облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, жобалар бойынша облыстық бюджет шығыстарының лимитiн;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомаларын облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгізедi.
Облыстың бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей осы тармақтың 1)тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.
29. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерiн қоспағанда, облыстың бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн облыстық бюджет шығыстарының лимиттерiн, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн облыстың жергiлiктi уәкілеттi органы облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерiне үш жұмыс күнi iшiнде жеткізедi.
Ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша жергілiктi бюджет шығыстарының лимиттерiн облыстың жергiлiктi уәкілеттi органы облыстың, Астана және Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына үш жұмыс күнi iшiнде жеткiзедi.
30. Облыстың, Астана және Алматы қаласының экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша облыстың бюджет комиссиясы анықтаған шығыстардың лимиті шегiнде инвестициялық жобалардың тiзбесi мен оларды облыстық бюджеттен қаржыландыру көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiн кейiннен ол облыстың бюджет комиссиясына енгiзуi үшiн оларды облыстың жергiлiктi уәкiлетті органына ұсынады.
Облыстың бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде ауданда (қалада) iске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне және аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.
6-тарау. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды
көрсеткiштерiн келiсу және облыстық бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу
31. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Бiрыңғай бюджеттiк жiктеме кiрiстерiнiң жiктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органының келiсуiне ұсынады.
Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын негiздеу үшiн аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қажеттi есептеулердi ұсынады.
32. Облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспары, Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде, облыстың бюджет комиссиясы анықтаған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың лимиттерi, инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi Қаржы министрлiгi белгілеген нысан бойынша жасайды және ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
33. Облыстық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтінiмдердi жасайды.
34. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы мыналарды қарайды:
аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды түсiмдерiн әрi келiседi;
бюджеттiк өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, Облыстың индикативтiк жоспарына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстардың лимиттерiне, инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тізбесi мен көлемдерiне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттік өтінiмдердi жасауға белгіленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердiң дұрыстығы мен негiздiлiгi мәнiнде.
Облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi, жергiлiктi уәкілетті органның 3-қосымшаға сәйкес нысанда олар бойынша жасалған қорытындылары қоса тiркелiп, сондай-ақ өткен жыл үшiн бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылу нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
35. Облыстың бюджет комиссиясы облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, облыстың жергілiкті yәкілетті органының қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 15 маусымына дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.
36. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы осы Ереженiң 35-тармағында көрсетiлген облыстың бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiнгi мерзiмде:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
ерекшелiктер бөлінісiнде облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн;
ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның iшiнде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша облыстық бюджет шығыстарының көлемдерiн;
облыстық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
тиiсті қаржы жылының аяғындағы облыстың жергілiкті атқарушы органы борышының лимитiн;
облыстың жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемiн;
2) алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткіштерiн:
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн;
жергілікті атқарушы органдар резервтерiнiң мөлшерiн;
жергiлiкті бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын;
секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
37. Осы Ереженiң 36-тармағында көрсетiлген облыстық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы анықтайды. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушiлiктердi ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы қарайды және оларды реттеу жөнiнде шешiм қабылдайды.
7-тарау. Облыстық бюджеттiң жобасын мақұлдау
38. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстың бюджет комиссиясы анықтаған облыстық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiнің негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 5 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының түпкi нұсқасын ағымдағы жылдың 15 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы анықтайды.
39. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстың бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасы түпкi нұсқасының негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын жасайды және жергiлiктi атқарушы органға ұсынады.
Облыстық бюджеттiң жобасымен бiр уақытта облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнің болжамды көрсеткіштерін облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
40. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органымен келiсiлген облыстық бюджеттiң жобасын жергiлiктi атқарушы орган мақұлдағаннан кейiн аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамдарын облыстың жергiлiктi атқарушы органы аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.
41. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей облыс бюджетiнiң болжамын Қаржы министрлiгiне ұсынады.
42. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшiне енгеннен кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттiң бұрын жасалған болжамды көлемдерiн нақтылайды және облыстық бюджеттiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi, ол бiр ай iшiнде оны бекіту жөнiнде шешiм қабылдайды.
2-бөлiмше. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiн әзiрлеу
8-тарау. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң жобаларын
әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен
басымдықтарды анықтау
43. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкілеттi органы Республиканың индикативтiк жоспарының және Облыстың индикативтік жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, сондай-ақ өткен жылы анықталған үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген нысан бойынша жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлейдi және ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
44. Аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына келiсуге ұсыну үшiн Бiрыңғай бюджеттiк жіктеме кірiстерiнiң жіктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамын қарайды және анықтайды.
45. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi - аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептi және мыналар:
Облыстың индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және салалық (секторалдық) бағдарламалары негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
1-қосымшаға сәйкес нысанда алдағы қаржы жылы секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi бойынша ұсыныстарды бередi. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына осы тармақта көрсетiлген ұсыныстарды енгiзедi.
Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған аудандық (қалалық) бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілеріне жеткiзедi.
46. Аудан (қала) бюджетiнiң қаражаты жұмсалуының басым бағыттарын, аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер болжамын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде:
1) аудан (қала) бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн:
аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердi;
аудан (қала) бюджетiнiң тапшылығын (профицитiн);
аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимитiн;
2) аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомалары ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.
47. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерiн қоспағанда, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн аудан (қала) бюджетi шығыстарының лимиттерiн, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне үш жұмыс күнi iшiнде жеткізеді.
Ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша жергілiктi бюджет шығыстарының лимиттерiн ауданның жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергілiктi уәкілеттi органына үш жұмыс күнi iшiнде жеткiзедi.
48. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi yәкілетті органы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi шегiнде инвестициялық жобаларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн оларды ауданның жергiлiктi уәкiлетті органына кейiннен ол ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына енгiзуi үшiн ұсынады.
Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды аудан (қала) бюджетi қаражатынан қаржыландыру тізбесі мен көлемдерiн анықтайды, оларды ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 5 мамырына дейiнгi мерзiмде аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.
9-тарау. Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу
49. Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспары, Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, аудан (қала) бюджетi қаражатын жұмсаудың басым бағыттары негізiнде, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң, инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан бойынша жасайды және ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
50. Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтінiмдердi жасайды.
51. Ауданның (қаланың) жергілiктi уәкiлеттi органы бюджеттiк өтінiмдердi олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, Облыстың индикативтiк жоспарына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетi қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстардың лимиттерiне, инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттiк өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгі, есептеулердiң дұрыстығы мен негізділігi мәнiнде қарайды.
Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi жергiлiктi уәкiлеттi органның 3-қосымшаға сәйкес нысанда олар бойынша жасалған қорытындылары қоса тiркелiп, сондай-ақ өткен жыл үшiн бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылу нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізіледi.
52. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн, ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органының қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 20 маусымына дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.
53. Ауданның (қаланың) жергіліктi уәкілеттi органы осы Ереженің 52-тармағында көрсетiлген ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының шешімдерін ескере отырып, ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына мынадай болжамдық көрсеткіштердi енгiзедi:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң:
аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемдерi ерекшелiктер бөлінісiнде;
аудан (қала) бюджетi шығыстарының көлемдерi ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi бойынша, оның iшiнде инвестициялық жобалар бойынша;
аудан (қала) бюджетi тапшылығының (профицитiнің) мөлшерi;
2) алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетінің;
аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемi;
жергілiктi атқарушы органдар резервтерiнің мөлшерi;
жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi.
54. Осы Ереженің 53-тармағында көрсетiлген аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 шілдесiне дейiн ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтайды.
10-тарау. Аудан (қала) бюджетiнің жобасын мақұлдау
55. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкілеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 10 шiлдесiне дейiнгі мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын ағымдағы жылдың 15 шiлдесiне дейiн ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтайды.
56. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасының негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын жасайды және ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
Аудан (қала) бюджетiнiң жобасымен бiр уақытта ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлетті органы алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
57. Ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (қала) бюджетiнiң жобасын мақұлдағаннан кейiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 25 шiлдесiнен кешiктiрмей аудан (қала) бюджетiнiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлетті органына ұсынады.
58. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары облыстық бюджет бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде аудан (қала) бюджеттерiнiң бұрын жасалған болжамды көрсеткiштерiн нақтылайды және аудан (қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi, ол екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттi бекiту туралы шешiм қабылдайды.
59. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджетті бекiту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бекiтiлген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде облыстық (қалалық) бюджет және облыс бюджетi туралы жинақталған деректердi ұсынады.
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің жобаларын
әзiрлеу ережесiне
1-қосымша
Алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын ____________
бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi жөнiнде ұсыныстар (респ. жерг.)
| Бағ- дар- ла- ма- лар N | Бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) міндеттері | | Ағымдағы жылдың жоспары | Жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжам | Негіздеме* | Ескерту |
* | * | * |
| 1 | | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
І. | | | Жалғастырылатын бюджеттік бағдарламалар: |
| | 1 | | | | | | | | | |
| | 2 | | | | | | | | | |
ІІ | | | Жаңа (бұрын бюджеттен қаржыландырылмаған) бюджеттiк бағдарламалар: |
| | 1 | | | | | | | | |
| | 2 | | | | | | | | |
Жиыны: | * | | | | | | х | х |
* Осы бағанда бағдарламаны (кiші бағдарламаны) толық көлемде қаржыландыру қажеттiлiгін анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауын, нөмiрiн және күнiн көрсету қажет.
Заңнамалық кесiмге сiлтеме жасалған кезде баптардың нөмірлерiн көрсету қажет.
Осы нысанға әкiмшiлік шығыстар енгiзiлмейдi.
Бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiсiнiң басшысы ____________ _________________
(қолы) (аты-жөнi, тегi)
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің жобаларын
әзiрлеу ережесiне
2-қосымша
ПАСПОРТЫ
(бюджеттік бағдарламаның атауы) ________________ жылдарға арналған
1. Құны
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
P/c N | Бағдарлама коды | Кiшi бағдарлама коды | Кiшi бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар | Iске асыру мерзiмi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің жобаларын
әзiрлеу ережесiне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің/жергіліктi уәкiлеттi
органның
______________________________________________
(бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы)
бюджеттiк өтінімi бойынша
қорытындысы
1. Бюджеттік бағдарламаның атауы мен коды.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық кесiмдерге сәйкестiгiн бағалау.
3. Бюджеттік бағдарламаның Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарына, мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларға, аумақтарды дамытудың орта мерзiмдi кезеңге арналған экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына сәйкестігін бағалау.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң/жергiлікті уәкiлеттi органның бюджеттiк бағдарлама бойынша ұсыныстары.
5. Бюджеттiк өтінімнің оны жасауға белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау.
Бағдарламалар атауы | | Ағымдағы жылға арналған жоспар | Алдағы жылға арналған жеткі- зілген лимит | Кредитор- лық бере- шекті өтеудің жеткізіл- ген көле- мі | Бюд- жет- тік өті- нім | | Ауытқу 4-ба- ған 6-ба- ған | Ескер- ту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Вице-министр/жергілікті уәкілетті органның бастығы