156-бап. Әдейi банкрот болу
Әдейi банкрот болу, яғни коммерциялық ұйымның лауазымды адамының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүдделерi немесе өзге адамдардың мүдделерi үшiн, iрi залал келтiрмейтiндей немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырмайтындай етiп әдейi төлемсiздiк қабiлетiн туғызуы немесе ұлғайтуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
158-бап. Коммерциялық құпияны немесе банк құпиясын сақтау мiндеттерiн
бұзу
Коммерциялық немесе банк құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Меншiк иесiне немесе құқық қорғау органдарына олардың заңды талабы бойынша коммерциялық немесе банк құпиясы бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
159-бап. Тұтынушыларды елеусiз мөлшерде алдау
Тауардың (көрсетiлетiн қызметтiң) тұтыну қасиеттерiне немесе сапаларына қатысты кем өлшеу, таразыдан жеу, кем есептеу, адастыру немесе жеке кәсiпкерлердiң немесе сауда қызметiн және қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың тұтынушыларды өзге де алдауы, егер бұл iс-әрекеттердiң жасалуы елеусiз мөлшерде залал келтiрсе, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан бiр бөлiгiнен аспайтындай сомада келтiрiлген зиян елеусiз мөлшердегi зиян деп танылады.
160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртiбiн бұзу
1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ азаматтарға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ азаматтарға, ұйымдарға сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
161-бап. Базарларда сауда жасау ережелерiн бұзу, сондай-ақ
мемлекеттiк стандарттардың нормалары мен санитариялық
ережелерге сәйкес келмейтiн тамақ өнiмдерiн өткiзу
1. Базарларда сауда жасаудың белгiленген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Базарларда, дүкендер мен басқа да сауда орындарында мемлекеттiк стандарттар нормаларына сәйкес келмейтiн, адамның денсаулығына қатер төндiретiн тамақ өнiмдерiн өткiзу, -
аталған тамақ өнiмдерiн басқа мақсаттарға пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда оларды жоя отырып, азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Санитариялық нормалар мен ережелердi бұзып не тұтынушылардың өмiрi мен денсаулығына тауарлардың қауiпсiздiгiн куәландыратын сәйкестiк сертификатынсыз азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларды сату, -
тауарларды тәркiлей отырып не онсыз, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -
аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
163-бап. Этил спиртi немесе алкогольдi өнiмдер айналымы ережелерiн
бұзу, сол сияқты белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн
этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру
Этил спиртi немесе алкогольдi өнiмдер айналымы ережелерiн бұзу, сол сияқты стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өткiзу мақсатында өндiру, -
құқық бұзушылықтың тiкелей объектiсi болып табылатын тауарлар және құқық бұзушылық жасау арқылы тапқан табыстар тәркiленiп, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бiр жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
Тауарларды не өзге де заттарды жеке кәсiпкерлердiң және сауда қызметi мен қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың жасалған елi туралы, дайындаушысы, жеткiзушiсi немесе сатушысы туралы не мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде мәлiметтерi не тауар (қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
166-бап. Бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi толық мөлшерде
және дер кезiнде төлемеу
Бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi толық мөлшерде және дер кезiнде төлемеу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алулар туралы
заңдарын бұзу
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алулар туралы заңдарын бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-бап. Банк, валюта заңдарының талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне банк және валюта заңдарына сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты әлденеше рет (үзiлiссiз күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) дер кезiнде табыс етпеуi немесе табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтер (ақпарат) табыс етуi, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген мерзiмде орындамауы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелер жасауы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есептi оның белгiленген стандарттарын немесе әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып жүргiзуi не онда қамтылған көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердi және (немесе) банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердi орындау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есеп жасауы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiстi дәрежеде есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiстi дәрежеде есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың оныншы және он бiрiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
169-бап. Клиенттерге, кредит берушiлерге және заемшыларға банк
қызметiн көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, -
заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны, оның келiп түскен күнiн есептемегенде, бiр операциялық күннен асырып, дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, -
заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөнiндегi нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы, -
заңды тұлғаға - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
170-бап. Банкке iрi қатысушы мәртебесiн заңсыз иеленуге байланысты
бұзушылық
Банкке iрi қатысушы мәртебесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң алдын ала келiсiмiнсiз иелену, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
171-бап. Банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн
мәлiметтерi жоқ ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкiне дер кезiнде табыс етпеуге немесе табыс етуге
байланысты бұзушылық, не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпарат)
табыс ету
Банк құрылтайшыларының (қатысушыларының) және олардың аффилиирленген тұлғаларының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi талап етiлетiн мәлiметтерi жоқ ақпаратты Ұлттық Банкке дер кезiнде табыс етпеуi немесе табыс етуi, не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
172-бап. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн мақсатсыз пайдалану
1. Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың кастодиан-банкке зейнетақы активтерiн заңдарға қайшы келетiн мақсаттар үшiн орналастыру жөнiндегi тапсырманы орындау үшiн табыс етуi, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктiң мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы, -
кастодиан-банктiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
173-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда
белгiленген талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген есеп-қисапты уәкiлеттi мемлекеттiк органға дер кезiнде табыс етпеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет (үзiлiссiз күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi рет және одан да көп) бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес тыйым салынған не оның құқық қабілеттiлiгiнiң шегiнен тыс мәмiлелер мен операцияларды жүзеге асыруы, -
мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыстың жүз процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сақтандыру ұйымының сақтанушы жағдайын сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарымен салыстырғанда нашарлататын жағдайда мiндеттi сақтандыру шартын жасауы және ол бойынша мiндеттемелердi орындауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды заңдарда белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған құрылымының орналасқан орнының өзгеруi немесе атауының өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленген сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялардың көшiрмесiн лайықты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентiнiң сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алудың және сақтаудың, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеудiң заңдарда белгiленген ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сондай-ақ оларға қатысушылардың (құрылтайшылардың), олардың аффилиирленген тұлғаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органға мәлiметтердi дер кезiнде табыс етпеуi немесе дұрыс емес мәлiметтердi табыс етуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлiк есептi бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттары мен әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып жүргiзуi, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға есепке дұрыс алынбаған соманың бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiк көрсеткiштерiнiң не пруденциялық нормативтердiң және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң сақталуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есеп-қисап жасауы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарламауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Актуарийдiң сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заң талаптарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтамауы жөнiнде өздерi анықтаған фактiлерi туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарламауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Аудитордың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiне мiндеттi аудит жүргiзу нәтижесiнде өздерi анықтаған заң бұзушылықтар туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарламауы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
174-бап. Сақтандыру органдарының сақтандыру шарттарын жасасумен және
орындаумен байланысты талаптарды бұзуы
1. Сақтандыру полистерiн немесе сақтандырумен байланысты өзге де құжаттарды, не аударылған құжаттардың есепке алынбаған бланкiлерiн заңсыз өткiзудi жүзеге асыру, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтандыру төлемдерiн дер кезiнде жүзеге асырмау немесе сақтандыру туралы жасалған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент табыс еткен құжаттарды жоғалту, -
заңды тұлғаға әрбiр жоғалған құжат үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы заңдарды бұзу
Заңдарда көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтару,-
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
176-бап. Кредиттi заңсыз алу не мақсатсыз пайдалану
1. Жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның лауазымды адамының банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жеке кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдетiлген шарттарын алуы, сол сияқты кредит берудi доғаруға, жеңiлдiктердi алып тастауға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге алып келуi мүмкiн мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге де кредит берушiге хабарламауы, егер бұл әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк нысаналы кредиттi не мемлекет кепiлдiгiмен берiлген кредиттi тiкелей арналған мақсатқа пайдаланбау, егер бұл әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-бап. Бюджет қаражатын дер кезiнде есептемеу немесе мақсатсыз
пайдалану
1. Мемлекеттiк бюджет кiрiсiне түскен қаражаттың немесе мемлекеттiк бюджеттен тиiстi банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның алушыларының шотына аударылған қаражаттың дер кезiнде есептелмеуi, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және (немесе) бұл қаражатты бекiтiлген сметадан артық жұмсау туралы мiндеттемелер қабылдау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
178-бап. Лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы
1. Уәкілеттi лауазымды адамның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтаруы не бухгалтерлiк есептiң бекiтiлген стандарттарын және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспарын сақтамауы түрiнде, iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұрмаланған қаржы есеп-қисабын жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге тиiстi деректердi iрi залал келтiрмей жасыру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы және өзге де есеп құжаттарын iрi залал келтiрмей жойып жiберу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
179-бап. Заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы
1. Заңды тұлғаның бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару немесе бухгалтерлiк есептiң бекiтiлген стандарттарын және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспарын сақтамауы түрiнде бухгалтерлiк есеп туралы заңдарды бұзуы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -