2. Жасөспiрiмдер үйi балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiн және балалар үйлерiнiң түлектерiн әлеуметтiк бейiмдеу мақсатында:
1) қоғамдық өмiрге әлеуметтiк бейiмделу үшiн жағдай жасауға;
2) жеке қабiлеттерiн дамытуға жәрдемдесу және кәсiби даярлығын қамтамасыз етуге;
3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөнiндегi мiндеттерiн орындауға тиiс.
24-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдардың санаттары
Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмi негiзiнде жасөспiрiмдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден:
1) балалар үйлерi мен балалар ауылдарының 23 жасқа дейiнгi түлектерi;
2) 16 жастан бастап балалар ауылдары мен балалар үйлерiнен ауыстырылған тәрбиеленушiлер өте алады.
25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгi мiндеттерi
Жасөспiрiмдер үйiнiң директоры:
1. Еңбек рыногын:
1) мүдделi ұйымдармен байланыстар орнату және ұйымдардағы бос жұмыс орындарын зерделеу;
2) қосалқы шаруашылықтар, шағын-ағаш ұсташылық және слесарлық шеберханалар мен шағын кәсiпкерлiктiң басқа да объектiлерiн құру арқылы жүйелi түрде зерделеуге мiндеттi.
2. Өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгiмен өзара iс-қимылдарды жүзеге асыруға мiндеттi.
26-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың өкiлдiгi
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдардың мүддесiн балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгi бiлдiредi.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 18 жастан 23 жасқа дейiн адамдар өздерiнiң азаматтық құқықтарын өз бетiнше жүзеге асырады және мiндеттер атқарады.
27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оларды жүзеге асыруға, өзіне азаматтық мiндеттер жүктеуге, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде туындайды.
2. Заң актiлерiнде он сегiз жасқа толғанға дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, 18 жасқа толмаған әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адам некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.
3. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның құқық қабiлеттiлiгiнен немесе әрекет қабiлеттiлiгiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелер, заң актiлерiнде мұндай мәмiлелерге жол берiлетiн реттердi қоспағанда, жарамсыз болады.
28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар мәмiлелердi балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін заңдарда белгiленген нысанға сай келуге тиiс.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасауға құқылы.
3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
4. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерiне сәйкес жауапты болады.
29-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдардың банктерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар банктерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға өз бетiнше билiк етуге құқылы.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.
30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi балалар ауылы (балалар үйi) мен тәрбиеленушi (түлек) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде белгiленедi. Бұл шарт уәкiлеттi бiлiм беру органы бекiтетiн Yлгi шарт негiзiнде жасалады.
31-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату
1. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт онда көзделген негiздерден басқа:
1) 23 жасқа жеткенде;
2) әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның шартты тоқтату туралы тiлек бiлдiруiмен;
3) тәрбиеленушi (түлек) Жасөспiрiмдер үйiнде тұру ережелерiн қасақана бұзған жағдайда балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен;
4) заңдарда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның Жасөспiрiмдер үйi жатақханасындағы орынға құқығын тоқтатады.
32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауапты болады.
2. Егер әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi, қамқорлықты қажет ететiн адамдар заңға орай өзiнiң қамқоршысы болып табылатын балалар ауылында (балалар үйiнде) тұрып жатса, онда балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгi, егер зиян оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, зиянды толығымен немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеуге мiндеттi.
3. Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi залал келтiрушiнiң кәмелеттiк жасқа толуына қарай не оның кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлкi немесе өзге де табыс көздерi пайда болса, не ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса, тоқтатылады.
5-тарау. Балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерінің
тәрбиеленуші-балаларына арналған мемлекеттік
кепілдіктер
33-бап. Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттiк кепiлдiктер
Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттiк кепiлдiктер:
1) тәрбиеленушi-балалардың дене бiтiмi жағынан, санаткерлiк, рухани және имандылық тұрғыдан дамуына жәрдемдесу, олардың бойына патриотизм мен азаматтықты сiңiру үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды;
2) кәсiби бағдар жүйесiн құруды, бастапқы кәсiби даярлықты қамтамасыз етудi және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудi;
3) балалардың бiлiм алу, сондай-ақ қызметi балалардың дем алуына және оларды сауықтыруға бағытталған мекемелер желiсiн сақтау және дамыту арқылы олардың демалу және сауығу құқықтарын қамтамасыз етудi;
4) мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделерi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруды;
5) егер балалар ауылына немесе балалар үйiне жiберiлгенге дейiн тұрып келген тұрғын үйлерiн оларға қайтарып беру мүмкiн болмаса, азаматтардың осы санаты үшiн көзделген тәртiппен тұрғын үй берудi;
6) мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесе отырып балаларды сауықтыру, дене тәрбиесi мен гигиеналық тәрбие жөнiнде шаралар өткiзу, балалар ауылдарының ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан балалар ауылдарындағы балалардың денсаулық жағдайларына бақылау жасау iсiн жүзеге асыруды қамтиды.
34-бап. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiн дамытудағы мемлекеттiк органдардың рөлi
Қорғаншы және қамқоршы органдар отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiне тәрбиеленушi-балалардың бiлiм алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық және психологиялық-диагностикалық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi мен бiлiм алуы жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыруға, тәрбиешi-аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге мiндеттi.
35-бап. Тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру
Тәрбиеленушi-балаларды әлеуметтiк қорғаудың кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстар құрылтайшылар қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүргiзiледi.
Бiр тәрбиеленушiнi тамақпен, киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз ету нормалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
36-бап. Мемлекеттiк мекемелердегi тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру
1. Атқарушы билiк органдары балалар ауылдарында және Жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың құқықтарын сақтау мен қорғау жөнiндегi нысаналы бағдарламаларды әзiрлеу мен орындауды бюджет қаражаты шегiнде жүзеге асырады.
2. Тәрбиеленушiлер мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын балалар ауылдарында (балалар үйлерiнде) болған кездерiнде оларға толық мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
3. Мемлекеттiк мекемелер жанындағы Жасөспiрiмдер үйлерiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдарға, олар күндiзгi оқу нысанында кәсiби бiлiм алғанға дейiн, толық немесе iшiнара мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
Қазақстан Республикасының