Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Т.Рысқұлов
атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2
сәуір N 434
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысы мен "Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттiк басқару академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттiк жүз пайыздық қатысумен "Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәнi:
экономика және басқару саласында жоғары бiлiктi мамандар даярлау және қайта даярлау;
экономика және әлеуметтiк ғылымдар саласында iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу деп белгiлесiн;
2) Қоғам мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн белгiленген тәртiппен оның жарғылық капиталын шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесi эмиссияларын шығару жолымен ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесi эмиссияларын орналастыруды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiне сәйкес жүргiзсiн;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін 2001 жылдың аяғына дейін акциялардың мемлекеттік пакетін 45 пайыз мөлшерінде сатуды жүзеге асырсын;
4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
5) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 2 сәуірдегі
N 434 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде реттік нөмірі 470-115-жол алынып тасталсын.
2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-39-жолмен толықтырылсын:
"123-39 "Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-3-жолмен толықтырылсын:
"222-3 "Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті" ЖАҚ".
4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Заңға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта құрылатын ұйымдардың тізбесі" деген 3-бөлімде реттік нөмірі 187-жол алынып тасталсын.