Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi
бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001
жылғы 16 тамыздағы N 1074 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 06.08.03 ж. N 785 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шiлдедегi N 417 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, N 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 16 тамыздағы
N 1074 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы арқылы (бұдан әрi - Бас штаб) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Бас штаб Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн (бұдан әрi - Қарулы Күштер) жедел-стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын Министрлiктiң құрылымындағы әскери басқару органы болып табылады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi мен өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөртаңбасы, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қарулы Күштердiң барлық жеке құрамы үшiн мiндеттi күшi бар бұйрықтар мен директивалар түрiнде актiлер шығарады.
5. Министрлiктiң Ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 51а.
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) мемлекеттiң әскери саясаты мен Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
2) Қазақстан Республикасы әскери бюджетiнiң жобасы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясатын жүргiзуде Ұлттық қауiпсiздiк тұжырымдамасын, Әскери доктринасын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
4) әскери-саяси жағдайға баға беруге, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетiн ықтимал қатердiң сипаты мен дәрежесiн айқындауға қатысу;
5) Қарулы Күштерде мемлекеттiк құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
6) мемлекеттiң егемендiгiн және аумақтық тұтастығын қорғауға Қарулы Күштердiң жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығын үнемi қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және Қазақстан Республикасына қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
7) Қарулы Күштер туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн iске асыруды қамтамасыз ету;
8) Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерiнiң және арнайы әскерлердiң жедел мақсаты мен мiндеттерiн айқындау, оларды Қазақстан Республикасының басқа әскерлерiмен және әскери құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негiзiнде басқа мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимылда қолдану;
9) Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен Қарулы Күштерге адам, көлiк және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргiзу;
10) Қарулы Күштерде идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
11) экономиканы жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру және ұйымдардың белгіленген жұмылдыру тапсырмасын орындау даярлығын бақылауға қатысу;
12) ғылыми-техникалық және арнаулы зерттеулер мен Қарулы Күштердің мұқтажы үшін әскери кадрларды даярлауды дамыту бағыттарын айқындау;
13) әскери іс-әрекеттi жүргiзуге байланысты қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
14) Қарулы Күштердiң қару-жараққа, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтарға сұранымын, олармен Қарулы Күштердi жұмылдыра өрiстетудiң жоспарын қамтамасыз ету, қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтардың жедел және стратегиялық қорларын жинақтау мен орналастыруды айқындау;
15) әскери қызметшiлердiң, азаматтық қызметкерлердiң қауiпсiздiгi мен өмiрiн және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.
11. Министрлiк өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiң әскери саясаты мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және Қарулы Күштердiң құрылысы мен даму бағдарламаларын iске асырады;
2) Әскери доктринаны, Қарулы Күштердi дамыту мен реформалау тұжырымдамасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi;
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекітуiне әскерлердiң орнын ауыстыру мен орналастыру жоспарларын ұсынады;
4) жедел стратегиялық жоспарлау мен Қарулы Күштердiң жауынгерлiк және күнделiктi iс-әрекетiне басшылықты жүзеге асырады;
5) қару-жарақты, әскери техника мен басқа да әскери мүлiкті жасау, өндiру және жөндеу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орналастырады, олардың жасалуын, сыналуын, өндiрiлуi мен сапасын бақылауды жүзеге асырады;
6) нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады және әзiрлейдi;
7) қорғанысқа арналған шығыстарға республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
8) әскери ғылымды дамытуға басшылық жасайды, әскери-ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және өткiзедi;
9) жеке құрамның әскери, құқықтық, патриоттық және адамгершілік тәрбиесін жүзеге асырады;
10) көп ұлтты әскери ұжымдарды топтастыру, әскери қызметтiң қауiпсiздiгi үшiн қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, әскери қызметшiлердiң арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтiк зерттеулердi жүргiзу жөнiнде әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлейдi.
11) қару-жарақты қабылдау (жабдықтау мен пайдалану), қару-жарақтың, оқ-дәрi мен әскери техниканың жаңа және жетiлдiрiлген түрлерiн, сондай-ақ қару-жарақтың (жабдықтаудан пайдаланудан) ескiрген түрлерiн шығару тәртiбiн ұйымдастырады;
12) Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн дамытудың бағыттарын айқындауға атсалысады;
13) Қарулы Күштердiң қажеттілiгiн қамтамасыз етуге қабiлеттi бiртұтас, көп бейiндi ұлттық әскери кадрлар даярлау жүйесiн құру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
14) әскери кадрларды, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң әскери-оқу орындарында даярлауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
15) сыртқы байланыс мәселелерi жөнiндегі жұмыстарға басшылық жасайды;
16) әскери саясат, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасады және келiссөздер жүргiзедi, олардың орындалу барысына бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
17) әскери-саяси жағдай туралы ақпараттарды жинау, талдау мен жинақтауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қазiргi және болжамдалған соғыс қаупiнiң түрi мен дәрежесiн анықтайды;
18) Қарулы Күштердiң жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығының, заңдылық пен құқық тәртiбiнiң жағдайын бақылайды;
19) Қарулы Күштердi ұстауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың жұмсалуы мен материалдық-техникалық жабдықтарды тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
20) республиканың қорғаныс мүддесi үшiн күрделi құрылысты ұйымдастырады және бақылайды;
21) өндірістік, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери мақсаттағы және тұрғын үй объектілерінің құрылысын ұйымдастырады;
22) Қарулы Күштерді әлеуметтік жағынан дамыту, әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ зейнеткерлерді медициналық, санаториялық-курорттық, сауықтыруды қамсыздандыру, тұрғын үй, өндірістік-шаруашылық, материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
23) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы және бiтiмгершілiк қызметтегі мемлекеттердiң ұжымдық қауiпсiздiгiнiң жүйесi шеңберiнде қорғанысты жоспарлауға қатысады;
24) Қарулы Күштердiң құрылысы (дамуы) және әскерлердiң жұмылдыра
өрiстету жоспарларын әзiрлейдi, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың
құрылысы (дамуы) жоспарларын әзiрлеп үйлестiредi;
25) мемлекеттiк органдардың қатысуымен мемлекеттiң Қарулы Күштердi қолдану жоспарын, мемлекеттiң және Қарулы Күштердiң жұмылдыру жоспарын, сондай-ақ ел аумағын қорғаныс мақсатына орай жедел жабдықтаудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлейдi;
26) Қарулы Күштердiң жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлігін, жедел, жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығын қолдау жөнiндегі шараларды ұйымдастырады және өткiзедi;
27) әскери қызметке және оқу-жаттығу жиындарына шақырылатын азаматтардың саны жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
28) әскери есеп, азаматтарды әскери қызметке даярлау және оларды әскери қызмет пен жиындарға шақыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
29) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды, Қарулы Күштердi жасақтауды жоспарлайды және ұйымдастырады, сондай-ақ шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың денсаулығын бақылауды жүзеге асырады;
30) гарнизондарда, әскери бөлімдер мен әскери қалашықтарда құқық тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi; әскери қылмыстар, құқық бұзушыларды іздестiру мен ұстау жөнiнде анықтауды жүзеге асырады;
31) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын әуеде күзетудi жүзеге асырады;
32) Министрлiктiң арнаулы мемлекеттiк мұрағатынан шығатын мұрағат анықтамалары мен мұрағат құжаттарының көшiрмесiне растама қояды;
33) мемлекеттiк сатып алулар процесiн ұйымдастырады;
34) Қазақстан Республикасының бейрезиденттерiмен қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуге және жеткiзуге, сондай-ақ Қарулы Күштер үшiн халықаралық келiсiмдерге сәйкес басқа да материалдық құралдарға шарттар жасасады;
35) өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен негізгi міндеттерді орындау және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн:
1) өз құзыретi шегiнде орындалуға мiндеттi нормативтiк құқықтық кесімдер қабылдауға;
2) меншiктiң барлық нысандарындағы заңды тұлғалардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгiзуге;
4) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыруға;
5) заңдарға сәйкес өзiне берiлген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрлiктiң мүлкі
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекеттен берiлген мүлiк есебiнен қалыптасады.
14. Министрлiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Министрлiк өзiне бекiтiлiп берiлген әскери мақсаттағы мүлiкке қатысты иелiк ету және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметi шешiмiнiң негізiнде билiк ету құқықтарын жүзеге асырады.
Министрлiк заңдарда белгiленген тәртiппен мүлiктi есептен шығаруды жүзеге асырады.
4. Қызметi мен жауапкершiлiгін ұйымдастыру
16. Министрлiк Қарулы Күштердi дамыту және мемлекеттiң қорғаныс жөнiндегі мiндеттерiн орындауға даярлық үшiн толық жауапты болады.
17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады.
Министрдің заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын төрт, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функциясын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. Осы мақсатта Министр заңдарда белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде:
1) өз орынбасарларының, Министрлiктiң және оның құрылымдық бөлiмшелерi лауазымды тұлғаларының, Қарулы Күштер түрлерi, әскер тектерi және әскери округтер әскерлерi қолбасшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерiнiң құрылымын, штат санын, сондай-ақ Министрлiкке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат санын Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi бекiткен Қарулы Күштердiң, Министрлiктiң және оған қарасты мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимитi шегінде айқындайды;
3) бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң және оның бөлiмшелерiнiң құрылымы мен штат санын айқындайды;
4) Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
5) барлық мемлекеттiк және өзге де ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;
6) Республиканың егемендiгiн, аумақтық тұтастығын қорғау үшiн Қарулы Күштердiң жауынгерлiк әзiрлiгiнiң жағдайына бақылау жасауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының Президентiне Қарулы Күштердегi лауазымдарды атқару үшiн белгiленген номенклатураға сәйкес және жоғары әскери атақтар берiлетiн генералдар мен офицерлердiң кандидатурасын ұсынады;
8) бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады;
9) Қарулы Күштердiң даярлығы мен өз құзыретiнiң шегiнде оны қолданудың жоспарларын бекiтедi;
10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне Қарулы Күштердiң құрылысы, оларды қолдану жоспарлары, жұмылдыра өрiстету мен қаржылай қамтамасыз етiлуi жөнiнде ұсыныстар табыс етедi;
11) өз өкiлеттiгi шегiнде лауазымдарға тағайындайды, қызмет бойынша орын ауыстыру, Қарулы Күштер қатарынан әскери қызметшiлердi босату мен әскери атақтар беру және әскери атақтарынан айыру жөнiндегi мәселелерді шешедi;
12) Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы және Қарулы Күштер түрлерінiң, тектерi мен әскери округ әскерлерінің басқару органдары туралы ережелердi бекiтедi;
13) тапсырыстар көлемін бөлу, қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделi салымдар мен басқа да материалдық-техникалық жабдықтардың негiзгi түрлерiн сатып алу, сондай-ақ Қарулы Күштердiң түрлерi, әскер тектерi, әскери округтерi мен Министрлiктiң құрылымдық үлес бөлiмшелерi бойынша бюджеттік қаржы бөлудi бекiтедi;
14) Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда әскери киiм нысандарын киюдiң тәртiбiн бекiтедi;
15) Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерiн мемлекеттік наградалармен марапаттауға және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беруге ұсынады, әскери қызметшiлер мен азаматтық қызметкерлердi көтермелейдi, сондай-ақ жаза қолданады;
16) шағымдарды, азаматтардың өтiнiштерiн қарауды және Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң, зейнеткерлердiң, қызметкерлерi мен жұмыскерлерiнiң құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғауды ұйымдастырады;
17) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
20. Министрлiктiң алқасы болады. Алқаның санын және дербес құрамын, сондай-ақ оның ережесiн Министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.