Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні есепке қою және
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру
ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
кіріс Министрінің 2001 ж. 15 желтоқсандағы N 1736 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 20.11.02 ж. N 581 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті беру ережелері бекітілсін.
2. Әдістемелік департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынасқа таралады.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс Министрі | З. Кәкімжанов
|
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс Министрінің
2001 ж. 15 желтоқсандағы
N 1736 бұйрығымен бекітілді
Қосылған құн салығы бойынша салық төлеушіні
есепке қою және Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәлікті беру ережесі
Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-II Кодексіне сәйкес әзірленді және қосылған құн салығы бойынша салық төлеушілерді есепке қою және салық органдарында қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы Куәліктерді беру тәртібін белгілейді.
1. Жалпы бөлім
1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға Кодекстің 208-бабына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес мынадай тұлғалар жатады:
1) жеке кәсіпкерлер;
2) заңды тұлғалар;
3) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместер.
Қосылған құн салығын төлеушінің өтініші бойынша Кодекстің 208-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып танылған оның құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға жатады.
2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген тұлғаның салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін (немесе бір уақытта) жүзеге асырылады және салық төлеушілерді тіркеу есебі нысанының бірі болып табылады.
3. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеушілердің салықтық тіркеу карточкасына енгізу жолымен жүзеге асырылады. Салық төлеушілердің тіркеу карточкасының мәліметтерінен қосылған құн салығын төлеушілер туралы дерекқор қалыптасады.
4. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою кезінде салық төлеушінің тіркелу орны бойынша салық органы (бұдан әрі - салық органы) мыналардың негізінде қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті (бұдан әрі - Куәлік) салық төлеушіге береді:
1) белгіленген нысан бойынша салық органына берілген қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш (бұдан әрі - Есепке қою туралы өтініш);
2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органының шешімі (бұдан әрі - Есепке қою туралы шешім).
2. Қосылған құн салығы бойынша есепке
қою туралы өтінішті беру тәртібі
5. Есепке қою туралы өтініш осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген жағдайларды есептемегенде, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес 342.00 нысаны бойынша салық органына беріледі.
342.00 нысан бойынша Есепке қою туралы өтініш қағаз түрінде ғана жасалады, қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен немесе баспа құрылғыларын пайдалана отырып толтырылады.
342.00 нысан бойынша Есепке қою туралы өтініш екі данада келу тәртібінде беріледі, оның біреуі салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
342.00 нысан бойынша екі өтініш те 2002 жылғы 1 қаңтардан 31 қаңтарға шейінгі кезеңде қара-ақ гаммада беріледі.
6. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркеумен бір уақытта Есепке қою туралы өтініш тұлғаны салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу рәсімін өтуге өтініш беру көзделген нысан бойынша салық комитетіне беріледі.
7. Есепке қою туралы өтінішті алу кезінде салық органы салық төлеуші болғанда, жіберілген белгілерге қатаң шектелген тізімі бар өтініш нысанының жолының толтырылу дұрыстығын, көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді және оны өңдеуді жүзеге асырады.
8. Толтыру кезінде жіберілген қателер табылған кезде, өтініш жою үшін салық төлеушіге қайтарылады.
9. Есепке қою туралы өтініште анықталған қателер жойылғаннан кейін салық органы Есепке қою туралы өтініш қабылданғаны туралы белгі қояды.
10. Салық органы екі жұмыс күні ішінде салық төлеушіге Куәлік не Есепке қою туралы өтініште көрсетілген тіркеу деректерімен сәйкессіздік табылған жағдайда, салық төлеушіге қосылған құн салығы бойынша есепке қоюдан бас тартудың уәждемеленген себебін хабарлайды.
3. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық
органының шешім қабылдау негіздемесі және шешімі
11. Салық тексеруі кезінде салық төлеушіде Кодекстің 208-бабының 3-тармағымен белгіленген өткізу бойынша кіші айналым мөлшерінен кез-келген кезең үшін жиынтық айқындалған (он екі айлықтан артық емес) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым мөлшерінің асып түсуі анықталған жағдайда, салық тексеруінің актісі негізінде салық органы екі жұмыс күні ішінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны Есепке қою туралы шешімді ресімдейді.
Ресімделген Есепке қою туралы шешімге салық органы басшысының болмаса оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолы қойылады және салық төлеушінің іс қағазында сақталады.
12. Салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаннан кейін салық органы салық төлеушіге "Салық міндеттемелерін орындау бойынша салық қызметі органдарының хабарламалар нысандарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Хабарлама) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1466 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді. Хабарламаны толтыру кезінде бұзушылықтың мәнін сипаттайтын жолдарда мынадай мазмұндағы мәтін көрсетіледі:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 208-бабының 9-тармағына және салық органының 20__ жылғы "__"__________ N_____шешіміне сәйкес Сіз қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелдіңіз. Сіз 20__ жылғы "___"____________ бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 8-бөліміне сәйкес қосылған құн салығын есептеу мен төлеуді жүргізуге міндеттісіз.
4. Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәлік
13. Куәлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен белгіленген тәртіпте салық органы ресімдейді.
Куәлік қатаң есептеме бланкісі болып табылады.
14. Куәліктің нөмірі оңнан солға қарай мыналар сипатталатын сандардың дәйектілігінен тұратын сандық код ретінде қалыптасады:
Сериясы | ХХ | Х | ХХ | Нөмірі | ХХХ... |
| Фасет 1 | Фасет 2 | Фасет 3 | | Фасет 4 |
фасет 1 - қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш
қабылдаған қалалық (аудандық) салық органы бағынысты болып табылатын
облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша салық органының коды;
фасет 2 - қосылған құн салығының коды;
фасет 3 - құжаттың коды (05 - Куәліктің түпнұсқасы, 15 - Куәліктің
көшірмесі);
фасет 4 - берілген Куәліктің реттік нөмірі.
15. Тіркелген қосылған құн салығын төлеушіге берілген Куәліктің
сериясы және нөмірі туралы мәлімет қосылған құн салығын төлеушілер туралы
дерекқорға хабарланады.
16. Куәлік осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық
органында жүргізілетін берілген Куәліктерді есепке алу Журналында қол қою
жолымен қосылған құн салығын төлеушіге беріледі.
Куәлік салық төлеушіде сақталады.
17. Куәлік бүлінген немесе жоғалған жағдайда, қосылған құн салығын
төлеуші осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Куәліктің көшірмесін
алуға салық органына өтініш береді. Куәліктің көшірмесі түпнұсқаның
көшірмесі болып табылады.
Куәлік бүлінген жағдайда, Куәліктің көшірмесін алуға өтінішке
Куәліктің бүлінген бланкісі қоса беріледі.
Ресімделген Куәліктің көшірмесі салық органының басшысының немесе
оны ауыстыратын тұлғаның қолымен және салық органының мөрімен расталады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш
[Графикалық нысанды қараңыз]
Қосылған құн салығы бойынша
салық төлеушіні есепке қою ережесі
және Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәлікті беру
тәртібіне N 2 қосымша
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
туралы салық органының шешімі
[Графикалық нысанды қараңыз]
Қосылған құн салығы бойынша
салық төлеушіні есепке қою ережесі
және Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәлікті беру
тәртібіне N 3 қосымша
Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәлікті
алуға арналған
ХАБАРЛАМА
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 208-бабының 9-тармағы
және 20__ жылғы "___"___________N________ салық органының шешіміне сәйкес
__________________________________________________________________
(салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы)
СТН_______________________
қосылған құн салығын төлеуші ретінде 20__ жылғы "___"___________
бастап тіркелді.
Қосылған құн салығы бойынша Есепке қою туралы куәлікті алу үшін
Сізге мекен-жайы:___________________________, N_________ кабинет бойынша
салық комитетіне келу қажет.
Салық органының
басшысы ______________________
Аты-жөні және қолы
Қосылған құн салығы бойынша
салық төлеушіні есепке қою ережесі
және Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәлікті беру
тәртібіне N 3 қосымша
_________________СЕРИЯЛЫ
БЕРІЛГЕН ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ
ҚОЮ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ
Р/н N | Куәлік- тің нө- мірі | Салық төлеу- шінің СТН | Салық төлеу- шінің аты-жөні немесе атауы | Салық төлеу- шінің Куә- лікті алған күні | Салық төлеу- шіге Куәлік- ті берген са- лық органының қызметкерінің аты-жөні | 5-бағанда көрсетілген салық органы қызметкерінің қолы | Куәлікті алуға уәклетті салық төлеушінің өкі- лінің аты-жөні | 7-бағанда көр- сетілген тұл- ғаның қолы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
Қосылған құн салығы бойынша
салық төлеушіні есепке қою ережесі
және Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою туралы куәлікті беру
тәртібіне N 4 қосымша
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША
ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІҢ
КӨШІРМЕСІН АЛУҒА ӨТІНІШ
[Графикалық нысанды қараңыз]