7. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде алған мемлекеттiк, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтауға мiндетті.
8. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының заңсыз әрекеттерiне бағыныстылығына қарай облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бас еңбек инспекторларына, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк еңбек инспекторына не сот тәртiбiмен шағым жасауға болады.
3. Қызметiн ұйымдастыру
9. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк еңбек инспекторларының қызметiн тиiстi бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары ұйымдастырады.
10. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы:
1) Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органы бас мемлекеттiк еңбек инспекторларының жұмысын ұйымдастырады;
2) Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын үйлестiредi;
3) мемлекеттік еңбек инспекторлары үшiн еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi әдiстемелiк нұсқауларды әзiрлеудi ұйымдастырады;
4) қызметкерлердiң еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғаларға ұшырауын және денсаулығына келтірілген өзге де зақымдарды тексеру мен есепке алудың белгіленген тәртібінің орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
5) республика бойынша еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуының жай-күйiне мониторинг жүргiзудi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларына талдау жасауды ұйымдастырады;
6) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы сақталуының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат және баяндамалар әзірлеуді ұйымдастырады;
7) қабылдау жүргізеді, азаматтардың және ұйымдардың хаттарын, арыздарын және өтініштерін қарайды;
8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келіспеушiлiктер, сондай-ақ еңбек туралы, еңбекті қорғау туралы заңнама мен еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдер мәселелері бойынша қорытындылар береді;
9) Министрлiк өзiне жүктеген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк еңбек инспекторларының қызметiн ұйымдастырудың өзге де түрлерiн қамтамасыз етедi.
11. Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
1) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мен Министрлiктiң қызметi саласына қатысты өзге де нормативтiк кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеуге қатысады;
2) азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк еңбек инспекторларының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
3) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталу жай-күйi туралы ақпараттар, анықтамалар және баяндамалар әзiрлейдi;
4) республика бойынша өндiрiстік жарақаттану жай-күйiне мониторинг жүргiзедi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларын талдайды, оларды жою және алдын алу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығымен құрылатын адам өлiмiне соқтырған топтық жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;
6) еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша семинарларды әзiрлеуге әрi еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторларының оқуын ұйымдастыруға қатысады;
7) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторларының жұмысын тексеру және оларға практикалық, әдiснамалық көмек көрсету және ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауы жөнiнде бiрлескен зерттеулер мен тексерулер жүргiзуге қатысу үшін жергiлiктi жерлерге шығып тұрады;
8) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттемелерiне сәйкес өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
12. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
2) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларын оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
3) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзуға кінәлі адамдарға облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторларының ықпал ету шараларын қолдануының негiздiлiгi мәселелерiн қарайды;
4) заңнамада белгiленген жағдайларда өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды арнайы зерттеу жөнiндегi комиссияның құрамын белгiлейдi;
5) жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келiспеушiлiктер бойынша, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мәселелерi мен еңбек қатынастарын реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер бойынша қорытындылар бередi;
6) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13. Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
1) ұйымдардың еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы сақтауы мәнiне тексерудi жүзеге асырады;
2) азаматтар мен ұйымдардың өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;
3) Министрлiктiң аумақтық органының бұйрығымен құрылатын өндірiстегi жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегі арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;
4) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталу жай-күйi туралы есептер, ақпараттар, анықтамалар мен баяндамалар әзiрлейдi;
5) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
14. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз жұмысында Министрлiк әзiрлеген және бекiткен нұсқамалар бланкiлерiн, есеп нысандарын және жеке мөртаңбаларды пайдаланады.
15. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз қызмет мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсінше орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 20
шілдедегі N 983 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары
ТIЗБЕСI
"Ақмола облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Алматы облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Жамбыл облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Батыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Қарағанды облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Қызылорда облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Қостанай облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
"Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 20
шілдедегі N 983 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің қарауындағы ұйымдар
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінің 05.09.01 ж. N 1146 қаулысымен тізбе өзгертілді
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру курсы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Республикалық эксперименттік протездеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)
"Семей протез-ортопедия бұйымдары жөнiндегi тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорны" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны