Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы
орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 қазандағы N 1523
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды несиелендiру жөнiндегi банк операцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Қаржы орталығы) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
1) Қаржы орталығының жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қаржы орталығын 2000 жылы қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2001 жылдан бастап Қаржы орталығын ұстауға арналған шығыстарды республикалық бюджеттiң тиiстi бағдарламасы бойынша көздесiн.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
2 "Мемлекеттiк мекемелер" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 167-4 жолмен толықтырылсын:
"167-4. Қаржы орталығы";
2) "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 530-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлiмiнде:
4 "Білім беру" функцияналдық тобында:
6 "Жоғары бiлiм" кіші функциясында:
"225 Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк әкiмшiсiнде:
9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасында:
мынадай мазмұндағы 38-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"38 Қаржы орталығы 2064";
97 "Банк-агентке несиелендiру процесiне қызмет көрсеткенi үшiн комиссиялық сыйақы (мүдде) төлеу" кiшi бағдарламасындағы "2200" деген сан "136" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлiмiнде:
4 "Бiлiм беру" функцияналдық тобында:
6 "Жоғары білiм" кiшi функциясында:
"225 Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк әкiмшiсiнде:
9 "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасында:
мынадай мазмұндағы 38-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"38 Қаржы орталығы Ұстау";
3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимитінде:
1 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қаржы орталығы 36".
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі