Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1755 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарға ақшалай төлем жасау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 наурыздағы N 239 қаулысына:
тақырыптағы және мәтiндегi "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарға ақшалай төлем жасау туралы Ережеде:
тақырып "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзац "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
а) тармақшасында:
"еңбекпен түзеу мекемелерiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң орталық аппаратындағы, облыстар басқармаларының (бөлiмдерiнiң) аппараттарындағы, түзеу мекемелерiндегi, күзет және қадағалау бөлiмдерiндегі (бөлiмшелерiндегі), оқу орындарындары мен басқа да мекемелердегi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң органдарындағы қатардағы және басшы құрамындағы адамдардың штаттық лауазымын атқаратындарға**";
түсiндiрме мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"**Бұдан әрi қысқартып алу үшiн бұл органдар мен мекемелер қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары деп аталады.";
б) тармақшасы "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейiн "не қылмыстық-атқару жүйесi органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың ә) тармақшасы, 2-тармақтың оныншы абзацы, 10, 11, 25, 27, 29, 32, 67, 68, 69, 71-тармақтар, 110-тармақтың а) тармақшасы "Ішкіісминiнiң" деген сөзден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
3, 7, 10, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 23, 24, 28, 30, 37, 45, 46, 48, 52, 53, 54, 56, 57, 64, 76, 77, 78, 79, 87-тармақтар, 110-тармақтың г) тармақшасы, 117, 118, 120, 124, 125, 126, 129-тармақтар, 130-тармақтың а), б), г) тармақшалары, 133, 134-тармақтар "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
бiрiншi абзац "Ішкi iстер" деген сөздерден кейiн "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Ішкi iстер министрлiгi" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi" деген сөздермен толықтырылсын, "Ішкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын, "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Ішкіісминiнiң" деген сөзден кейiн ", Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздерден кейiн "және Әдiлет министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Ішкіісминi оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарына ақшалай төлем" деген бөлiмнiң тақырыбы "Iшкіісминi" деген сөзден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;
47-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер министрiнiң" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
"Iшкi iстер органының штаттары өзгерген кезде ақшалай төлем жасау", "Iшкi iстер органдарының қарамағында (резервiнде) болған уақытында ақшалай төлем жасау", "Iшкi iстер органдарынан босатылған кезде ақшалай төлем жасау" деген бөлiмдердiң тақырыптары "Iшкi істер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
84-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер министрi" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрi" деген сөздермен толықтырылсын;
112-тармақта:
бiрiншi, екiншi және төртiншi абзацтардағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац "Iшкi iстер министрiнiң" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрiнiң" деген сөздермен толықтырылсын, "бастықтарының" деген сөзден кейiн ", Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi төрағасының, Комитеттiң аумақтық бөлiмшелер бастықтарының" деген сөздермен толықтырылсын;
130-тармақтың б) тармақшасы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" бөлiмшесi және "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 461-13-жолы алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы бөлiмшемен және реттiк нөмiрi 106-4-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi
106-4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "Еңбек" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Астана қаласы.".
ҚР Үкіметінің 04.07.03 ж. N 661 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдердi жүзеге асырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 396-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн төлеудi жүзеге асырудың тәртiбiнде:
5-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Зейнетақыны төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 52, 481-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақыны төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру тәртiбi туралы ережеде:
24 және 25-тармақтар "Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 29, 255-құжат):
тақырып, 1-тармақтағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудiң ережесiнде:
тақырыптағы және бiрiншi абзацтағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың екiншi, төртiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы, он екiншi абзацтары, 3-тармақтың бiрiншi абзацы, 2) тармақшасының он төртiншi абзацы, 3) тармақшасының үшiншi, алтыншы абзацтары, 3-тармақтың 4) тармақшасының он алтыншы абзацы, 9-тармақ, 10-тармақтың бiрiншi абзацы, 11, 12-тармақтар, 13-тармақтың бiрiншi абзацы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер министрiнiң" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 4) тармақшасы:
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Iшкi iстер министрi және Әдiлет министрi белгiлеген шарттарда бөлiмшелердiң, лауазымдардың тiзбелерi бойынша 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық қауiпсiздiк органдарының, iшкi әскерлердiң, iшкi iстер және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының арнайы мақсаттағы бөлiмшелерiнде";
он жетiншi абзац "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма тоғызыншы абзац "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын; "Iшкi iстер министрi" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi, органдарындағы және кәсiпорындарындағы қызмет.";
10-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiнiң немесе басшы және қатардағы құрамның атына дақ түсiретiн қылық жасағаны не қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты (соның ішiнде шартты түрде сотталуына байланысты) қызметтен босаған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына бiржолғы немесе босау жәрдемақысы төленбейдi. Iшкi iстер органдарына, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарына қызметке ауысуына байланысты мiндеттi әскери қызметтен босаған әскери қызметшiлерге және осы органдардан мiндеттi әскери қызметке не Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарына тағайындалған iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдарының адамдарына, мiндеттi әскери қызметке не iшкi iстер органдарына қызметке ауысуына байланысты тағайындалған Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына бiржолғы немесе босау жәрдемақысы төленбейдi.";
көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
тақырып, 1, 2-тармақтар "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада:
тақырып "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. N 1443 қаулысымен 6-тармақтың күші жойылды
6. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Орталық аппарат органы" деген жолдағы "1929" деген сан "1757" деген санмен ауыстырылсын;
"Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 172" деген жол алынып тасталсын;
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық iшкi iстер органдарының аппараты және бөлiмшелерi" деген жолдағы "20514" деген сан "19964" деген санмен ауыстырылсын;
"соның iшiнде:
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық қылмыстық-атқару жүйесi органдарының аппараты және бөлiмшелерi 550" деген жол алынып тасталсын;
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдар" деген жолдағы "40314" деген сан "28839" деген санмен ауыстырылсын; "Түзеу мекемелерi 11682" деген жол алынып тасталсын;
"Павлодар заң колледжi 218" деген жол алынып тасталсын;
"Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегі аумақтық iшкi iстер органдарының аппараты және бөлiмшелерi" деген жолдағы "29902" деген сан "29467" деген санмен ауыстырылсын;
"соның iшiнде:
жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын аумақтық қылмыстық-атқару жүйесi органдарының аппараты және бөлiмшелерi 550" деген жол алынып тасталсын;
"Барлығы" деген жолдағы "97577" деген сан "84653" деген санмен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацы ", Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"қылмыстық жазалауды орындау;";
12-тармақта:
7) тармақшаның он сегізiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"әдiлет органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегiнде әдiлет органдарын ұстауға арналған қаржы қаражатын бөлу;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) қылмыстық жазалауды орындау саласында:
қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру;";
19-тармақта:
үшiншi абзац "Министрлiктi," деген сөзден кейiн ", төрағаның орынбасарларын, соның iшiнде бiрiншi орынбасарды және Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiм бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде айрықша жағдай режимiн енгiзедi;
орта және аға басшы құрамның бiрiншi арнайы атағы, сондай-ақ iшкi қызмет полковнигi атағын бередi;".
8. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 11, 100-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі туралы Ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацы "ведомстволары бар: Қылмыстық-атқару жүйесi," деген сөздер "ведомствосы бар -" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 12) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақтың 1) тармақшасындағы "қылмыстық жазалау" деген сөздердiң алдынан "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторларында жазаларын өтеп жатқан, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған адамдарға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың 3) тармақшасындағы "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң объектiлерi" деген сөздер "iшкi iстер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 мамырдағы N 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 196-құжат):
15-тармақтың төртiншi абзацы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын, "Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн "Әдiлет министрлігінiң" деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақтың бесiншi абзацы "Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздерден кейiн ", Әдiлет министрлiгiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
10. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген 5-бөлiм:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Түзеу мекемелерi 11 682
Павлодар заң колледжi 218".
11. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 483 қаулысына:
тақырып және 1-тармақ "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiнде:
тақырып "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "криминалдық полиция" деген сөздерден кейiн "Күзетке алу орындары департаментi" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы және оның жедел iздестiру жұмысы, анықтау, қылмыстық-атқару инспекциясы, iшкi қауiпсiздiк қызметi, режим, қадағалау және күзет жөнiндегi орынбасарлары, ҚАЖ комитетi аумақтық органдарының бастықтары және олардың жедел iздестiру жұмысы, анықтау, iшкi қауiпсiздiк қызметi, режим, қадағалау және күзет жөнiндегі орынбасарлары, Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң және Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi аумақтық органдарының жедел басқармасы (бөлiмi, бөлiмшесi), режим, қадағалау және күзет басқармасы (бөлiмi, бөлiмшесi), "А" бөлiмшесiнiң, қылмыстық-атқару инспекциясы бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) бастықтары және бастықтарының орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға жедел уәкiл, аға жедел уәкiл, жедел уәкiл, кезекшi бөлiм бастығы, аға кезекшi-инспектор, кезекшi-инспектор.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жедел-iздестiру жұмысы, режим, қылмыстық жазалауды орындау жөнiндегi бастықтар мен олардың орынбасарлары, жедел және режимдiк бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң), режим және күзет бөлiмi бақылау қызметi бөлiмiнiң бастықтары мен бастықтардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға жедел уәкiлдер, аға жедел уәкiлдер, жедел уәкiлдер, аға анықтаушылар, анықтаушылар, бастықтардың көмекшi кезекшiлерi, бастықтардың кезекшi көмекшiлерiнiң орынбасарлары, жасақтар, нарядтар, қарауылдар бастықтары, корпус бойынша аға, аға бақылаушылар, бақылаушылар, аға инспекторлар, режим және күзет бөлiмiнiң инспекторлары, пост полицейлерi, жүргізушi қызметкерлер, кезекшi инспекторлар, түзету мекемелерiнiң, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, белгiлi бiр тұратын жерi жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлушiлердiң кезекшiлерi.".
12. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1006 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесi:
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi".
13. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан РеспубликасыYкiметiнiң 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 4-жолда:
"245" деген сан "417" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 167";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі 829
бұдан басқа:
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi 1024 ".
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң
2001 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1755 қаулысына қосымша
1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 668 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 21, 235-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1003-61 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қарашадағы N 1761 қаулысының 5-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 3 шiлдедегi N 907 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.
5. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қарашадағы N 1541 қаулысының 5-тармағы.