Мемлекеттік материалдық резерв туралы Қазақстан Республикасының
Заңы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 106-II Заңы
Осы редакция 10.07.03 ж. N 483-II ҚР Заңымен енгізілетін өзгерістеріне дейін қолданады
Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласында мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы құқықтық және экономикалық қатынастарды реттейдi және оларды басқарудың негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару - материалдық құндылықтарды жаңарту, ауыстыру, қарызға беру, броньнан шығару тәртiбiмен мемлекеттiк резервтен алынуы;
2) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттік резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз етуге, iзгiлiк көмегiн көрсетуге және рынокқа реттеушiлiк ықпал жасауға арналған, Yкiмет шешiмдерiмен айқындалған материалдық құндылықтардың жалпымемлекеттiк ерекше қоры;
3) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру - мөлшерi мен сапасы бiрдей, тақiлеттес материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттiк резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;
4) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке салу - мемлекеттiк резервте сақтау үшiн материалдық құндылықтарды қабылдап алу;
5) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын ауыстыру - мемлекеттiк резервке салуға жататын материалдық құндылықтар стандарттары талаптарының және (немесе) номенклатурасының өзгеруiне байланысты солар тақiлеттес немесе бiр үлгiдегi басқа, мөлшерi бiрдей материалдық құндылықтарды оған бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп сала отырып мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
6) материалдық құндылықтар - номенклатурасын (тiзбесiн) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн қажет өнiм;
7) жұмылдыру резервi - Қарулы Күштердің, басқа әскерлердiң және әскери құралымдардың қажеттерiн неғұрлым толық және тұрақты қамтамасыз етуге мемлекет экономикасын алдын ала дайындауға, жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында, табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайларда шаруашылық кешенiнiң және халықтың кезек күттiрмейтiн мұқтаждарына арналған материалдық құндылықтар қоры;
8) азайтылмайтын қор - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары қорының тұрақты сақталатын көлемi;
9) операция жасау - материалдық құндылықтарды шығару және оларды мемлекеттiк резервке жеткiзiп беру;
10) мемлекеттiк резервтi жаңарту - материалдық құндылықтарды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн мөлшерi бiрдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп сала отырып, мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
11) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке жеткiзiп беру - материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне жөнелту (жеткiзу);
12) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi - сақтау шарттарында айтылған ережелерге орай, мемлекеттiк резервке қойылған материалдық құндылықтарды сақтауды жүзеге асыратын, заңдарда белгiленген талаптарға сай келетiн заңды тұлғалар;
13) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын броньнан шығару - материалдық құндылықтарды кейiннен қайтарып алмайтын етiп мемлекеттiк резервтен шығару;
14) тапсырысты орналастыру - республикалық бюджет қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған рәсiмдер негiзiнде немесе уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен тендерлiк негiзде материалдық құндылықтарды сатудан алынған қаражат есебiнен мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жеткiзу және шығару үшiн жеткiзушiлер мен тұтынушыларды таңдау;
15) уәкiлеттi орган - атқару және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттiк резерв жүйесiне басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган.
2-бап. Мемлекеттiк резерв туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резерв туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резерв туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мемлекеттiк резервтiң мақсаты
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резервi:
1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;
2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету;
3) iзгiлiк көмегiн көрсету;
4) рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау мақсаттарында құрылады және пайдаланылады.
4-бап. Мемлекеттiк резерв органдарының жүйесi
Мемлекеттiк резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкілеттi орган) және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мемлекеттiк резервтiң бiрыңғай жүйесiн құрады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк резервке жалпы басшылықты жүзеге асырады және оны дамытудың бiрыңғай саясатын айқындайды;
2) мемлекеттiк резервтi құрады;
3) мемлекеттiк резерв органдары жүйесiнiң құрылымын ұсынады;
4) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын броньнан шығару және қарызға беру тәртiбiмен шығару туралы шешiм қабылдайды;
5) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының номенклатурасын және сақтау көлемiн бекiтедi;
6) қажет болған жағдайда мемлекеттiк резервке белгiленген мөлшердiң үстiне материалдық құндылықтарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша салу туралы шешiм қабылдайды;
7) республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеуге қатысқан кезде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сатып алу және сақтау жөнiндегi шығыстарды қаржыландыруға қажет қаражатты айқындайды;
8) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиiстi ережелерiн бекiтедi;
9) ұйымдардың жұмылдыру тапсырмаларын орындауы туралы және осы тапсырмаларды материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету туралы шарттар жасасу тәртiбiн белгiлейдi;
10) орталық атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау үшiн ұйымдардың тiзбесiн бекiтедi;
11) жұмылдыру резервiн сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге шығындарды өтеудiң, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау және iзгiлiк көмек көрсету үшiн шығарылатын мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары үшiн залалдарды өтеудің тәртiбiн айқындайды;
12) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға арналған объектiлердi орналастыру және салу жөнiнде шешімдер қабылдайды.
6-бап. Орталық атқарушы органдардың мемлекеттiк резерв
саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резерв саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау үшiн ұйымдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олармен мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды жеткiзу және сақтау үшiн шарттар жасасуға жәрдемдеседi;
3) материалдық құндылықтарды жеткiзу мен салуға және оларды сақтауға ұйымдарға ұйымдастырушылық көмек көрсетедi;
4) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныстар енгiзедi.
7-бап. Уәкiлеттi орган
Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде:
1) мемлекеттiк резерв жүйесiн басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, алмастыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезiнде осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жасаудың тиiстi ережелерiн әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;
3) мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау нормалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi;
4) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сатып алу және сақтау жөнiндегi шығыстардың мөлшерi мен құрылымы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Үкiметке ұсыныстар енгiзедi;
5) мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды жеткiзуге тапсырыстарды орналастырады;
6) материалдық құндылықтарды (жаңарту және алмастыру тәртiбiмен) мемлекеттiк резервтен шығару және оған жеткiзу туралы шешiм қабылдайды;
7) төтенше резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнiң тiзбесiн жасайды;
8) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сан және сапа жағынан сақталуына бақылау жасайды; сақтау пункттерiнде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексеру (ревизия) жүргiзу туралы шешiм қабылдайды; тиiстi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын заңдарда белгiленген тәртiппен тексеру (ревизия) жүргiзуге тартады; мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртiбiнiң бұзылуына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тексерудiң (ревизияның) материалдарын құқық қорғау органдарына жiбередi;
9) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастырудың, сақтаудың, толықтырудың, жаңартудың және пайдаланудың шарттарда көзделген ережелерiн сақтау жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi сақтау пункттерiнiң дәлме-дәл орындауын бақылауды өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
10) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiрiп алуды заңдарға сәйкес жүзеге асырады;
11) заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентінiң және Үкiметiнiң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕЗЕРВ ЖҮЙЕСIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
8-бап. Мемлекеттiк резервтi қаржыландыру
1. Мемлекеттiк резерв жүйесiн ұстау және дамыту, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операциялар жүргiзу шығыстарын қаржыландыру:
1) республикалық бюджет қаражаты;
2) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынатын қаражат;
3) уәкiлеттi органға бағынышты ұйымдардың заңдармен тыйым салынбаған қызметiнен алынған табыстар есебiнен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауға және олармен операциялар жасауға, сондай-ақ мемлекеттiк резервтiң алдына қойылған мiндеттердi орындауға жыл сайын бөлiнетiн қаражат мөлшерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.
9-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының
құқықтық мәртебесi
1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қорлары, олардың орналасқан жерiне қарамастан, республикалық меншiк болып табылады.
2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi болып табылатын ұйымдарды шетел қатысатын ұйымдардың сенiмгерлiк басқаруына берген немесе оларды шетел қатысатын ұйымдар жекешелендiрген жағдайда материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құпиялылық режимi сақтала отырып, басқа ұйымдарға орналастырылады.
10-бап. Мемлекеттiк резервтiң азайтылмайтын қоры
Мемлекеттiк резервтiң құрамында материалдық құндылықтардың азайтылмайтын қоры (оларды сақтаудың тұрақты өзгертiлмейтiн көлемi) жасалады. Мемлекеттiк резервтiң азайтылмайтын қорында сақталуға тиiс материалдық құндылықтардың мөлшерiн, сондай-ақ оны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
11-бап. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды жеткiзiп
беруге тапсырыстарды орналастыру
1. Негiзiнен отандық өндiрiсте шығарылған материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке жеткiзiп беруге тапсырыстар оларды жеткiзiп берушiлер арасында:
1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен, мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарда белгiленген тәртiппен;
2) заңдарда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органның қойған шарттарына сәйкес тендер нысанында мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражат есебiнен орналастырылады.
2. Материалдық құндылықтарды сатудан алынған қаражат есебiнен мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды жеткiзiп беруге уәкілеттi орган немесе оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар тапсырыс берушi болады.
3. Мемлекеттiк резервке жеткiзiлiп берiлетiн материалдық құндылықтар бүкiл сақтау мерзiмiнде сертификаттау және стандарттау туралы заңдардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
12-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын
орналастыру
1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде орналастырылады және сақталады.
2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi сақтауға берiлген мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.
3. Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асырушы ұйымдардың тiзбесi, осы құндылықтардың номенклатурасы мен сақталу көлемi жұмылдыру жоспарында айқындалады.
4. Жұмылдыру тапсырмалары белгiленген ұйымдар мемлекеттiк резервтегi материалдық құндылықтарды орналастыруды, сақтауды, уақтылы жаңартуды, алмастыруды, сондай-ақ шығаруды жұмылдыру тапсырмаларына сәйкес қамтамасыз етуге мiндеттi.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕЗЕРВТI ПАЙДАЛАНУ
13-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды
шығарудың негiздерi мен тәртiбi
1. Мемлекеттiк резервтi пайдалану:
1) жұмылдыру мұқтаждары үшiн - Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиiстi жоспарлары негiзiнде;
2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету және рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару:
1) оларды жаңартуға және ауыстыруға байланысты;
2) уақытша қарызға беру тәртiбiмен;
3) броньнан шығару тәртiбiмен;
4) төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн;
5) рынокқа реттеушiлiк ықпал жасау үшiн;
6) iзгiлiк көмек көрсету үшiн жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен жаңарту және ауыстыру тәртiбiмен шығару уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Сақтауды жүзеге асырушы ұйымдардағы мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жаңартуды, сондай-ақ оларды ауыстыруды ұйымдар қосымша бюджет қаражатын жұмсамай жүргiзедi.
5. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен қарызға беру тәртiбiмен шығару кезiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi осылай шығарудың мiндеттi шарты болып табылады.
6. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары, егер материалдық құндылықтарды алушы:
1) мемлекеттiк бюджет алдында қарыздар болса;
2) мемлекеттiк резервтiң өзi бұдан бұрын алған материалдық құндылықтарын қайтармаған болса;
3) банкротқа ұшырау кезеңiнде тұрса, қарызға беру тәртiбiмен шығарылмайды.
7. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде уәкiлеттi орган алушымен тиiстi шарт (келiсiм-шарт) жасасады.
8. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту, алмастыру не броньнан шығару тәртiбiмен шығару уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тендерлiк нысанда жүргiзiледi.
9. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды иелiктен айыру олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған, не осы баптың 5-тармағына сәйкес екiнші деңгейдегi банктердiң кепiлдiгi берiлген жағдайда жүргiзiледi.
10. Мемлекеттiк резервтен шығарылатын материалдық құндылықтар үшiн есеп айырысу ақшалай немесе айырбасқа тауарлар жеткiзiп беру арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
11. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен заттай түрде өтелуге тиiс.
14-бап. Мемлекеттiк резервтiң қорларын рынокқа реттеушiлiк
ықпал жасау үшiн пайдалану
Ішкi рынокта сұраным мен ұсыным арасында дағдарысты құбылыстар мен қауiптi сәйкессiздiктер туындаған жағдайда мемлекеттік резервтiң ресурстары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде және заңдарға сәйкес рынокқа реттеушілiк ықпал жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
15-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын
тасымалдауды қамтамасыз ету
1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген реттерде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезекте жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде, онысы iшiнде зiлзалалардың, авариялардың, апаттар мен басқа да табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн мемлекеттiк резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды меншiк нысандарына қарамастан көлiк ұйымдары жүктi тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсiз қабылдайды.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕЗЕРВТIҢ САҚТАЛУЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
16-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының
мөлшерi мен қозғалысы туралы есеп беру
Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының мөлшерi мен қозғалысы туралы есеп беру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда мемлекеттiк резерв жүйесiнiң ұйымдарында және сақтау пункттерiнде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының қозғалысы бойынша есепке алу мен есеп беру мемлекеттiк резервтi сақтау жөнiндегi қызметтердi және ұйым жарғысында көзделген өзге қызметтi есепке алудан және олар бойынша есеп беруден бөлек жүргiзіледi.
17-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен
жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк
1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операциялар бойынша мүлiктiк жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.
2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жүргiзiлетiн операцияларға қатысушылар арасындағы шартта мүлiктiк жауапкершiлiктiң қосымша шаралары көзделуi мүмкiн.
18-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттiк резервтi қалыптастыру және пайдалану процесiне қатысушылар арасында туындайтын даулардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шешiледi.
19-бап. Мемлекеттiк резерв туралы заңды бұзғаны
үшiн жауапкершiлiк
Мемлекеттiк резерв туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Президенті