Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Балдәурен"
республикалық балаларды сауықтыру лагері" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 қараша N 1679
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi:
1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру;
2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткiзу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Астана" санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп белгiлесiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-156-жолмен толықтырылсын:
"470-156. "Балдәурен" республикалық
балаларды сауықтыру лагерi" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Щучинск қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" 1-бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмірі 157-7-жолмен толықтырылсын: "157-7. "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі