Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жер қойнауын
кешенді игеру проблемалары институты" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір
N 458
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысын орындау үшін және "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Жер қойнауын кешендi игеру проблемалары институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде қызметінің негізгі мәні:
геология-минералогия, кен, химия ғылымдары және аймақтық экология саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
минералдық және көмірсутекті шикізатты кешенді қайта өңдеу технологиясын жасау;
ғылыми кадрлар даярлау және олардың біліктілігін көтеру деп белгілесін;
2) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссияларын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссияларын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін:
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін жарғылық капиталдың 45 пайызы мөлшерінде сатуды жүзеге асырсын;
4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
5) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 6 сәуiрдегi
N 458 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешiмдерiне
енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы, 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрi 470-84-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерінің тiзбесінде:
"Қарағанды облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 214-7-жолмен толықтырылсын:
"214-7. "Жер қойнауын кешендi игеру проблемалары институты" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлімi мынадай мазмұндағы реттік нөмірi 222-5-жолмен толықтырылсын:
"222-5. "Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты" ЖАҚ".
4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
1 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде реттік нөмірі 54-жол алынып тасталсын.