Келісілді | | Бекітілді |
Қазақстан Республикасының | | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі | | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан | | Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы N 54 бұйрығымен
Осы редакция 06.01.03 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Уақытша сақтау орындарына қойылатын міндетті
талаптар туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Уақытша сақтау орындарына қойылатын мiндеттi талаптар туралы осы нұсқаулық (бұдан әрi - нұсқаулық) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптарды анықтайды.
2. "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" (бұдан әрi - "Кеден iсi туралы Заң") Қазақстан Республикасы Заңының 171-бабына сәйкес кедендiк бақылау аймағындағы арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайлар, ашық алаңқайлар, көлiк құралдары немесе өзге де орындар (уақытша сақтау қоймалары, кедендiк қоймалар, бос қоймалар) тауарлар мен көлiк құралдарының уақытша сақтау орындары болып табылады.
3. Уақытша сақтау орындарын айқындау мақсаттарында кедендiк бақылау аймақтарын құруды және кедендiк бақылау аймақтарының шекараларын белгiлеудi Қазақстан Республикасының кедендiк органдары белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
4. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу сәтiнен бастап және оларды шығаруға дейiн кеден бақылауынан жүзеге асырудың қажеттiлiгі мен жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету өлшемiне немесе таңдалған кеден режимiне сәйкес тұлғаға билiк етудi беруге байланысты белгiленедi.
2. Уақытша сақтау қоймаларына қойылатын талаптар
5. Уақытша сақтау қоймасының (бұдан әрi - УСҚ) құрастырылуы, жайғастырылуы және жабдықталуы төмендегi талаптарға сәйкес болуы қажет:
1) тауарлардың, көлiк құралдарының УСҚ-на кеден бақылауынан тыс келiп түсу мүмкiндiгiн және оларды алу мүмкiндiгiн болдырмау;
2) УСҚ-дағы тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) үшiншi тұлғалардың тауарларға және көлiк құралдарына қол жеткiзу мүмкiндiгiн болдырмау;
4) УСҚ аумағы, iргелес жүк түсiру алаңқайларын қоса алғанда, бүкiл периметр бойынша белгiленуi және қоршалуы тиiс. УСҚ аумағының қоршауы темiр бетон, бетон, кiрпiш, металл конструкциясы немесе осы материалдардың араласуы түрiндегi толассыз конструкция болып табылуы тиiс және оның биiктiгi кемiнде 2,2 метр болуы тиiс;
5) УСҚ аумағында УСҚ-ның бөлiгi болып есептелмейтiн құрылыстар мен ғимараттардың болмауы;
6) келу-кету жолдарымен жабдықталуы;
7) өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
8) санитарлық және техникалық нормаларға сәйкестiгi;
9) Кеден iсi туралы Заңның 180-бабында көзделген УСҚ-да орналасқан тауарлармен операциялар жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
10) қажеттi тиеу-түсiру техникасының барлығымен қамтамасыз ету.
6. Аталған талаптардан басқа, УСҚ иесi мыналарды қамтамасыз ету тиiс:
1) қоймада сақталатын тауарларға автоматтандырылған есеп жүргiзу. Бұл орайда, есеп жүргiзу үшiн ақпаратты компьютермен өңдеудiң бiр құралын пайдалануға болады;
2) кедендiк органдардың қызметкерлерi үшiн УСҚ-да қажеттi қызметтiк, тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ байланыс құралдарының болуын.
3. Арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайларға
қойылатын талаптар
7. Арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жай (бұдан әрi - үй-жай) осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 9), 10)-тармақшаларында және 6-тармақтың 2)-тармақшасында белгiленген талаптарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 5, 6-тармақтарына сәйкес УСҚ-ының конструкциясына және жайғастырылуына қойылатын талаптарға жауап беруi тиiс.
8. Уақытша сақтау орны ретiнде үй-жайдың бiр бөлiгiн пайдаланған кезде, ол үй-жайдың қалған бөлiгiнен темiр бетон, бетон, кiрпiш, металл конструкциясы немесе осы материалдардың араласуы түрiндегi конструкция болып табылатын толассыз қоршаумен қоршалуы, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес қалған талаптарға жауап беруi тиiс.
9. Үй-жай (алаңқай) бiр мекен-жайда орналасқан және бiрыңғай әрi тұтас кешен болып табылған жағдайда ғана, ол уақытша сақтау орны болып танылады.
4. Ашық алаңқайларға қойылатын талаптар
10. Ашық алаңқайдың аумағына қойылатын талаптар мынадай болуы тиiс:
1) бүкiл периметрi бойынша белгiленуi және қоршалуы тиiс. Ашық алаңқай аумағының қоршауы темiр бетон, бетон, кiрпiш, металл конструкциясы немесе осы материалдардың араласуы түрiндегi толассыз конструкция болып табылуы тиiс және оның биiктiгi кемiнде 2,2 метр болуы тиiс;
2) кедендiк бақылауды iске асыру үшiн жеткiлiктi техникалық құралдармен қамтамасыз етiлуi;
3) осы Нұсқаулықтың 5 тармағындағы 1)-3), 5)-8)-тармақшаларында және 6-тармақтың 1)-тармақшасында белгiленген санитарлық нормаларға және талаптарға жауап беруi.
11. Әуе, теңiз және өзен порттарының, темiр жол станцияларының аумағында орналасқан ашық алаңқайлар үшiн кедендiк бақылау аймақтарын белгiлеу мүдделi тұлғалардың (әуе, теңiз және өзен порттарының, темiр жол станцияларының әкiмшiлiгiмен) келiсуi негiзiнде жүргiзiледi.
5. Көлiк құралдарына қойылатын талаптар
12. Көлiк құралын, тауарларды халықаралық жол тасымалы (бұдан әрi ХЖТ) рәсiмiн пайдаланумен тасымалдау және жеткiзу кезiнде немесе көлiк құралын артынша ашық алаңқайларға орналастыру шартымен, бiр тәулiкке дейiн уақытша сақтау орны ретiнде тануға рұқсат етiледi.
13. Уақытша сақтау орны ретiнде пайдалануға рұқсат етiлетiн және ХЖТ рәсiмiн пайдаланумен тасымал рұқсат етiлмеген көлiк құралы Жабдықтар және көлiк құралдарын (контейнерлердi) кедендiк мөрлер мен пломбылар арқылы тауар тасымалына жiберу тәртiбi туралы Нұсқаулықта белгiленген тиiстi жабдыққа қойылатын талаптарға жауап беруi тиiс.
6. Кедендiк және бос қоймаларға қойылатын талаптар
14. Кедендiк қойманы және бос қойманы, уақытша сақтау орнына арналған үй-жайдың бөлiгi жеке шығарылып, келу-кету жолдарымен жабдықталған жағдайда, уақытша сақтау орны ретiнде тануға рұқсат етiледi.
15. Кедендiк қоймалардың және бос қоймалардың иегерлерi уақытша сақтау орны болып танылған кедендiк немесе бос қойманың бөлiктерiнде сақталатын тауарларға жеке есеп жүргiзудi қамтамасыз етуi тиiс. Бұл орайда, осындай есеп жүргiзу үшiн ақпаратты компьютермен өңдеудiң бiр құралын пайдалануға болады.
7. Қорытынды ережелер
16. Арнайы бөлiп берiлген және жайғастырылған үй-жайлар, ашық алаңқайлар, көлiк құралдары, уақытша сақтау қоймалары, кедендiк қоймалар және бос қоймалар оларды уақытша сақтау орны ретiнде пайдаланудың толық мерзiмi кезiнде белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
17. Уақытша сақтау орындарының иелерi уақытша сақтау орындарының қалыпты қызмет етуiне кедергi жасайтын уақытша сақтау орындарының конструкциясындағы және жайғастырылуындағы өзгерiстер туралы кедендiк органдарға уақтылы хабарлауға мiндеттi.