Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ
мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы N 1358 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" және 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ гуманитарлық заң университеті" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде қызметінің негізгі мәні мыналар деп айқындасын:
заң, сондай-ақ гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылым салаларында жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын белгіленген тәртіппен қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;
4) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін жарғылық капиталдың 45 пайызы мөлшерінде акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін сатуды жүзеге асырсын;
5) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
6) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 24 қазандағы
N 1358 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде реттік нөмірі 470-138-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің тізбесінде:
"Астана қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-20-жолмен толықтырылсын:
"21-20 "Қазақ гуманитарлық заң университеті" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-17-жолмен толықтырылсын:
"222-17 "Қазақ гуманитарлық заң университеті" ЖАҚ".
4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімдегі реттік нөмірі 157-4-жол алынып тасталсын.