Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу
жөніндегі комитетін тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 17 маусымдағы N 662 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Комитетті таратуды, оның мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
19-тармақта:
5) тармақшадағы "ведомство туралы ережені қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
7) тармақшадағы ", сондай-ақ Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің нормативтік құқықтық кесімдер емес бұйрықтарын" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген бөлімнің реттік нөмірі 9-жолында:
"170" деген сан "140" деген санмен ауыстырылсын;
мына:
"оның ішінде:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін
реттеу жөніндегі комитет 30" деген жолдар алынып тасталсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 471 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 147-құжат) 2-тармақтың басқасы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.С.Павловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|