Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың
жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қазан N 1359
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 30 сәуірдегі N 497 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 773 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2001 жылғы 24 қазандағы
N 1359 қаулысымен
бекiтiлген
Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы
астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны
____________________ 2001 жылғы "___" ________
(елдi мекен)
Бұдан әрi "Иесi" деп аталатын _____________________________ атынан
_______________________________________________________________________
_________________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________
(астық иесi)
және бұдан әрi "АҚК" деп аталатын _____________________________________
атынан_________________________________________________________________
______________ негiзiнде әрекет ететiн_________________________________
(астық қабылдау кәсiпорны)
бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы
шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi
1.1. АҚК оған осы шарттың ережелерiмен берiлген астықты заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген астықтың сапасы бойынша мемлекеттiк стандарттармен, нормативтiк құқықтық кесімдермен және өзге де техникалық шарттармен белгiленген сақтау нормаларын (режимдерiн) сақтай отырып сақтауға мiндеттенедi.
1.2. Дақылдың түрi, сорты, астықтың класы: _______________________
_______________________________________________________________________
1.3. Иесi астық қабылдау кәсiпорнымен келiсiм бойынша астықтың сақталуын қамтамасыз ететiн қолданыстағы (бекiтiлген) нормалардың шегiнде сақтауға тапсырған, есепке алынған табиғи салмағының сақтауға берiлген көлемi тонна.
1.4. АҚК-ға берiлген астықтың сақталу мерзiмi, оның астық қоймасына түскен сәтiнен бастап төрт жылдан аспайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
2.1. АҚК:
2.1.1 осы сақтау шартына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес астықты сақтау және оның сақталу шарттарын қамтамасыз етуге қажеттi барлық шараларды қабылдауға;
2.1.2 АҚК-ның техникалық мүмкiндiктерiне сәйкес барлық қызметтердi көрсетуге;
2.1.3 Иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне астықтың сақталу орнын немесе оның үлгiлерiн қарауға, сынақ алу мүмкiндiгiн беруге;
2.1.4 астық қолхатын ұстаушының бiрiншi талабы бойынша астық қолхатына айырбастауға "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, астық қолхатымен қамтамасыз етiлген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаған жағдайда, шарт ережелерiнiң, АҚК-ның техникалық мүмкiндiгiне сәйкес, кешiктiрмей сақтауға қабылдаған сападан төмен емес сапамен жөнелтуге;
2.1.5 сақтауға берiлген астықтың жоғалу немесе бүлiну қаупi туындаған жағдайды қоспағанда, Иесiнiң келiсiмiнсiз астықты сақтауды үшiншi тұлғаға бермеуге. Тауарды үшiншi тұлғаға сақтауға беру туралы АҚК дереу иесiне хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте АҚК астықты сақтауға берген үшiншi тұлғаның iс-әрекетiне өз меншiгiндей толық жауап бередi;
2.1.6 Иесiне немесе оның уәкiлеттi өкiлiне астық сақтау мәселелерi бойынша ақпарат беруге;
2.1.7 астықты сақтауға қатысты тиiстi және қажеттi есеп жүргiзуге мiндеттенедi.
2.2. АҚК-ның:
2.2.1 астықты сақтау жөнiндегi шығындарды, кейiннен оны астық рыногында еркiн сата отырып, ақшалай не Иесiнiң келiсiмiмен сақталатын астықтың санына сәйкес ұстап қалу жолымен жабуға;
2.2.2 шартпен көзделген немесе заңнамалық кесiмдерде белгiленген Иесiнiң мүддесiмен өзге де операциялар бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар.
2.3. Иесi осы шарттың 3.1 және 3.2-тармақтарында белгiленген тәртiппен және ережелермен АҚК-ның қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттенедi.
2.4. Иесiнiң:
2.4.1 АҚК-да сақтаудағы астыққа астық қолхатында көрсетiлген көлемде билiк етуге;
2.4.2 астықты ауыстырусыз, тапсыру жазбасы мен астық қолхатының өзiн беру жолымен астыққа меншiк құқығын берудi жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Сақтау шарты бойынша сыйақы және шығындарды өтеу
3.1. Астық сақтау жөнiнде қызметтер көрсеткенi үшiн оның Иесi АҚК-ға
сақтаған астықтың бiр тоннасы үшiн ____ мөлшерiнде сыйақы төлейдi. Рынокта
басымдық жағдайды алатын астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтерiне
арналған бағаларды (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудi Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге
асырады.
3.2. Осы шарт бойынша қызметтерге ақы төлеу осы шарт қолданған кезеңде әр күнтiзбелiк айдың бiрiншi бес банктiк күнi ішiнде жүргiзiлуi тиiс.
4. Шарттың қолданылу мерзiмi
4.1. Осы шарт __________________________________ мерзiмге жасалды.
5. Тараптардың жауапкершiлiгi
5.1. Астық сақтауды жүзеге асыратын АҚК астықтың сақталмағаны үшiн тек, астықтың жоғалуы, жетiспеушiлiгi немесе бүлiнуi тежеусiз күштiң әсерiнен не Иесiнiң қаскөйлiк ниетiнен немесе өрескел абайсыздығынан болған жағдайларда жауапкершiлiктен босатылады.
5.2. Шартта көзделген сақтау мерзiмi аяқталғаннан кейiн астықты оның Иесi қайта алмаған жағдайда, АҚК тек оның тарапынан қаскөйлiк ниетi немесе өрескел абайсыздығы болған кезде осы астықтың жойылғаны, жетiспеушiлiгi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
5.3. АҚК заңнамада белгiленген тәртiппен куәландырылған, тиiстi актiлермен расталған нормалар шегiнде астықтың табиғи азаюы жағдайын қоспағанда, астықтың жоғалғаны немесе жетiспегенi үшiн жоғалған немесе жетiспейтiн астықтың құны мөлшерiнде iшкi рынокта қалыптасқан (биржалық) баға бойынша жауапкершiлiкте болады.
5.4. АҚК-ның көрсеткен қызметтерiне төлем жасамаған немесе толық төлем жасамаған жағдайда, Иесi АҚК-ға осы шарт бойынша төленбеген соманың 0,01% мөлшерiнде өсiм төлейдi, бұл оны сақтау қызметтерi үшiн төлем жасау жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.
5.5. Егер осы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн сақтаудағы астықты оның Иесi керi қайтарып алмаса, онда ол АҚК-ға осы шарттың 3.1-тармағында белгiленген ставка бойынша астықты одан әрi сақтағаны үшiн бiрдей мөлшерде сыйақы төлеуге мiндеттi.
6. Дауларды қарау тәртібі
6.1. Осы шартқа байланысты және одан туындайтын барлық даулар келіссөздер және қосымша келісімдер жасасу жолымен шешіледі. Тараптар келіспеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қарауына жатады.
7. Басқа жағдайлар
7.1. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар осы шарттың мәтініне қайшы келмеуі тиіс және жазбаша нысанда жасалуы, Тараптар қол қоюы тиіс.
7.2. Осы шарт бірдей заңды күші бар, әр Тарапқа бір данадан 2 данада жасалды.
8. Тараптардың мекен-жайлары мен банктік деректемелері
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________