"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк
қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 15 наурыздағы N 310 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.03.02 ж. N 313; 27.04.02 ж. N 479; 25.09.02
ж. N 1051; 28.12.02 ж. N 1404 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 25 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 28.12.02 ж. N 1404 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүліктiк кешенiнен магистральдық темiр жол желiсi шығарылсын.
2. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын және 1-қосымшаға сәйкес оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қосу жолымен мемлекеттiң 100% акциялар пакетiмен "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
3. Қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi магистральдық темiр жол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыру, магистральдық темiр жол желiсiнiң операторы және тасымалдаушысы функцияларын орындау деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 27.04.02 ж. N 479; 25.09.02 ж. N 1051; 28.12.02 ж. N 1404 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және 1-қосымшаға сәйкес оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының мүліктерін, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) магистральдық темiр жол желiсiн Қоғамның иеленуiне және пайдалануына берудi;
3) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның мемлекеттік тіркелуін;
4)
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 наурыздағы
N 310 қаулысына
1-қосымша
"Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттiк
кәсiпорындарының тiзбесi
ҚР Үкіметінің 27.04.02 ж. N 479 қаулысыментізбе өзгертілді
2. "Инфрақұрылым" ЕМК.
3. "Локомотив" ЕМК.
8. "Теміржолсужылужабдықтау" ЕМК.
9. "Жүк тасымалы" ЕМК.
10. "Вагон паркiн басқару жөнiндегi бiрiншi мемлекеттiк компания" ЕМК.
11. "Вагон паркiн басқару жөнiндегi екiншi мемлекеттiк компания" ЕМК.
12. "Вагон паркiн басқару жөнiндегi үшiншi мемлекеттiк компания" ЕМК.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 наурыздағы
N 310 қаулысына
2-қосымша
Акцияларының пакеттері "Қазақстан темір жолы" ұлттық
компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық
капиталына берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 27.04.02 ж. N 479 қаулысыментізбе өзгертілді
1. "Жолжөндеу" ААҚ.
2. "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ААҚ.
4. "Жол жөндеуші" ААҚ.
5. "Көлік сервисі орталығы" ААҚ.
6. "Кеденкөліксервис" ЖАҚ.
7. "Көліктелеком" ААҚ.
8. "Жолаушылар тасымалы" ААҚ.
9. "Теміржолмашжөндеу" ААҚ.
10. "Локомотивжөндеу" ААҚ.
11. "Вагонжөндеу" ААҚ.
12. "Теміржолсужылужабдықтау" ААҚ.
13. "Қазкөліксервис" ААҚ.
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. N 1051 қаулысымен3-қосымша алынып тасталды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 наурыздағы
N 310 қаулысына
3-қосымша
"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы"
жабық акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
ҚР Үкіметінің 15.03.02 ж. N 313 қаулысымен құрам толықтырылды
Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Құсайынов Әбiлғазы Қалиәкпарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;Рақымбеков Боран Ғизатұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет бiрiншi вице-министрi;
Шнейдмюллер Владимир Викторович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi;
Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының президенті.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 наурыздағы
N 310 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-27-жолмен толықтырылсын:
"21-27 "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-12-жолмен толықтырылсын: "160-12 "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
3. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазкөлiксервис" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны мен "Кеденкөлiксервис" жабық акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қаңтардағы N 11 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.