Жергілікті қаржы органдары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 6 шілдедегі N 934 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін одан әрі реттей және Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 1999 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мерзімде жергілікті атқарушы органдардың құрылымында жергілікті бюджеттерді қалыптастыруды және атқаруды жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті қаржы органдарын құру ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кейін жергілікті атқарушы органдарға тұрақты жұмысқа ауысатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аумақтық қаржы органдарының қызметкерлерін 1999 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің қарамағына іссапарға жіберсін.
2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарының мүлкін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.
2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қаржы органдары таратылсын.
2-3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарын таратуды жүзеге асырсын.
Қаулы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.02.00 ж. N 186 қаулысымен.
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы.,1999 ж., N 8, 59-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеме болып қайта ұйымдастырылуға жататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-16-жолдар алынып тасталсын.
4. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін 3-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі