Мұнай және газ кен орындарын әзiрлеу жөнiндегi орталық комиссия
туралы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің 2001 жылғы 21 наурыздағы N 70 бұйрығы
Осы редакция ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 30.10.03 ж. N 214 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысымен бекiтiлген Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын игеру жөнiндегi жобалық технологиялық құжаттарға талаптарды реттеу, мұнай мен газ кен орындары әлеуеттерiн игеру мен тиiмдi пайдалану жағдайын бақылау жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi жанынан Мұнай және газ кен орындарын әзiрлеу жөнiндегi орталық комиссиясы (КӘОК) құрылсын.
2. КӘОК-на мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын әзiрлеу жөнiндегi технологиялық жобалық және нормативтiк құжаттарды сараптау және бекiту, осы кен орындарын игерудi бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ мұнай және газ жер асты қойнауларын пайдалану құқықтары мен функциялары жүктелсiн.
3. КӘОК-ның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша шешiмдерi мен нұсқаулары Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң орындауы үшiн, соның iшiнде мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын әзiрлеудi жобалаумен жүзеге асырумен, мұнай және газ жер асты қойнауларын пайдаланумен айналысатын шетел субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
4. Қоса берiлген:
1) КӘОК құрамы (1-қосымша);
2) тәуелсiз сарапшылардың құрамы (2-қосымша);
3) КӘОК туралы Ереже бекiтiлсiн (3-қосымша).
5. Жер қойнауын пайдалану департаментi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң 1998 жылғы 19 қазандағы N 200 бұйрығының күшi жойылған деп танылсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi Б.Д. Еламановқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-Министр
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің 2001 ж. 21.03.
N 70 бұйрығына 1-қосымша
Мұнай және газ кен орындарын әзірлеу жөніндегі
орталық комиссияның құрамы
Ескерту: Комиссияның құрамы өзгертілді, толықтырылды - ҚР Энергетика
және минералдық ресурстар министрінің
2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 320 бұйрығымен.
1. Еламанов Б.Д. - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар бiрiншi вице-Министрi,
комиссия төрағасы;
2.
3. Сейдеғалиев Ш.С. - Жер қойнауын пайдалану департаментi
көмiрсутектi шикiзат бөлiмiнiң бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары;
4. Асқарова М.Т. - Жер қойнауын пайдалану департаментi
конкурстарды өткiзудi ұйымдастыру бөлiмiнiң
бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелерi:
5.
6. Исаев М.И. - Газ өнеркәсiбi департаментiнiң директоры;
7. Сүйесінов А.К. - Жер қойнауын пайдалану департаментiнiң
басқарма бастығы;
8. Демеу А.С. - Мұнай өнеркәсiбi департаментiнiң басқарма
бастығы;
9. Молдыбаев О.А. - Мұнай өнеркәсiбi департаментiнiң бас маманы;
10. Назаралы Ж. - Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң
мұнай және газ бойынша жер қойнауын қорғау
бөлiмiнiң бастығы;
11. Сағынғали Т. - Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң
Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның
көмiрсутектi шикiзат бөлiмiнiң бастығы
12. Шағыров А.Б. - Төтенше жағдайларды, өнеркәсiпте жұмыстарды
қауiпсiз жүргiзудi мемлекеттік қадағалау
және тау-кен қадағалау жөнiндегi
департаменттiң мұнай-газдағы және химия
өнеркәсiбiндегi, геологияда қадағалау
жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы (келiсiм
бойынша);
13.
14. Нысанғалиев А. - "Каспиймұнайгаз" институтының директоры
(келiсiм бойынша);
15. Герштанский О.С. - "Мұнайгаз ҒЗЖИ" ЖАҚ-ның бас директоры
(келiсiм бойынша);
16. Жакиев К.Т. - "Қазақойл-Ембi" ААҚ-ның ОҒЗЗ директоры
(келiсiм бойынша);
17. Байзақов М. - "ҚазҒЗГБЖИ" ЖШС-нiң президентi (келiсiм
бойынша).
18. Козырь С.О. - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар мен
қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің
Қоршаған ортаны қорғау басқармасы
мемлекеттiк экологиялық сараптама бөлiмiнiң
бастығы
19. Нұрабаев Б. - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлiгiнiң
"Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк
басқармасы" РМК директоры
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің 2001 ж. 21.03.
N 70 бұйрығына 2-қосымша
Мұнай және газ кен орындарын әзірлеу жөніндегі
орталық комиссияның тәуелсіз сарапшылар құрамы
1. Қуантаев Н.Е. - "Сазанқұрақ" БК бас директоры, геологиялық-
минералдық ғылымдар кандидаты (келiсiм
бойынша);
2. Сисембаев К.Ж. - "Қазақойл" ҰМК-ның Техникалық саясат
департаментiнiң бас технологы (келiсiм
бойынша);
3. Нұғманов Я.Д. - "Теңiзшевройл" БК - кен орнын дамыту бойынша
менеджерi, геологиялық-минералдық ғылымдар
кандидаты (келiсiм бойынша);
4. Әміртаев М. - "Қазақойл" ҰМК-ның Геология және әзiрлеу
департаментiнiң бас геологы
(келiсiм бойынша);
5. Шаховой А.И. - "Каспиймұнайгаз" институты директорының
орынбасары геологиялық-минералдық ғылымдар
кандидаты (келiсiм бойынша).
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің 2001 ж. 21.03.
N 70 бұйрығына 3-қосымша
Мұнай және газ кен орындарын әзірлеу жөніндегі
орталық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Мұнай және газ кен орындарын игеру жөнiндегi орталық комиссия (бұдан әрi - КӘОК) Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - "Министрлiк") жанындағы алқалы орган болып табылады.
2. Құзыреттi орган атынан КӘОК мұнай, газ, газконденсатты кен орындарын әзiрлеу, мұнаймен газды жер асты қойнауларын пайдалану жобалық технологиялық құжаттар сапасын бақылауды жүзеге асырады.
3. КӘОК өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарын, "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ кен орындарын әзiрлеудің бiрыңғай ережелерiн", Қазақстан Республикасы Үкiметiнің, Министрлiктің бұйрықтары мен өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. КӘОК құрамын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi бекiтедi. КӘОК құрамына, келiсiм бойынша, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың өкілдерi кiредi.
5. КӘОК қызметiн ұйымдастыру, iс қағаздарын жүргiзу, КӘОК-тiң материалдары мен құжаттарын жинау мен сақтауды Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Жер қойнауын пайдалану департаментi жүзеге асырады.
2. МIНДЕТТЕРI
6. КӘОК-ның негiзгi мiндеттерi:
1) мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игерудi жобалау мен жүзеге асыру, мұнай мен газдың жер асты қойнауларын пайдалану саласында Қазақстан Республикасы аумағында бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
2) республиканың мұнайгаз мүмкiндiлiгiн ұтымды пайдалану, келiсiм-шарттар талаптары мен жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу мақсатында мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игеруге, мұнай мен газдың жер асты қойнауларының пайдалануын бақылау жасау;
3) Қазақстан Республикасы аумағында жобалау құжаттарына бiрыңғай талаптарды әзiрлеу мен орындау, мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игеру мен пайдаланудың ең тиiмдi әдiстерi мен технологиялары жобалар енгiзудi қамтамасыз ету және оларды iске қосуға бақылау жасау болып табылады.
3. ҚЫЗМЕТТЕРI
7. Жүктелген мiндеттерге сәйкес КӘОК мыналарды жүзеге асырады:
1) мұнай алудың жаңа технологияларын, газ және газды конденсатты кен орындарын игеру, мұнай мен газ жер асты қойнауларын пайдалану жөнiндегi жобалық технологиялық құжаттарды қолдана отырып, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жұмыс бағдарламаларын, сынама пайдалану, технологиялық схемалар, жобаларын мұнай кен орындарын игеру жобаларын, игерудің нақтыланған жобаларын, тәжiрибе-өнеркәсiптiк әзiрлеу жобаларын мiндеттi толық сараптау және бекiтудi;
2) ЗМК-да бекiту үшiн мұнай, газ, конденсат алу коэффициентінің техникалық-экономикалық негiздемесiнің сараптамасын;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын игерудiң ағымдағы жағдайы жөнiндегi табыс еткен материалдары мен есептерiн талдауды және бағалауды;
4) мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын игеруге қатысты материалдарды, сондай-ақ нормативтiк-техникалық құжаттардың мазмұны, оларды ресiмдеу және КӘОК-ға табыс ету тәртiбi туралы ережелер мен нұсқаулар әзiрлеудi;
5) кен орындарын игеру саласында мәжiлiстер, семинарлар дайындауды және өткiзудi ұйымдастыруды.
4. ҚҰҚЫҚТАРЫ
8. Жүктелген мiндеттерге сәйкес КӘОК мыналарға:
1) КӘОК-ға табыс етiлген материалдар бойынша тәуелсiз сараптама және дайындық жүргiзу үшiн ғылыми-зерттеу, өндiрiстiк кәсiпорындардың, консалтингтiк фирмалардың бiлiктi мамандарын және қажет жағдайда шетел сарапшыларын тартуға (шартты негiзде);
2) жер қойнауын пайдаланушылардан, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарынан қажеттi жобалау, зерттеу және ғылыми тәжiрибелiк материалдар соның iшiнде мыналарды алуға:
игеріліп жатқан және игеруге енгiзуге жоспарланып отырған мұнай, газ және конденсат кендерi мен кен орындарының жобалау-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етiлуi туралы жыл сайынғы ақпаратты;
мұнай және газ кен орындары мен ғылыми тәжiрибелiк өндiрiстердi игеру барысы туралы жыл сайынғы есептi;
игерудiң бекiтiлген технологиялық көрсеткiштерiнен ауытқулар орын алатын кендер мен кен орындары бойынша, негiзгi себептерi мен оларды жою жөнiндегi шараларды көрсетiп жыл сайын түсiндiрме жазбаны;
3) құзыреттi органға мұнай және газ өндiру жөнiндегi Келiсiм-шарттың ережелерiне түзетулер мен өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
4) жер қойнауын пайдаланушының мұнай және газ кен орындарын игерудiң Бiрыңғай ережелерiн және КӘОК-мен бекiтiлген технологиялық жобалау құжаттарды бұзғаны анықталған жағдайда Құзыреттi органға және басқа да тиiстi ведомстволарға мұнай операцияларын кiдiрте тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
5. МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТIБI
9. КӘОК-ның жұмыс жоспарына енгiзу үшiн жер қойнауын пайдаланушылар технологиялық жобалау құжаттарын қарау жөнiндегi өтiнiштi КӘОК-ға материалдарды табыс ету мерзiмiнен 3 (үш) ай бұрын жiбередi.
10. КӘОК-ның жұмыс жоспарына енгiзу үшiн көмiрсутегi шикiзатын өндiруге лицензиясы бар (немесе барлау мен өндiруге қоса лицензиясы) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Құзыреттi органымен Келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылардан технологиялық жобалау құжаттары, игерудің талдаулары және басқа да материалдар қабылданады.
11. Материалдар 5 данада және белгiленген нысандағы өтiнiшпен қоса берiледi (қосымша).
12. Сонымен қатар КӘОК-ға технологиялық жобалау құжаттардың жер қойнауын қорғау, экологиялық, тау-кен-техникалық және санитарлық қадағалаудың орталық немесе жергiлiктi органдарымен келiсу және сараптама материалдары табыс етiледi.
13. КӘОК алынған жобалау құжаттарды қарап және белгiленген талаптарға сәйкес келсе оларды тәуелсiз сараптамадан өткiзу үшiн жібереді.
14. КӘОК мына жағдайларда табыс етiлген жобаларды қараудан бас тарта алады:
1) технологиялық құжаттарда қабылданған көмiрсутегi запастары мұнай, газ және конденсаттың, жолай құрамдас бөлiктердi қоса алғанда Мемлекеттiк балансында бекiтiлген запастарына сәйкес келмесе;
2) табыс етiлген материалдар Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарын игерудiң Бiрыңғай Ережелерiне, мұнай және газ кен орындарын игерудiң технологиялық құжаттарын жасау жөнiндегi белгiленген талаптарға сәйкес келмесе.
15. Сараптама қорытындысын алғаннан кейiн жұмыс жоспарына сәйкес КӘОК табыс етiлген жобалау технологиялық құжаттарды қарайды. КӘОК-ның шешiмi отырыста қаралған күннен бастап 10 күнге дейiн мерзiмде хаттамамен ресiмделедi.
16. КӘОК-ның шешiмдерi отырыста қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң
көпшiлiк дауысымен қабылданады. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерiнiң
көпшiлiк дауысымен қабылданады. КӘОК-ның жалпы құрамының 50%-тен кем емесi
комиссия отырыстарына қатынасса ол құқылы. Дауыстар теңдiгiнде төрағалық
етушінің дауысы шешушi болып табылады.
17. КӘОК-ның сараптамалар мен қорытындылар өткiзуге шығыстары, соның iшiнде жоба бойынша функционалдық мiндеттердi орындаумен байланысты КӘОК-ның мүшелерi мен сарапшыларының iссапар шығындарын жер қойнауын пайдаланушылар өтейдi.
18. Оның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша КӘОК-ның шешiмдерi мен нұсқаулары мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын жобалаумен және игерудi жүзеге асырумен, мұнай және газдың жерасты қоймаларын пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық жүргiзушi соның iшiнде шетел субъектiлерi үшiн орындауға мiндеттi.
КӘОК туралы Ережеге
қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлiгiнің
Мұнай және газ кен орындарын әзiрлеу
жөнiндегi орталық комиссиясы
КӘОК-да технологиялық құжаттарды қарау үшiн
ӨТIНIШ
1. Жер қойнауын пайдаланушы ________________________________________
2. ______________________________________________________ берілген
(объектiлер, пайдалану мерзiмi)
лицензия сериясы ________________, N ______________
Берiлген күнi ______________________________________________________
Беру мақсаты _______________________________________________________
(өндiру, барлау мен өндiрудi қоса)
3. ______________________________________________________ арасындағы
(құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы)
жер қойнауын пайдалану үшiн келiсiм-шарт _____________ жасалды
(күні)
Мемлекеттiк тiркеу актiсiнiң N _______, күні _________________
4. Технологиялық құжаттың атауы ____________________________________
____________________________________________________________________
5. Техникалық құжатты әзiрлеушi ұйымның атауы ______________________
____________________________________________________________________
Жобалау жұмыстарын жүргiзу құқығы берiлген Лицензияның
(сертификаттың) нөмiрi, күнi, және мерзiмi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өтiнiшке технологиялық құжаттың 5 (бес) данасы қоса берiлген.
Технологиялық құжатты ұсынушы
кәсiпорын басшысының тегi, аты, әкесінің аты және қолы
М.О.