"Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі
ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 маусымдағы N 887 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталға мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Каспиймұнайгаз" ғылыми-зерттеу және жобалау институты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын берсін;
ҚР Үкіметінің 13.12.01 ж. N 1633 қаулысымен 3)-тармақша алып тасталды
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Атырау облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-1-жолмен толықтырылсын: "145-1. "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ" ААҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-жолмен толықтырылсын:
"44. "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ" ААҚ";
3) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік мекемелер" бөліміндегі реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі