Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген
ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 17 мамырдағы N 533 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.09.04 ж. N 1005 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мыналар болып айқындалсын:
1) мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, балалар үйінің денсаулығы нашар жетім балаларын, экологиялық қолайсыз аймақтардың және аз қамтылған отбасыларының балаларын оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру;
2) әдістерді, соның ішінде дәстүрден тыс әдістерді әзірлеу және енгізу, имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау;
3) азаматтардың рухани және тән саулығын нығайтудың дәстүрден тыс әдістері ықпалының тәжірибесін зерделеу.
ҚР Үкіметінің 30.09.04 ж. N 1005 қаулысымен 4-тармақшамен толықтырылды
4) ғылыми зерттеулер, ғылыми-педагогикалық мамандар мен кадрлар даярлау.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімінде:
реттік нөмірі 470-164-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімінде:
реттік нөмірі 157-16-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов
|