14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
17) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiн қызметке тағайындау қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзыретi
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi заңдарға сәйкес:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) облыс әкiмiне орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
4) мынадай лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;
әкiм аппаратының басшысы мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
7) көпшiлiк пайдаланатын орындардың (парктердiң, саябақтардың, бульварлардың, жағажайлардың, су тоғандарының, демалыс аймақтары мен өзге де объектiлердiң) аумағын күтiп ұстау және абаттандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
8) мектепке дейiнгi, орта, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiн, әлеуметтiк-мәдени сала мекемелерiн қолдайды және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
9) тиiстi аумақта мал дәрiгерлiк көмек көрсетудi ұйымдастырады;
10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
11) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
13) өз құзыретi шегiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмияттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.
34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар
Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар құрылмайды.
35-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi
1. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi заңдарға сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi ұстауға арналған шығыстарды қамтитын әкiм аппараты сметасын әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмияттың қарауына енгiзедi;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуiн, жолдарды пайдалану мен күтiп ұстауды ұйымдастырады;
8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) заңдарда белгiленген тәртiпте нотариаттық iс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) жоғары тұрған органдарға халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
2. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
3. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
36-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiн қызметке тағайындау, қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi
1. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
2. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
37-бап. Әкiмияттың, әкiмнiң актілерi
1. Әкiмият Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.
2. Әкiмият қаулысына әкiм қол қояды.
3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
4. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Әкiмият және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
6. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
7. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi заңдарда белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.
8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, жоғары тұрған әкiмият және (немесе) әкiм, әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмият және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
38-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң аппараты
1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
2. Әкiм аппаратын әкiм құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
4. Әкiм аппараты туралы ереженi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген лимит шегiндегi оның құрылымы мен штат санын тиiстi әкiм бекiтедi.
5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар
1. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi белгiлейдi.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
40-бап. Жергiлiктi бюджет
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерi олар үшiн белгiленген салық және өзге де түсiмдер көздерi есебiнен құралады.
2. Жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, бекiту және атқару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
41-бап. Осы Заңның өзге заң актiлерiмен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртiбi
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының