2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.
17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi
1. Жұмыссыздар:
1) осы Заңды сақтауға;
2) уәкiлеттi органдарға келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
3) уәкiлеттi орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;
4) уәкiлеттi органға:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.
2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заң актiлеріне сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.
18-бап. Лайықты жұмыс
1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен еңбек туралы заңдардың талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
19-бап. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру
және қайта даярлау
1. Жұмыссыздарда қажеттi кәсiби бiлiктiлiктiң болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган оларды кәсіби даярлықтан өтуге, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiбередi.
2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
Кәсiби даярлықтан, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлаудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы көмек алуға құқығы бар.
3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлаудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.
4. Оқуды өз бетiнше дәлелсiз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.
20-бап. Қоғамдық жұмыстар
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражатынан қаржыландырылады.
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.
4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi.
6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
8. Ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актiлерi қолданылады.
9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
4-тарау. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ МЕН ЕСЕПТIЛIК
21-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы мемлекеттiк
статистикалық есептiлiк
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк статистикалық есептiлiк белгiленедi.
2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк статистикалық есептiлiк табыс етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органдар статистика, салық органдарымен, көшi-қон қызметтерi органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен әр тараптың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттама мен мәлiметтердi өтемсiз негiзде алмасады.
4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк статистикалық есептiлiк табыс етедi.
22-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың сақталуын
бақылауды жүзеге асыратын органдар
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңдарының сақталуын бақылауды орталық атқарушы орган және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен олардың қызметтерi жүзеге асырады.
23-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық
Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының