмкiн; б) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау; в) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден тiкелей мемлекеттiк қолдауды талап ететiн тұтынушылар (халық) топтарын айқындау.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бүгiнде телекоммуникациялар саласы ұлттық шаруашылықтың кәдiмгi қызмет көрсетушi инфрақұрылымдық саласынан экономика тiрегiне айналып отыр, себебi ол тек әдеттегi және жетiлдiрiлген қызмет көрсету түрлерiн ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк, саяси және экономикалық өзгерiстердің бастаушысы да болып қызмет атқарады. Қазiргi уақытта осы заманғы қоғамның шын бейнесi болып табылатын ақпараттық қоғамның қалыптасу процесi жүріп жатыр.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Қазақстанда халықтың байланыс қызметiне қол жетiмділігі үшiн терiс салдарларсыз телекоммуникациялардың толық бәсекелестiк рыногына кiнаратсыз өтуіне кепілдік беретiн экономикалық жағдай мен мемлекеттiк реттеу, мемлекеттiк ақпараттық қауiпсiздiк, телекоммуникациялар саласындағы ұлттық бәсекеге қабiлеттiлiк жүйесi құрылатын болады.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мыналар жүзеге асады:
телекоммуникациялардың өзара байланысты желiсiнің үздiксiз жұмыс iстеуiн және оны оңтайлы басқаруды қамтамасыз ету;
телекоммуникациялардың базалық қызмет көрсетулерiне халықтың қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi кеңейту;
телекоммуникациялардың ұсынылатын қызмет көрсету спектрiн кеңейту;
Орталық Азия аймағының коммуникациялық инфрақұрылымында Қазақстан Республикасының көш бастаушы ұстанымын қамтамасыз ету. Қазақстанның Оңтүстiк Шығыс Азия - Еуропа және Орталық Азия - Ресей бағыттарында маңызды ақпараттық ағындарды қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық транзит торабы ретiнде қалыптасуы;
телекоммуникациялар саласында мемлекеттiк реттеу тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн телекоммуникациялар саласындағы бiрыңғай нормативтiк құқықтық базаны құру;
телекоммуникациялық инфрақұрылымға қысқа мерзiмдi де, ұзақ мерзiмдi де кезеңге инвестициялау үшiн жағдай жасау;
телекоммуникациялар рыногында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру, қол жеткiзудiң жергiлiктi желiлерiн және қосылған байланыс қызмет көрсетулерi рыногын дамытуға арналған мүмкiндiктердiң өсуi;
саланың жұмыс тиiмділігiн арттыру және байланыс қызметтерiн тұтынудың құрылымдық үйлесiмсiздiгiн кемiту;
саланың серпiндi дамуы жағдайында мамандарды оқыту жүйелерi мен процестерiн құру және қамтамасыз ету.
Шығыстарды бөлек есепке алуды енгiзу және рынокқа қатысушылардың барлығына ауыртпалықты тең бөлудiң ашық және әдiл тетiгiне бiртiндеп ауыстыру жолымен бiр оператордың iшiндегi рентабельдi емес қызмет көрсетулердi ашық емес кросс-субсидиялау жойылатын болады.
Байланыс қызмет көрсетулерiне экономикалық негiзделген тарифтердi қайта теңгерiмдеу және белгілеу операторлар үшiн бұрын тартымсыз болған рынок секторларында бәсекелестіктiң пайда болуына әкеледi, мұның өзi сөзсiз қызмет көрсетудiң сапасын және әр түрлiлiгін едәуiр арттырады.
Тұтастай алғанда, ұлттық шаруашылықтың бұл секторын толығымен рыноктыққа өзгертуге мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасалады және институциональдық қайта құрылымдау қамтамасыз етiледi, ұзақ мерзiмдi перспективада телекоммуникациялар саласын орнықты дамытуға алғы шарттар жасалады.
Бағдарламаны iске асыру 2005 жылдың соңына қарай мынадай мақсаттық индикаторларға қол жеткiзуге бағытталатын болады:
тiркелген телефон желiлерiнiң тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына шаққанда 17;
ұтқыр байланыс абоненттерiнiң тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына шаққанда 11;
облыс орталықтарында қоғамдық телефондардың (электрондық таксофондардың) тығыздығы - 10 мың тұрғынға шаққанда 8, 2003 жылы 6,5;
Интернеттi пайдаланушылар тығыздығы - елдiң 1000 тұрғынына шаққанда 30, 2003 жылы 17;
телекоммуникациялардың жергілікті желiлерiн цифрландыру деңгейi - 60 пайыз, 2004 жылға қарай - 50 пайызға дейiн;
магистральдық желiлердi цифрландыру деңгейi - 100 пайыз, 2004 жылға қарай 90%.
8. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындау- ға (іске асыруға) жауапты- лар | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжа- натын шығыс- тар, млн- теңге | |
1. Нормативтік құқықтық базаны құру және жетілдіру |
1.1. "Қазақстан Бұйрық ККМ 2003 Талап Республикасының жылғы етілмей- телекоммуника- І ді циялар желiсiн тоқсан нөмiрлеудiң жүйесi мен жоспарын" бекiту туралы бұйрықты әзiрлеу 1.2. Қазақстан Бұйрық ККМ 2003 Талап Республикасының жылғы етілмей- телекоммуника- І ді циялар желiлерiн тоқсан нөмiрлеу ресурс- тарын бөлу және пайдалану ереже- сiн әзiрлеу 1.3. "Байланыс туралы" Заң ККМ, МБА 2003 2,2 Республи- Қазақстан жобасы ҰҚК (келі- жылғы калық Республикасының сім бойын- ІІ бюджет Заңына өзгерiс- ша) тоқсан қаражаты тер мен толықты- рулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу. 1.4. Телекоммуникация- Бұйрық ККМ 2003 2,2 Республи- лар қызмет көрсе- жылғы калық тулерiнiң жiктеу- ІІ бюджет iшiн әзiрлеу тоқсан қаражаты 1.5. Телекоммуникация- Бұйрық ККМ, СА 2003 2,2 Республи- лар саласында жылғы калық статистикалық ІІІ бюджет бақылау нысанда- тоқсан қаражаты рын әзiрлеу және бекiту 1.6. Байланыс опера- Бұйрық ККМ, МБА, 2003 2,2 Республи- торларының ҰҚК жылғы калық бiрлескен қызмет (келісім ІV бюджет көрсетулерi бойынша) тоқсан қаражаты кезiнде желiлiк ресурстарды ұсыну тәртiбiн және байланыс опера- торларының өзара есеп айырысуларын қоса алғанда, Телекоммуникация- лар желiлерiн қосып алу eреже- сiн әзiрлеу 1.7. Байланыс саласын- Үкімет ККМ, ҰҚК 2003 Талап дағы лицензиялау, қаулы- (келісім жылғы етілмей- Қазақстан сының бойынша) ІV ді Республикасында жобасы тоқсан радиожиiлiк спек- трiн пайдалану eрежесiн әзiрлеу 1.8. Телефон байланысы Бұйрық ККМ, МБА, 2003 2,2 Республи- қызметтерiн көр- ҰҚК жылғы калық сету ережесiн (келісім ІV бюджет әзiрлеу бойынша) тоқсан қаражаты 1.9. Ұялы байланыс Бұйрық ККМ, МБА, 2004 2,2* Республи- қызметiн ұсыну ҰҚК жылғы калық ережесiн әзiрлеу (келісім І бюджет бойынша) тоқсан қаражаты 1.10. Телекоммуника- Бұйрық ККМ жыл 2,2* Республи- циялар саласын- сайын жыл калық дағы техникалық ІV сайын бюджет пайдалану ереже- тоқсан қаражаты сiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу |
2. Әмбебап қол жеткізуді қамтамасыз ету тетігін құру |
2.1. Берiлген сапа Бұйрық ККМ, МБА 2003 Талап параметрлерi бар жылғы етілмей- телекоммуникация- ІІ ді лардың жалпыға тоқсан қол жеткiзiмдi қызмет көрсету- лерiнiң ең аз тiзбесiн белгiлеу 2.2. Әмбебап қол Үкімет- ККМ, МБА 2003 Талап жеткiзудi (жал- ке жылғы етілмей- пыға қол жеткi- ұсыныс ІV ді зiмдi) ұйымдас- тоқсан тыру және қар- жыландыру мәсе- лелерi бойынша уәкілеттi органды тағайындау жөнiн- де ұсыныстар дайындау 2.3. Әмбебап қол жет- Бұйрық ККМ, ҚарМ, 2003 2,2 Республи- кiзудi (жалпыға ЭБЖМ, ӘдМ, жылғы калық бiрдей қол жеткi- МБА ІV бюджет зiмдi қызмет тоқсан қаражаты көрсету) қамтама- сыз ететiн байланыс оператор- ларын таңдау жөнiндегi конкурс- тық құжаттарды әзiрлеу және бекiту 2.4. Әмбебап қол Бұйрық ККМ, ҚарМ, 2004 2,2* Республи- жеткiзудi (жалпы- ЭБЖМ, МБА жылғы калық ға бiрдей қол І бюджет жеткiзiмдi қызмет тоқсан қаражаты көрсету) ұйымдас- тыру және қаржы- ландыру eрежесiн әзiрлеу 2.5. 200 адам және Бұйрық ККМ, МБА 2004 Талап одан артық тұр- жылғы етілмей- ғындар саны бар ІV ді елдi мекендердi тоқсан телефондандыру жоспарын әзiрлеу және бекiту 2.6. Телекоммуникация- Үкімет- ККМ, МБА 2004- 2,2* Республи- лар қызметтерiне ке 2005 жыл калық әмбебап қол жет- ақпарат жылдар, сайын бюджет кiзудi ұйымдасты- желтоқ- қаражаты руға және ұсынуға сан арналған лицен- зияларды ресiм- деу, тендер өткi- зудi қамтамасыз eту |
3. Телекоммуникациялар саласындағы тарифтік реттеу тетіктерін жетілдіру |
3.1. Телекоммуникация- Бұйрық ККМ, МБА 2003 2,2 Республи- лар қызмет көр- жылғы калық сетулерiнiң түр- ІV бюджет лерi бойынша тоқсан қаражаты бөлек есепке алу ережесiн әзiрлеу 3.2. Телекоммуникация- Бұйрық ККМ, МБА 2003 2,2 Республи- лардың қызмет жылғы калық көрсетулерiне ІV бюджет арналған тариф- тоқсан қаражаты тердi қалыптас- тыру eрежесiн әзiрлеу 3.3. Әмбебап қол жет- Бұйрық ККМ, МБА 2003 2,2 Республи- кiзу (жалпыға жылғы калық бiрдей қол жеткi- ІV бюджет зiмдi қызмет тоқсан қаражаты көрсету) қызметi- не арналған тарифтердi қайта теңгерімдеу жоспарын әзiрлеу 3.4. Телекоммуникация- Бұйрық МБА, ККМ 2004 2,2* Республи- лар саласындағы жылғы калық реттелетiн актив- ІІІ бюджет тер базасының тоқсан қаражаты пайда ставкасын есептеу әдiстеме- сiн әзірлеу |
4. Телекоммуникациялар саласын ырықтандыру жағдайларын жасау жөніндегі іс-шаралар |
5. Радиожиілік реттеуді реформалау |
5.1. Қазақстан Бұйрық ККМ, ҚМ, 2003 Талап Республикасында ҰҚК жылғы етімей- барлық мақсат- (келісім ІV ді тағы радиоэлек- бойынша) тоқсан тронды құралдар үшiн радиожиiлiк- тердi бөлу және тағайындау (меншіктеу) eре- жесiн әзiрлеу 5.2. Халықаралық Үкімет ККМ, ҚР Қажет- Талап электр байланысы қаулы- РЖМВК**, тілігі- етілмей- одағының ұсыным- сының ҰҚК не ді дарына, халықара- жобасы (келісім қарай лық келiсiмдерге бойынша) сәйкес радиожиi- лiк спектрiн пайдалануды үйлестiру жөнiн- дегi iс-шаралар- дың орындалуын қамтамасыз ету және Ұлттық радиожиілiктер кестесiне өзге- рiстер енгiзу 5.3. Байланыс саласын- Үкімет ККМ, 2003 Қаржылан- дағы реттеу қаулы- ҚорМ, жылғы дыру жөнiндегi уәкі- сының ҰҚК ІІ көлемі мен летті органның жобасы (келісім тоқсан көздері мемлекеттiк бойынша) әзірлеу кәсiпорын ныса- кезеңінде нындағы радиожиi- белгіле- лiк қызметін құру тін болады 5.4. Қазақстан Үкімет- ККМ, 2003 Қаржылан- Республикасының ке ҚорМ жылғы дыру аумағында сымсыз ақпарат ІІІ көлемі мен абоненттiк радио тоқсан көздері қол жеткiзу (WLL) талдау жүйесiн пайдалану жүргізу үшiн 450-470 МГц, барысында 824-890 МГц және анықтала- 1850-1990 МГц тын болады өрiсiндегi радио- жиіліктер жолағын бөлу 5.5. Мыналарды: Үкімет ККМ, 2003 2,2 Республи- - радиожиілiк қаулы- ҚорМ, жылғы калық спектрiн бөлу сының ҰҚК ІV бюджет және пайдала- жобасы (келісім тоқсан қаражаты нылуын бақылау бойынша) жүйесiн оңтай- ландыру; - радиожиiлiк спектрiн айыр- бастауға және жаңа техноло- гияларды дамы- туға ықпал ететiн жиiлiк- тердi бөлудiң экономикалық әдiстерiн әзiр- леудi қоса алғанда, Радио- жиілік спектрiн айырбастау жөнiндегi iс-ша- ралар жоспарын әзiрлеу. 5.6. Олардың эконо- Бұйрық ККМ, 2003 2,2 Республи- микалық орынды- ҚорМ, жылғы калық лығын қамтама- МАКМ, ІV бюджет сыз ететiн МБА тоқсан қаражаты РЖС*** пайдалану үшiн ставкаларды қалыптастыру әдiстемесiн әзiрлеу |
6. Телекоммуникациялар қызметтерін стандарттау, сертификаттау, сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар |
6.1. Телекоммуникация- Бұйрық ККМ, ИСМ 2003 Талап лар саласындағы Стандарт- жылғы етілмей- стандарттау жө- тау, ІІІ ді нiндегi техника- метроло- тоқсан лық комитет құру гия және сертифи- каттау жөніндегі комитет, ҰҚК (келісім бойынша) 6.2. Телекоммуникация- Норма- ККМ, 2003- Байланыс лар саласындағы тивтік ҮҰК 2005 оператор- стандарттау және құжат- (келісім жыл- ларының сертификаттау тар бойынша) дар қаражаты жөнiндегi норма- (МСМСТ, тивтiк құқықтық ССТ базаны жетiлдi- және рудi қамтамасыз басқа- ету. Мiндеттi лар) сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсе- тулер тiзбесiне толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу 6.3. Қалалық теле- Үкімет- ККМ, 2003- Байланыс коммуникациялар ке ҰҚК 2005 оператор- желiлерi техника- ақпарат (келісім жылдар ларының лық байланыс бойынша), қаражаты құралдарының байланыс (облыс орталықта- оператор- ры, Астана және лары Алматы қалалары) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және арнайы жедел -iздестiру iс-ша- раларын жүргiзу жөнiндегi қолда- ныстағы стандарт- тар талаптарына сәйкестiгiне ceртификаттау жүргiзудi қамта- масыз eту 6.4. Телекоммуникация- Үкімет- ККМ, 2003- Байланыс лар ұйымдарында ке "Қазақ- 2005 оператор- 9000 сериялы ISO ақпарат телеком" жылдар ларының халықаралық АҚҚ қаражаты стандарттарына (келісім сәйкес сапа жүйе- бойынша), сiн әзiрлеу және байланыс енгiзу саласын сертифи- каттау жөнінде- гі орган- дар |
7. Кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар |
7.1. Телекоммуникация- Үкімет- БҒМ, 2004 2,2* Республи- лар саласындағы, ке ККМ, жылғы калық барлық бағыттар ұсыныс- І бюджет бойынша кадрлар- тар тоқсан қаражаты дың бiлiктiлiгiн арттыру, даярлау және қайта даяр- лау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу 7.2. Телекоммуникация- Үкімет- БҒМ, 2004 2,2* Республи- лар саласындағы ке ККМ жылдан жыл калық ғылыми-техника- ұсыныс- бастап сайын бюджет лық қолданбалы тар жыл қаражаты зерттеулер мен сайын, инновациялардың І тiзбесiн әзiрлеу тоқсан 7.3. Саланың дамуы мен Үкіметке БҒМ, 2004 2,2* Республи- рынок талаптарын ұсыныс- ККМ жылдан жыл калық ескере отырып, тар бастап сайын бюджет телекоммуникация- жыл қаражаты лар мамандықтары сайын, жөніндегі Мемле- І кеттік білім беру тоқсан стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Ескерту
* - Жоспардың іс-шараларын іске асыру жөніндегі республикалық
бюджеттен бөлінетін қаражат республикалық бюджетті қалыптастыру
кезінде
бақтылануға жатады.
** - Қазақстан Республикасының радиожиілік жөніндегі мемлекеттік
ведомствоаралық комиссиясы.
*** - Радиожиілік спектрі.