Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiс
пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 12 шілдедегі N 951 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы" бөлiмi алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-166-жолмен толықтырылсын:
"470-166. "Үлгi-тәжiрибелiк орман
көшеттiгi" республикалық Алматы облысы,
мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық Еңбекшiқазақ
жүргiзу құқығында) ауданы";
2) "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 157-18-жолмен толықтырылсын:
"157-18. Үлгі-тәжірибелік орман көшеттігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі