7. Күзет қызметiнiң субъектiлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде келтiрген зияны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық жауапты болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Күзет қызметiне бақылау жасау
Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР 22.02.02 ж. N 297-II Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн есепке алу
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасындағы күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, күзетшiлердi даярлау мен қайта даярлау жөнiндегi мемлекеттiк білім беру ұйымдарын, сондай-ақ лицензияларды керi қайтарып алу немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы деректердi бiрыңғай есепке алып отыруды жүзеге асырады.
22-бап. Күзет қызметiн қадағалау
Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның және күзет қызметi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілердiң қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
23-бап. Заңсыз күзет ұйымдарын құрғаны және белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсеткенi үшiн жауаптылық
Осы Заңда көзделмеген күзет ұйымдарын, күзет қызметi жөнiндегi оқу орындарын құру немесе олардың қызметi, сондай-ақ лицензия алмай немесе осы Заңда белгiленген тәртiптi бұза отырып күзет қызметтерiн көрсету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының