Қазақстан Республикасында экспортты-импорттық валюталық бақылауды
ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 10 қазандағы N 1409 бұйрығы
(ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 17.06.02 ж. N 574;
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен )
2009 ж. 9 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған редакция
Экспортты-импорттық валюталық бақылау ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында экспорты-импорттық валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Ұлттық Банкi арасында ақпарат алмасумен қамтамасыз ететiн байланыс электронды арнасы бойынша тең үлесте шығыстар бөлiнсiн: 50 % - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi және 50 % - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi:
қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ететiн КААЖ жанындағы "Валюталық бақылау" жүйесiн жетілдiрумен қамтамасыз етсiн;
валюталық бақылау бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi осы бұйрыққа сәйкестендiрсiн.
4. Осы бұйрықты бақылау Мемлекеттiк кiрiс вице-Министрi Н.Қ. Рахметовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің жеке бұйрығымен қолданысқа енгiзiлетiн, көрсетiлген Нұсқаулықтың 7-бөлiмi мен N 7, 8, 15, 16 қосымшаларын қоспағанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап он төрт күннiң аяқталуы бойынша қолданысқа енгiзіледi.