5) "5" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
6) "6" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;
7) "7" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
8) "8" рәмізі - шығарылым шарттарында олардың атаулы құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар.
5. Мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің ҰБН төртінші позициясын толтыру кезінде пайдаланылатын кодтары осы Әдістеменің 1-таблицасында келтірілген.
6. ҰБН бесінші позициясында орналасқан рәміз эмиссияның валютасын білдіреді:
1) "К" рәмізі - қазақстан теңгесі;
2) "U" рәмізі - АҚШ доллары;
3) "Е" рәмізі - евро.
7. ҰБН алтыншы позициясында орналасқан рәміз мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірлігін білдіреді:
1) "Y" рәмізі - жылдар;
2) "M" рәмізі - айлар;
3) "W" рәмізі - апталар;
4) "D" рәмізі - күндер.
8. ҰБН жетінші және сегізінші позицияларында орналасқан рәміздер мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті өлшем бірлігіндегі айналыс мерзімін білдіреді.
Егер айналыс мерзімі 10-нан төмен тиісті өлшем бірлігін құраған жағдайда, жетінші позицияда "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.
9. ҰБН тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан рәміздер мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының олардың эмитенттері пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірін білдіреді.
Егер эмиссияның реттік нөмірі 100-ден төмен болып құралған жағдайда, тоғызыншы позицияда "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.
Егер эмиссияның реттік нөмірі 10-нан төмен болып құралған жағдайда, оныншы позицияда (тоғызыншы позициядағы "0" рәмізіне қосымша) "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі.
Егер эмиссияның реттік нөмірі 999 асып кеткен жағдайда, оның бірінші саны көрсетілмейді.
10. Бақылау саны мынадай түрде есептеледі:
1) 1-қадам: осы Әдістеменің 2-тармағының 1) тармақшасына және
3-9-тармақтарына сәйкес бастапқы он бір позициялар
толтырылады;
2) 2-қадам: позицияларда орналасқан әріптік рәміздер осы Әдістеменің
2-таблицасына сәйкес сандармен ауыстырылады;
3) 3-қадам: сандық қатарда (оның оң жақ шетінен бастап) алынған әрбір
сан коэффициентке көбейтіледі: "2" - тақ позицияларда
орналасқан сандар үшін немесе "1" - жұп позицияларда
орналасқан сандар үшін;
4) 4-қадам: 3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған сандар қатары
қосылады;
5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталса, онда бақылау саны "0" болып табылады. Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еседен төмен болып табылатын саннан алып тастау нәтижесі бақылау саны болып табылады.
1-таблица
Мемлекеттік бағалы қағаздардың
жекелеген түрлері кодтарының
ТАБЛИЦАСЫ
___________________________________________________________________________
Бағалы қағаздың түрі Коды
___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, 1
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазыналық міндеттемелері (МЕККАМ)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, 2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
қазыналық міндеттемелері (МЕОКАМ)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, 3
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, 4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕОКАВМ)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, 4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелген
қазыналық міндеттемелері (МЕИКАМ)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, 2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі займның ұлттық
жинақ облигациялары (НСО)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде 1
номинацияланған қысқа мерзімді ноттары
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шетелдік валютада 3
номинацияланған қысқа мерзімді ноттары
___________________________________________________________________________
2-таблица
Әріптік рәміздерді сандарға ауыстыру
ТАБЛИЦАСЫ
__________________________________________________________
А 10 F 15 L 20 R 25 W 30
B 11 G 16 M 21 S 26 X 31
C 12 H 17 N 22 T 27 Y 32
D 13 J 18 P 23 U 28 Z 33
T 14 K 19 Q 24 V 29
__________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясы Директоратының
2001 жылғы 15 мамырдағы
N 828 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық біріздендіру нөмірлерін
беру қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік бағалы қағаздардың
ұлттық біріздендіру нөмірін
ҚҰРУДЫҢ МЫСАЛЫ
Берілді (мысалдың шарттары):
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі алты ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелерін (бұдан әрі - МЕККАМ) айналысқа шығарады; эмиссияның реттік нөмірі - 123 1-қадам: __________________________________________________________________________ Позицияның нөмірі Рәміздер Түсіндірме __________________________________________________________________________ 1-2 КZ Эмитенттің елін белгілеу (Қағидаларға 1-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы)
3 К Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін белгілеу:
Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті ретінде
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне
"К" рәмізі сәйкес келеді (Қағидаларға
1-қосымшаның 3-тармағы және мысалдың шарттары)
4 I Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрін белгілеу:
МЕККАМ "І" рәмізіне сәйкес келеді (Қағидаларға
1-қосымшаның 4-тармағы және 1-таблица)
5 К Эмиссияның валютасын белгілеу: МЕККАМ-ның атаулы
құны "К" рәмізіне сәйкес келетін Қазақстан
теңгесімен көрсетіледі (Қағидаларға 1-қосымшаның
6-тармағы)
6 М Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің
өлшем бірлігін белгілеу: МЕККАМ-ның айналыс
мерзімі "М" рәмізі сәйкес келетін айлармен
өлшенеді (Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағы)
7-8 06 Бағалы қағаздардың айналыс мерзімін айлармен
белгілеу: МЕККАМ-ның осы эмиссияның айналыс
мерзімі 10 айдан төмен болғандықтан, жетінші
позицияда "0" (нөл) рәмізі көрсетіледі
(Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағы және мысалдың
шарттары)
9-11 123 Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының реттік
нөмірін белгілеу (Қағидаларға 1-қосымшаның
8-тармағы және мысалдың шарттары)
___________________________________________________________________________
Нәтижесінде МЕККАМ-ның осы эмиссиясының ұлттық біріздендіру нөмірі
(оны екінші позициядағы бақылау санынсыз) былайша көрінеді:
_________________________________________________________
K Z K 1 K M 0 6 1 2 3
_________________________________________________________
2-қадам:
Қағидалардың 1-қосымшасындағы 2-таблицаға сәйкес әріпті рәміздерді
сандарға ауыстыру:
_________________________________________________________
1 9 3 3 1 9 1 1 9 2 1 0 6 1 2 3
_________________________________________________________
3-қадам:
Сандық қатарда (оның оң жақ шетінен бастап) алынған сандарды
коэффициентке көбейту: "2" - тақ позицияларда орналасқан сандар үшін
немесе "1" - жұп позицияларда орналасқан сандар үшін:
сандық қатар (3-қадамды орындау нәтижесі):
_________________________________________________________
1 9 3 3 1 9 1 1 9 2 1 0 6 1 2 3
_________________________________________________________
көбейту коэффициенттері:
_________________________________________________________
1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2
_________________________________________________________
көбейту нәтижесі:
_________________________________________________________
1 1 8 3 6 1 1 8 1 2 9 4 1 0 6 2 2 6
_________________________________________________________
4-қадам:
3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған қатардың сандарын қосу:
1+1+8+3+6+1+1+8+1+2+9+4+1+0+6+2+2+6=62
5-қадам:
4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталмағандықтан,
осы сомадан асатын және он еседен төмен болатын сан анықталады. 62 сомасы
үшін осындай сан 70 болып табылады. Тиісінше бақылау саны 8-ге тең (70-62).
Осы эмиссиядағы мемлекеттік бағалы қағаздардың толық ұлттық
біріздендіру нөмірі мынаған тең:
_________________________________________________________
K Z K 2 K M 0 6 1 2 3 8
_________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясы Директоратының
2001 жылғы 15 мамырдағы
N 828 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық біріздендіру нөмірлерін
беру қағидаларына
3-қосымша
Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру туралы
Ұлттық комиссия хатының
ҮЛГІСІ
Эмитенттің атауы
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық
біріздендіру нөмірлерін беру туралы
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздарға мынадай біріздендіру нөмірлерін береді:
1) N [эмиссияның эмитент қолданатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірі] эмиссияның [айналыс мерзімдерін көрсете отырып мемлекеттік бағалы қағаздардың ілік септігінде жазылған түрі] - [ұлттық біріздендіру нөмірі];
2) N [эмиссияның эмитент қолданатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірі] эмиссияның [айналыс мерзімдерін көрсете отырып мемлекеттік бағалы қағаздардың ілік септігінде жазылған түрі] - [ұлттық біріздендіру нөмірі].
Ұлттық комиссияның
Төрағасы [тегі, аты-жөні]
Орындаушы: [Жауапты қызметкердің тегі, аты-жөні], тел.: [Жауапты қызметкердің телефон нөмірі]