"Есеп" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жекешелендіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23
шілдедегі N 1046 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1119 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 маусымдағы N 575 қаулысымен бекiтiлген Мемлекет активтерiн тиiмдi басқару мен оларға билiк жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi 1998-1999 жылдарға арналған шаралардың жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. "Есеп" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын (шаруашылық жүргізу құқындағы) жекешелендiру туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Есеп" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (шаруашылық жүргiзу құқындағы) мүлiктiк кешенiн сатуды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 25-7-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысында:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi "Есеп" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген жол алынып тасталсын.
4. Мыналардың:
1) "Есеп" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 1066 қаулысының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 12, 118-құжат) 1-тармағындағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі